Гүл сыйлайық анаға

Өскемен қаласы әкімдігінің №20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжайы КМҚК
кәсіпорнының тәрбиешісі
ХАМБАР ГАЛИЯ

Тақырыбы: «Гүл сыйлайық анаға»
Мерекелік ертеңгіліктің мақсаты: Көктем туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күй туғызу. Аналар мен әжелер мерекесіне орай тақпақтар әндер айту арқылы сөйлеу, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Алдын ала жұмыс: 8 – наурыз сценарийн құру, тақпақтарды, өлеңдерді алдын – ала жаттату, киімдерін даярлау, кейіпкерлермен жұмыс жасау, залды мерекеге сай безендіру.
Кейіпкерлер: Қызыл телпек, қасқыр, көктем аруы
Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Жүргізуші:
- Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар, көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз құтты болсын! Ботақан тобының «Гүл сыйлайық анаға» атты мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
- Балалар қараңдаршы, музыка залымыз қандай әдемі болып кеткен. Біз қандай мерекені тойлауға келдік?
Балалар:
- Аналар мерекесін тойлауға
Жүргізуші:
- Иә, дұрыс айтасыңдар балалар, мерекеде аналарыңа не сыйлайсыңдар?
Балалар:
- Гүл сыйлаймыз, жақсы сөздер айтамыз
Жүргізуші:
- Ендеше балалар аналарымызға әдемі бір ән тарту етейік
Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен»

Нұрын төкен маған,
Шуағымсың –сен.
Айналайын –мама,
Қуанышың мен
Шаттандырған мені,
Жұбанышым –сен.
Құттықтаймын сізді,
Туған күніңмен.
(ля-ля-ля-ля)
Аялаған мені,
Ән қанатың мен
Құттықтаймын сені,
Салтанатың мен.
Бақытты ғой заман,
Қандай көңілді.
Мен тілеймін саған,
Ұзақ өмірді.
(Осы кезде музыка әуенімен Қызыл телпек кіреді)
Қызыл телпек:
- Сәлеметсіздер ме балалар! Мен қайда келдім.
Жүргізуші:
- Сәлеметсін бе! Балалар бұл кім, сендер таныдыңдар ма?
Балалар:
- Қызыл телпек
Жүргізуші:
- Дұрыс айтасыңдар балалар бұл сол ертегідегі Қызыл телпектің өзі ғой. Қызыл телпек сен бізге қалай келдің?
Қызыл телпек:
- Мен әжемнің жағдайын сұрап, мерекесімен құттықтап, гүл шоғын сыйлаймын деп орманда адасып кеттім. Маған көмектесіндерші?
Жүргізуші:
- Ендеше Қызыл телпекті ренжітпей оған көмектесейік. Солай ма, балалар?
Балалар:
- Иә, көмектесейік
Жүргізуші:
- Ендеше Қызыл телпек біздің балалардың аналарына арнап дайындаған тақпақтарын қабыл алайық.
Нартай
Бүгін наурыздың 8 – і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
Әділет
Бізді өсірген анашым
Еңбегіңіз зор екен
Құтты болсын Анашым
Құтты болсын мерекең
Еламан
Бала, бала, бала деп
Мені өсірген анашым.
Гүлге толсын құшағын
Бақытты бол анашым
Нұрәділ
Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі
Мейрімді ғой керемет

Қызыл телпек:
- Жарайсыңдар, балалар! Өте ақылды екенсіңдер, тағы қандай өнерлерін бар
Жүргізуші:
- Қызыл телпек біздің кішкентай матрешка қыздарымызбен бір би билеуге қалай қарайсын?
Қызыл телпек:
- Жарайды, мынандай әдемі матрешка қыздармен қалай би билемеске, қуана – қуана билеймін
Би: «Матрешки»
Қызыл телпек:
- Ой, балалар, сендер қандай өнерлісіңдер! Ана туралы тақпақ та, би де біледі екенсіңдер енді менің сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?
Балалар:
- Иә, ойнаймыз
Ойын: «Қыздарға гүл сыйлаймыз»
Шарты: Оң жақ және сол жақ қатардан 1 қыз 1 ұлдан, яғни жұп-жұппен шығады да, жәй әуенге қосылып, соған вальс билейді. Музыка тоқтап қалған кезде, жүгіріп ортадағы гүлді кім бірінші алса, сол бала өзінің жұбына сыйлайды. Ойын 3-4 рет қайталанады.
(Осы кезде музыка әуенімен Қасқыр кіреді)
Қасқыр:
- Мен Қызыл телпекті іздеп жүрмін, иісінен сезіп тұрмын, ол осында. Әлде келіп кетті ме екен. Мен оны ұстап алуым керек. Қайда? қайда?
Қызыл телпек:
- Құтқарындар мені! (Қасқыр ақырын басып Қызыл телпектің қасына жетіп келеді)
Қасқыр:
- А, міне, өзіне жеттім бе? Менің қарным ашып тұр, мен сені жеймін!
Жүргізуші:
- Сәлеметсің бе Қасеке! Сабыр етіңіз бізде үлкен мереке өтіп жатыр, отырып балалардың өнерін тамашалаңыз!
Қызыл телпек:
- Иә Қасеке, Олар аналарына арнап ән айтып, би билеп ойын ойнайды. Мен де әжемді құттықтауым керек, қане жүріңіз отырып, балалардың өнерін тамашалайық.
Қасқыр:
- Жарайды, егер балалардың өнері маған ұнаса, мен Қызыл телпек сені жемеймін!.
Тәрбиеші:
- Қасеке біздің ұлдарымыз кішкентай болсада өте өнерлі, олардың мерекеге арнаған биін қабыл алыңыздар
Би: «Шабандоздар»
Қасқыр:
- Ой керемет көңілім бір көтеріліп қалды ғой, тағы қандай өнерлерің бар?
Тәрбиеші:
- Қасеке біздің балалардың мерекеге арнаған тақпақтарын қабыл алыңыз
Амина
Жүре берсем қасымда
Әйбат анам ай анам
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам
Мұхамед:
Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы, ай әжем
Ботагөз
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір – бірден
Аналарға сыйлаймыз
Малика
Сырымды ұғатын
Өзінсің қуатым
Күнімсің шығатын
Айымсын туатын

Қасқыр:
- Ой, керемет, тамаша, жарайсындар балалар!
Жүргізуші:
- Қасеке енді біздің балаларымыздың аналарына ғана емес, асыл әжелеріне де арнаған әнің тамашалаңыздар
Ән: «Әжем менің айдай»
Ақ кимешек киген
Ақ бетімнен сүйген
Әжем менің қандай?
Әжем менің айдай .
Мені жақсы көрген
Ертегі айтып берген
Әжем менің қандай?
Әжем менің айдай.
Бақшаға бір барған,
Шықсам күтіп алған.
Әжем менің қандай?
Әжем менің айдай
Қасқыр:
Қызыл телпек, балалар расында өнерлі екен, осындай бір өнерлі балалармен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Қане тапшы кім айтты?»
Қасқыр:
- Ой балалар, сендердің өнерлерін маған ұнады, көп рахмет сендерге. Жүр қызыл телпек әженді бірге барып құттықтайық. Сау болындар, балалар!
(Осы кезде әдемі әуенмен Көктем аруы келеді)
Көктем аруы:
Дала гүлге бөленді,
Қуанышқа кенелді.
Орман тоғай бақтарда
Құстар сайрай жөнелді.
- Көктемнің алғашқы мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші:
- Сәлеметсіз бе көктем аруы қош келдіңіз. Біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем аруы:
- Иә мен де сендерді мерекелеріңмен құттықтауға өзімнің әсем гүлдерімді жинап келдім, қане менің кішкентай гүлдерім ортаға келіңдер.
Естайқызы Ділда (Қызғалдақ гүлі)
Қырқалардың төрінде,
Қаулап көзге ұрамын.
Құлпыра жайнап өңірде,
Қып – қызыл боп тұрамын
Дотен Мархаба (Раушан гүлі)
Әдемімін сұлумын
Менен қай гүл аса алған
Мен боламын раушан гүл
Гүл патшасы атанған
Мұрат Айзере (Жауқазын гүлі)
Жауқазынмын жайқалған
Сұлу гүлмін жайнаған
Көктемде мен гүлдесем
Құлпыра кетер айналам
Ермекова Айзере (Бәйшешек гүлі)
Көктем гүлі бәйшешек
Мен боламын қараңдар
Наурыз, сәуір айында
Мен шығамын жайқала
Жүргізіуші:
- Көктем аруы енді отырып балалардың ағылшын тіліндегі әнің қабыл алыңыз

Ән: Hugs and kisess
Көктем аруы:
- Бәрекелді жарайсындар балалар, сендер әнді де тақпақты да қандай жақсы айтасыңдар. Олай болса балалар мен сендермен көктем мерекесіне орай көңілді би билегім келіп тұр.
Би: «Бала, бала, балапан»
Көктем аруы:
- Балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер, мен сендерге сыйлығымды тарту етейін. Мен енді кетейін, басқада балалар күтіп отырған болар. Сау болыңдар, балалар.
Жүргізуші:
- Құрметті ата-аналар, алда келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын. Осымен «Ботақан» тобының «Гүл сыйлайық анаға» атты ертеңгілігі өз мәресіне жетті. Сау болыңыздар.



Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика