Өскемен қаласы №14 НОМ КММ
Мектепалды даярлық сыныбы
Өткізген тәрбиеші: Алимова Салтанат Айдарбековна
Білім беру ортасы -Таным
Ұйымдастыру оқу қызметі- Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы «Мен мектепке барамын, қосамын, азайтамын»
Мақсаты 1. Бүлдіршіндерге «+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «-» таңбасын заттар тобын алу (азайту) таңбасы ретінде түсіндіру және оларды пайдалануға үйрету.
2. Сандардың оң жақ, сол жақ көршілерін табу және кері санау, 20-ға дейін ауызша санауға геометрия пішіндерін ажыратуға ойындар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Санамақтармен тақпақтар, ойындар арқылы байланыстырып сөйлеуге, сөз қорларын байыта, тілдерін дамытып, логика есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, Слайд-ертегі кейіпкерлердің суреттері, ойыншықтар, асықтар, кеспе сандар,түрлі-түсті қарындаштар
Қүтілетін нәтижелер
|
Барлық тәрбиеленушілер: «+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «-» таңбасын заттар тобын алу (азайту) таңбасы ретінде түсінеді. Көптеген тәрбиеленушілер: «+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «-» таңбасын заттар тобын алу (азайту) таңбасы ретінде түсіндіру және оларды пайдаланады Кейбір тәрбиеленушілер: Қосымша сурет немесе жағдай бойынша қосу мен алуды белгілейді
|
Тілдік мақсат
|
Дағдыларын дамыту Сурет немесе жағдай бойынша қосу мен алуды белгілеу үшін «+» және «-» таңбалары бар жазбаларды құрастырады, түсіндіре алады. Үш тілде санайды Пәндік лексика және терминология -Қосу -алу (азайту) Пікір алмасуға арналған сұрақтар -заттарды қосқанда не болатынын айт -топтағы заттарды қандай белгісі бойынша алып тастағанын түсіндіре аласын ба? -суретте бұл жағдайда заттарды не болғанын айтуға саған қандай сөздер көмектеседі – (қостым алып тастадым азайттым) Жазу «+» «-» таңбасын жаз қорша және т.с.с.
|
Алдыңғы білім
|
Заттарды санауды артық, кем, аз, көптігін, біледі.
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
ресурстар
|
Мотивациалық-қозғаушылық
|
Ынталандыру. Шаттық шеңбері Мен мектепке барамын, Достарыммен әлбетте Санауды мен білемін, 1-2-3-4-5. әрі қарай жалғастыр-6-7-8-9-10. Саусақтарды санап бір Ағылшынша айтып көр-1-10 Башпайларды қалдырма орысша сен санап ал 1-10. Бәрекелді тамаша Өзектендіру. -бүгін біз көптеген нәрсе үйренеміз –Біз әдепті, тәрбиелі, сауатты болуға қайда үйренеміз? -мектепте үйренеміз. -мектеп сендерге ұнай ма?- ұнайды, -Несімен ұнайды?- Біз мектепте сурет саламыз, ән айтамыз, би билейміз, тақпақ, санамақ үйренеміз, ойын ойнап, серуендейміз. Бізге бота қонаққа келді, бірақ орнымызға бару үшін ол геометриялық пішіндерді атауларын сұрап тұр Атына сай балалар,Үшбұрыш, үш жағы бар Ол пішінді кім табар? -Төртбұрышы бар, төрт қабырғасы бар. Бұл қандай пішін? Домалақ өзі бұл қандай пішін?
|
1-10 сандық кесте
Балалар пішіндерді атайды, атап болған сон 3 топқа бөлініп әр столдағы пішіндерге байланысты отырады
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
-Олай болса, балалар бүгін Ботақан бізді «Ертегі әлеміне» саяхатқа шақырады. Досы бауырсаққа көмек етейік. Бауырсақтың аман есен үйіне қайтуына ықпал етейік. Санамақ айту Топтық жұмыс - суретке қарап аз сан мен көп санды заттарды тауып кем, артық, тең екенін тауып жазу. Топтар жұмысын орындайды Міне бүлдіршіндер бірлесе жауаптарды таптық, ботақанға көмек еттік. Сергіту сәті -он қолымда бес саусақ сол қолымда бес саусақ Қоссам болады он саусақ. Он аяқта бес башпай, сол аяқта бес башпай, Қоссам болады он башпай. Ия біз саусақпен башпайларды қосып едік саны көбейдіме, азайды ма? Дұрыс математикада ерекше таңбалар бар екен олар бізге әр қашанда көмек етеді «+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «-» таңбасын заттар тобын алу (азайту) таңбасы ретінде түсіндіру асықтарды қолданып қосады алады. Топ мүшелеріне тапсырма Таңбаларды қойып шық
|
Слайд ертегі елі
Тұра, кері санау, көрші санды табу үш топқа
тапсырмалары
Суреттер
Жауаптары
Асықтар
әр балаға
кеспе сандар
|
рефлексия
|
Әліппе-дәптермен жұмыс «Аялдама» тапсырмасын орындау Бүгін нені үйрендік- балалар жауабы Ботақанда сендермен бірге көпті білді, кетерінде сендерге разы болып күлегештер таратайын деді Оғанда рахмет айтайық
|
әліппе-дәптер
күлегештер
|
Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.