«Бәйшешек»

Жарма ауданы, Қалбатау ауылы
КМҚК «Айгөлек» балабақшасы
Тәрбиеші: Кумашева Ш.К

Ұйымдастырылған ашық оқу іс – әрекеттерінің  технологиялық картасы
Тобы: «Балауса» екінші кіші сәби тобы 
Білім беру саласы:«Коммуникация» 
Бөлімі: Көркем әдебиет. 
Тақырыбы: «Бәйшешек»
Мақсаты: Балаларға көктемгі табиғат ерекшеліктері туралы түсінік беру. Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек туралы түсініктерін кеңейту.Мнемокесте арқылы тақпақты жедел түрде үйрету,
Қостілдік компонент: көктем – весна,бәйшешек–подснежник, гүл -цветы
Көрнекіліктер: слайд, көктем суреттері ,буклеттер, мнемокесте,алғашқы гүлдер суреттері  және қолдан жасалынған гүлдер
Мотивациялық –қозғаушылық 
І-кезең
Балалар музыка көктем әуенімен  актзалына кіреді. Орнындарына отырады.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біздің ұйымдастырылған оқу қызметіне қонақтар келіп отыр. Қарсы алып, амандасайық. Сабақ бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлап, шаттық шеңбер құрайық.
Шаттық шеңбері:

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға гүл шашылды,
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!

ІІ- кезең
Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

Қар, мұз, еріп,
Су көбейіп,
Сай - салаға ағады.
Бүршік шашып 
Жапырақ ашып,
Гүл, бәйшешек басады.
Бөбектерім, айтыңдаршы!
Бұл қай кезде болады?
Қай жыл мезгілі туралы айтылып тұр?
Қазір жылдың қай мезгілі?      
-Балалар: көктем мезгілі!

Көктем мезгіліндегі қандай ерекшеліктерді көріп жүрсіңдер?
Тәрбиеші: Көктемде қандай табиғат өзгерістері болады?( Интерактивті тақтадан көктем көрісін тамашалап, табиғат құбылыстарын атау)  
Балалар: Күн жылынады,қар ериді, ағаштар бүршік жарады, құстар ұшып келеді, шөп шығады, гүлдер гүлдейді. 
Жақсы! Ендеше көктем туралы тақпақтар айтайықшы,балалар! 
Алихан, Милана және Айсұлтан шығады
-Жақсы балалар, жарайсыңдар!
Тәрбиеші:Қазір мен тағы бір жұмбақ жасырамын, сендер сол шешімін тапқан соң, бүгінгі сабақ тақырыбымыз ашылады.  
Жұмбақ:

Аналарға сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын
Бұл немене, балалар,
Үзуге адам қимайтын. /гүл/     
-Дұрыс, балалар, керемет!

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде біз гүлдер туралы айтамыз, яғни көктемгі алғаш гүлдері туралы. Слайдқа назар аударсаныздар, көктем гүлдері көрсетіліп тұр, атап өтейік.
Балалар: бақбақ, қызғалдақ, бәйшешек.
-Жақсы, дұрыс айтасыңдар! Ендеше біз бүгін бәйшешек туралы айтамыз.
-Тақырыбымыз «Бәйшешек»
ТОСЫН СӘТ: Бір құстың дауысы естіледі.
– Бұл қай құстың дыбысы?
Балалар: -Көгершін!
Тәрбиеші: Дұрыс, біздің оқу қызметіне, балалар, көгершін ұшып келіпті, бірақ біз оған көңіл бөлмей  отырмыз. Маған болысып жіберіңдерші, қай жерден дыбыс шығады, Інкәр маған болысшы.
Тоғайдың үстінде көгершін табылады, ауызына гүл қыстырып тұр екен.
Тәрбиеші:  Балалар, қараңдаршы, бізге көгершін қонаққа ұшып, өзімен бірге тұмсығына гүл қыстырып алды. - Інкәр, қандай гүл қыстырып алды көгершін?Бағанадан бері осы гүл туралы айтып жатырмыз ба?
-Иә,бәйшешек!
-Дұрыс айтасын, жарайсын! Сен ендеше бізге бәйшешек туралы тақпақ айтып бересің бе?
Өлең оқу

Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.

Яғни, бүгін біздің тақырыбымыз: «Бәйшешек» .
Бәйшешек күн жылынып, шуақты көктемнің келе жатқанын алғаш хабарлайтын күй талғамайтын гүл. Көктемнің басында, қыстың қары толығымен еріп бітпеген кезде тауда және тау бөктерінде, ормандағы қардың астында, толығымен ерімен ала қардың астынан ақ, көгілдір немесе күлгін ғажайып, бәйшешек гүлі шығады. 
Құрметті қонақтар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне балалар үйде ата аналармен үй тапсырмасын орындап келді. Көктем, алғашқы көктем гүлдер тақырыбын ашып отыр. Бір неше бала өз жұмыстарымен таныстырып, суреттері қалай жасалғаны туралын айтып береді.
Қонақтарға суреттерді, буклеттерді көрсетіп, балаларды мадақтау. Ата аналарына белсене қатысқандары үшін алғысымды білдіріп, барлықтарына алғыс хат табыстаймын.
Сергіту сәті:
Интерактивті тақтада әнмен қимыл-қозғалыстар көрсетіледі. Сол қимылдарды балалар қайталап, сергіп қалады.
Енді, балалар, қазір тақтада «Бәйшешек» туралы өлең шұмақтарын сурет арқылы жаттап көрейік. 
Тәрбиеші тақпақты мәнерлеп оқып шығады. Содан кейін тағы да, тақпақты мнемокестеге сүйене отырып оқып береді. Тақпақтың мазмұны бойынша балаларға сұрақтар қойып, негізгі мазмұнын ашыға көмектеседі. Балалардан түсініксіз сөздерді сұрап, оған жетімді түрде мазмұнын түсіндіреді. Тәрбиеші тақпақтың әр жолын жеке оқып шығады. Балалар мнемокестеге сүйене отырып тақпақты қайталайды. 
Дидактикалық ойын: «Әдемі гүлдер» ойыны. Балаларға араның дыбысы қосылады. Қонаққа ара ұшып келеді. Олар қуана қарсы алады. Қолында түрлі түсті гүлдер алып келеді. Ұшып жүріп, балаларға сұрақ қойып жүріп, барлық гүлдерді шашып алады. Балалардан көмек сұрайды. Менде үш түсті ыдысым бар, сол түстерді атап соған байланысты гүлдерді  жинауды сұрайды (қызыл, сары, көк түстер)
Тәрбиеші: Енді, бүгінгі «Бәйшешек» тақырыпты қорыта келе, сендерге мультфильм көрсетейін деп отырмын. Алғашқы көктем күндері бәйшешек қалай өсіп шығатынын көресіңдер. Баланың алғаш гүлімен не істеді? Кімге сыйлаймыз біз гүлдерді?
Рефлексивті - реттеушілік 
ІІІ- кезең
Сұрақ –жауап:
Балалар бүгін сабақта қай жыл мезгілі туралы айттық?
Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктерін білдіңдер?
Қандай алғашқы көктем гүлдермен таныстық?
Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін
Түсінеді: Алғашқы көктем гүлдердің қай кезде және қалай шығатынын.
Балаларды мадақтап, әр қайсысына қолдан жасалынған бәйшешек беріледі. Сиқырлы бәйшешек, өткені ішінде кәмпиті бар екен. Балалар риза болып, жақсы көңіл күймен қонақтармен қоштасады.

Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика