Ас атасы – нан

КМҚК №2«Бүлдіршін» балабақша-бөбекжайы 
Өскемен қалалық әкімдігі.
Тәрбиеші: Кылкабаева Кенжегул Автеновна.


Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу қызметінің  технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған орта
Тақырыбы: Ас атасы –нан.
Сабақтың мақсаты: Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалынатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру. Диханшылардың еңбегімен таныстыру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың  ақыл-ой белсенділігін арттыру. Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту, жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.
Білімділігі: Дәндерді қолдарымен ұстатып, топыраққа егу арқылы еңбекті өздеріне орындатып қолмашықтарын жетілдіру. Еңбектерің жемісін көрсету.
Тілдің үштұғырлығы: нан-хлеб-bread
Көрнекі құралдар: Астық суреттері, нан, бауырсақ 
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, мақал-мәтел, тақпақтар, тиым сөздер айту, ойын. Көрнекіліктер: Нан, бауырсақ, бидай дәні, ұн, қамыр, сюжетті
суреттер. 
Сөздік жұмыс: нан-хлеб, бидай- пшеница.
Мотивациялық қозғаушылық: 
Шаттық шеңбері:

Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнекей , бәріміз,
Бас иейік үлкенге.

Балалар бір-біріне амандасып жылы лебіздерін білдіреді
Ұйымдастыру –іздестіру: Сәлеметсіз бе, балалар?
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? 
Көктем мезгілі.
Көктем мезгілінде қандай киімдер киеміз?
- жеңіл киімдер киеміз. 
Дұрыс балалар. 
Көктем мезгілінің неше айы бар? 
Наурыз, сәуір, мамыр
Көктем мезгілінің ерекшеліктері?
Қар ериді, күн жылынады, ағаштар бүршік жарады т.б.
Дидактикалық ойын: «Не қайда өседі?»
Шарты: Балалар көкөністерді қара топыраққа, ал жемістерді ағашқа орналастырады.

Балалар біз бәріміз нанды білеміз. Нансыз өмір жоқ. Дастарханда барлық тағам түрлері болғанмен нанның орыны бөлек. Нансыз дастарханның сәні болмайды. Алдарыңда үстелдің үстінде нанның түрлері бар. Ақ нан, қара нан, бауырсақ, бөлке нан және шелпек. Ендеше осы нан туралы кім тақпақ айтады? Балалар нан туралы өздері білетін тақпақтарын айтады.

Көктемде, көктемде
Күн нұрын төккенде
Қар еріп ақты су
Жоғары тартты бу
Көктем қандай көңілді
Күміс жаңбыр төгілді
Мөлдір аспан ашылып
Күн пердесі сөгілді

Нан дастарханға қалай келеді? Тақтадағы суреттерге қарайық. Мұнда көп адамдар еңбек етеді. Алдымен көктемде жерді жыртып аламыз. Жерге бидай егіледі, жаз бойы оны баптап күтеді, күзде егінді орады, орылған бидай қоймаға барады, қоймадан диірменге барады, диірменде тартып ұн жасайды, ұннан нан пісіреді. Ол дүкенге барады. Міне нан үйге осылай келеді.

Ерте тұрып таңнан
Пісірді апам ақ нан. 
Кетер емес әлі, 
Таңдайымнан дәмі. 
«Бауырсақ» Кернейді хош иісің
Тамсандырып үй ішін. 
Жесем тоймай қаламын
Әжемді еске аламын.
Бидай туралы тақпақ айтады. 
Нан атасы бидаймын

Елге астық жинаймын Дәнім төмен түскенде  Қауызыма сыймаймын.
Сергіту сәті:

Жайқалады ақ бидай,
Басын иіп аққудай.
Трактормен комбайн,
Жүргізуге мен дайын.

Балалар қәне бәріміз көрші әжейдің үйіне қонаққа барайық.(Әженің үйіне барады)  - Сәлеметсіз бе, әже! 
Әже: -Амансыңдар ма, балалар! 
Тәрбиеші: Әже сізге «Балдырған» тобының балалары қонаққа келді. 
Әже: -Төрлетіңдер балалар. Балалар сендер нанды жақсы көресіңдер ме? Осы нанды неден жасайды?
Балалар:- Ұннан жасайды 
Әже: Ұнды бидайдан жасайды. Бидайды диірменге тартып ұнтақтаса ұн шығады. Ұнға тұз, су, ашытқы араластырып қамыр илеп нан пісіреді. Міне біздің қамырымыз дайын болды. Енді осы қамырдан сендерге бауырсақ пісіріп берейін. Әже бауырсақ пісіреді. Балалар осы нан туралы қандай ертегі білесіңдер?
- «Бауырсақ» ертегісін білеміз.(Ертегіні әңгімелеп береді) 
Әже: Балалар, міне менің бауырсағым да дайын болды. Бауырсақтың түсі қандай? 
- Бауырсақтың түсі сары.
- Ал пішіні қандай?
Пішіні дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш.
Тәрбиеші: Балалар нан қандай еңбекпен дастарханға келеді? 
Нан туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Ерте тұрып таңнан
Пісірді апам ақ нан
Кетер емес әлі
Таңдайымнан дәмі

Балалар: Үлкен еңбекпен келеді. Оны күтіп-баптау керек, суару керек, өсіру керек. 
Үлкендердің еңбегін не істеу керек? 
Бағалай білу керек

Ас атасы-нан. 
Нан атасы дән. 
Нан бар жерде, ән бар. 
Нан бар жерде- тірлік бар. 
Нан туралы мынадай тиым сөздер бар. 
Нанды лақтыруға болмайды. 
Нанды бір қолмен үзбе. 
Нанды аяқпен басуға болмайды.

Үлкендердің еңбегін не істеу керек? 
-  Нан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Міне біз енді нанды қастерлей білеміз. Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізді нан туралы тақпақпен аяқтайық. 
Нан қиқымын шашпаңдар, 
Жерде жатса баспаңдар. 
Теріп алып қастерлеп, 
Торғайларға тастаңдар. Мадақтау
Күтілетін нәтиже
Білу: Нанның қадыр қасиеттін түсіну. 
Түсінуге тиіс:  Ас адамның арқауы.
Істей білу керек: Нан туралы тақпақтарды және мақал мәтел, тыйым сөздерді.

Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика