«Біздің балабақша»
Өскемен қаласы әкімдігінің «№13
«Дария» балабақша-бөбекжайы» КМҚК
Тәрбиеші: Даулетова А.С.
Ашық сабақ
І кіші топ - «БАЛАПАН» тобы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту, Сенсорика
Тақырыбы: «Біздің балабақша»
Мақсаты:
Балалардың тілдерін дамыта отыра дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға үйрету, асықтардың көмегімен негізгі түстерді айыра білуге үйрету, қол моторикасын дамыту, геометриялық пішіндерді атай білуге, сөздік қорларын дамыту.
Міндеті: Сөйлеу қарқынын өзгерте білу ептілігін игеруге дағдыландыру.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:
Білгіш баланың суреті. Мольберт. үлкен балабақшаның суреті (сыртқы, ішкі бейнесі)
Мотивациялық –қозғаушы
Шаттық шеңбер
Амансың ба көк аспан!
Амансың ба, Жер Ана!
Амансың ба, балабақшам!
Амансыздар ма , апайлар!
Амансыңдар ма, достарым!
Күліп шықты күн бүгін!
Топтың есігін қағып Білгіш бала кіреді: балалармен амандасады, сиқырлы сандығын ала кіреді.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе! Cіз кімсіз?
Мен Білгішпін.
Тәрбиеші: Сіз қайдан жүрсіз?
Білгіш: Мен сендерге алыс жақтан «Біліңдер, үйреніңдер» елінен келдім. Біздің патшамыз бізге тапсырма берді, кімде кім басқа елдерден жақсы, қызықты жаңалық пен білім тауып әкелсе, соған үлкен білім кітабын сыйлаймын деген. Сол себеппен мен сеңдердің қалаларыңа келдім. Сеңдердің балабақшаларың туралы жаңалық жинап патшама айта барайын деп сендерге қонаққа келдім.
Балалар Білгішпен амандасады, әңгімесін тыңдайды.
Тәрбиеші: қалай балалар көмектесеміз бе?
Балалар: Иә көмектесеміз.
Тәрбиеші: Білгіш біздің балабақша туралы не білгің келеді?
Білгіш: бәрін білгім келеді.
Тәрбиеші: Онда сіз асықпаңыз, сіз отырып демалып алыңызі біз бәріміз бірге сізге тіл үйрету жаттығуымызды жасап берейік, сіз бізбен бірге жасап отырыңыз.
Тіл үйрету жаттығулары:
Зе-зе-зе, зе-зе-зе,
Бұл шыны терезе.
За-за-за,за-за-за,
Балабақша іші тап-таза.
Зу-зу-зу, зу-зу-зу
Күрекпен жер қазу.
Сұрақ-жауап
Мольбертте үлкен балабақшаның суреті (сыртқы, ішкі бейнесі) ілініп тұрады.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы мынау не?
Билингвальды компонент: Балабақша-детский сад.
Тәрбиеші: балабақша қандай?
Тәрбиеші: Мынау не? (әйнек, есік, топ бөлмелерін көрсетіп сұрайды)
Тәрбиеші: Білгіш балалардан сұрап көрейік.
Тәрбиеші жатын бөлмесін, жуынатын бөлменің суреттерін көрсетіп балалардан сұрайды.
Тәрбиеші: Балалар, осы сендер тазалық құралдарына нелер жататындарын білесіңдер ме?
Балалар: Иә деп жауап береді.
Ойын «Тазалық құралдары». Ойынның шарты: ақ плакатқа тек қана тазалық құралдары бейнеленген суреттерді жабыстыру керек.
Балалар біз білгішке дайындаған тақпағымыз бар еді ғой, сол тақпағымызды айтып берсек. алалар тақпақтарын айтады.
Мамаңа еріп келдің сен,
Папаңа еріп келдің сен.
Қаладағы ең жақсы үй,
Балабаша мен білсем.
Балабақша үйіміз
Сені жақсы көреміз
Үлкені болып өскенде
Еске алып жүреміз.
Бала бақша есігін
2 ге тола ашқанбыз
Балапандай мәпелеп,
Өсіреді біздерді.
Балабақша базарлы үй
Қаладағы ажарлы үй
Күлкісі бар шуақты
Өз үйіміз сияқты.
Сергіту сәті:
Бала-бала, балақан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнап.
Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса, жарқын күн,
Жаса-жаса, алтын күн.
Тәрбиеші: Балалар мен ұмытып барады екем, жаңа бізге Білгіш бір сыйқырлы сандығын ала келіп еді. Сол сандыққа қарайықшы ішінде не бар екен. Балалардың назарын үстел басында тұрған сиқырлы саңдыққа аударады. Балалар ішінде әр түске боялған сыйқырлы асықтар мен пішіндер бар екен. Бұл асықтар мен пішіндерді Білгіш неге алып келді екен біздің топқа. Білгіштен сұрайықшы.
Білгіш: Мен мына түрлі-түсті асықтарды сендерге беріп сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұр, сендер сол асықтарды өз қорапшаларыңа салып, жийнап және қасында пішіндерді де құрап көрсетсеңдер.
Д\О «Асықтарды түрлі-түсті қорапшаларға орналастыру»
Шарты: Әр түске боялған асықтарды түстеріне қарай ажырата білу, түсіне сай қорапшаларға жинату. Музыка ойнатылады.
Тәрбиеші: Білгіш, сенің көңіл-күйің неге түсіп кеткен?
Білгіш: Балалар маған сендердің тағы бір көмектерің қажет болып тұр.
Тәрбиеші: Қандай көмегіміз қажет? Айтыңыз біз балалармен бірге сізге көмек беруге дайынбыз, солайма балалар?
Білгіш: Балалар, мен сендердің балабақшаларыңды суреттен көрдім суретте өте әдемі екен. Енді осы балабақшаларыңның бейнесін құрастырып жасап көрсетсеңдер қалай болады?
Д\О «Менің балабақшам». Балалар жасалған макеттен өздерінің балабақшаларын пішіндер бойынша құрап көрсетеді. «Балабақша терезелерін саламыз». Балаларға геометриялық пішінді балабақшаның бейнесін беріп, сол балабақшаның терезелерін өз - өз пішіндерін дұрыс орын – орына қоямыз. (Музыкамен) Жарайсыңдар балалар!
Білгіш: Балалар мен бәрін түсіндім, балабақша не екенің білдім, мен енді патшама сендерді мақтап барам сендер маған бәрін түсіндіріп бердіңдер. Балалар мен сендерге өте ризамын менің патшам сендерге арнап бір тосын сый беріп жіберіп еді. Сол тосын сыйды енді сендерге табыстайын. Балалар сендерге көп рахмет, менің кетуім керек басқа да топтарға барып олардың білімдерін байқап қайтайын, сау болыңдар!
Білгішпен қоштасады.
Рефлексивті-түзетуші
Тәрбиеші: Балалар, кім бүгін келді бізге?
Қайдан келді?
Білгішке біздің көмегіміз тиді ме?
Қалай көмектестік?
Не туралы?
Біздің балабақшамыз қандай?
Онда кімдер болады?
Білгішке патшасы не үшін сыйлық береді?
Тосын сәт:
-Тәрбиеші: - Балалар мен сендерге бүгін қызықты ертегі айтып берейін деп кітап сөресінен қарап жатқанда қызықты мына бір қоржынды тауып алдым.
-«Күлкі қоржын» түртіп қалғанда әсем күлкі шығып, балалар бірге күліп мәз болады.
Қоштасу шеңбері:
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!
Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.