«Ж» және «Щ» дыбыстары

КМҚК “Жасұлан” ясли балабақшасының 
тәрбиешісі Тобелбасова Култай Коксегеновна.
ШҚО Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылы


Білім беру саласы:    қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:  «ж» және «ш» дыбыстары
Мақсаты:

а) «ж» және «ш» дыбыстарының  дұрыс жазылуын көрсету, осы дыбыстар кездесетін сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыра білуге үйрету.

ә) сөздегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың толық таза айтылуын бекіту. Дыбыстық қабылдауды дамыту.

б) балаларды бірлікке тәрбиелеу.
колданылатын көрнекті кұралдар: үнтаспадағы күннің күркіреп жаңбырдың жауып тұрған дыбысы, тіл дамыту дәптер.
Алдын-ала орындалатын жұмыс:
Әдіс-тәсілі.
Сөздік жұмыс:
Мотивациялық  қозғаушылық: 
Жұмбақ шешу.

Күн ұзарады, қар еріп,
Су сайларға толады, 
Балаларым айтыңдаршы, 
Бұл қай кезде болады?

Балалардан қазір жылдың қай мезгілі және ай аттарын сұрау.
Ұйымдастырушылық ізденістік:
Үнтаспадан күннің күркіреп, жаңбырдың жауып тұрған дыбысы қойылады.
- Балалар бұл ненің дыбысы?
- Жаңбырдаң басқа тағы да ненің дыбысы естілді?
- Иә, балалар, көктем мезгілінде  күн күркіреп, найзағай ойнап жаңбыр жиі-жиі жауады екен.
- Қане, бәріміз бірге «Күн күркірейді» деп қайталайықшы. 
-Енді күн күркірегінде міндетті түрде не жауады?
- Ендеше біәріміз әдемі саусақтарымызбен бірге жаңбырдың дыбысын салайық.
- Балалар, сендер білесіндер ме, жаңбыр жаумас бұрын далада қаңдай табиғат құбылысы болады?
-Қане, ойланайықшы, ол «гу-гу» деген дыбыс шығарып, гуілдейді?
-Қане, балалар гуілдеп енді жел болайықшы. 
- Балалар, біз жел, жаңбыр болдық. Енді осы «жел», «жаңбыр» сөздері қандай дыбыстан басталып тұр? –Көктем мезгілінде жәндіктер де шыға бастайды.
«Ж» дыбысы бар буындар мен сөздерді қайталату.

Жа – жа – жа – жалау, жаз.
Жо – жо – жо – жол, жоқ.
Жу – жу – жу – жылан, жылы.
Жи – жи – жи – жидек. 
Же – же – же – жер.

Енді «ж» дыбысын ауада жазып көрейік.
Сергіту жаттығуы.

Жау-жау, жаңбыр, жау жаңбыр!
Жауған жаңбыр – жауған нұр.
Жердің шаңы басылсын, 
Гүлдің аузы ашылсын.
Өлең оқу, жұмбақ шешу.

Рефлексиялық түзетушілік: Оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: көктем мезгілінде табиғат құбылыстарын және олардың атаулары;  
Игереді: «Ж», «ш» дыбыстарын дұрыс айтуды;    
Меңгереді: сұраққа толық жауап беруді біледі.

Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика