Қуыршақтын бөлмесі

КММ «Борас орта мектеп бақша»  
Тәрбиеші: Тайгожина Данара Женисовна.

Білім беру саласы: қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:  Қуыршақтын бөлмесі  
Мақсаты: а) балаларды жиһаздарын атауын дұрыс атай білуге жаттықтыру, сөйлеу барысында зат есімдері мен сын есімдердің сандық және септеулік түрленуін қолдана білуге баулу.
ә) баланың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.
б) ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: бөлме
колданылатын көрнекті кұралдар: дорба, қуыршақ, машина, доп секілді ойыншықтары бар, тіл дамыту дәптері.
Алдын-ала орындалатын жұмыс:
Әдіс-тәсілі.
Сөздік жұмыс:
Мотивациялық  қозғаушылық: Амандасу. Іші ойыншыққа толы дорбаныбалаларға көрсетіп:
- Балалар, мына ғажайып дорбаға назар ауадарайық. Ішінде не бар екен?
Ұйымдастырушылық ізденістік:
Ойын: «Ғажайып дорба» 
Мақсаты: балалардың сипап сезу қабілетін дамыту. Заттың атын атату.
Шарты: балалар кезекпен дорбаға қолдарын салып, ұстап, сипап көру арқылы зщаттың атын атайды.
Мысалы: Мұнда кішкентай ойыншық машина бар. Машинаны көбіне ер балалар ойнайды. Машинаның дөңгелектері болады. Машинанаың түрлері көп. Олар жүк машинасы немесе жеңіл машина сияқты түрлері бар. 
Жұмбақ шешу.

Ағайынды төрт батыр, 
Көтергені бір шатыр. Ол не?
-Балалар, ағайынды төрт батыр дегені төртеуі де бірдей ағайындылар секілді, үстелдің үстіңгі бөлігін тіреп тұрады екен. Оның үстінгі бетін шатырға теңеп тұр.
Сергіту жаттығуы.

Жуын, жуын жуынсақ,
Қандай жақсы қуыршақ!
Әтпегенде, бөпешім, 
Кірлеп кеткет екенсін.
Қазір аппақ боласың, 
Қуанады анашын.

Дидактикалық ойын: «Біз де»
Мақсаты: Баланың ой-өрісін кеңейту, ойлауі кабілетін дамыту. Ойын шарты: ойын жүргізуші ортаға шығып өзінің ойын айтады. Ойынға қатысушьшар «біз де» деп қосылып айтады егер келіспесе, «жоқ» деген ж ауап қайтарады. Мысалы:

- Мен балабақшаға барамын.
- Көшеде ата-анамды тыңдамаймын
- Педагог апайды тыңдаймын.

Топтағы ойыншыктарды сындырамын.
Рефлексиялық түзетушілік: Үй жиһаздарының не үшін керек екендігін толығымен айтып жеткізуге ұсыныс білдіру.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ойыншықтар туралы көбірек тақпақтар білу; 
Игереді: үй жиһаздарының не  үшін қажет екендігін;
Меңгереді: жиһаздарды ұқыпты пайдалану керек екендігін біледі.

Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика