Ынтымақты балдырғанбыз, бірлігіміз жарасқан
Өскемен қаласы әкімдігінің № 20 «Нұршуақ»
балабақша - бөбекжайы» КМҚК
«26» желтоқсан айы 2018 ж.
Дайындаған дене тәрбиесінің жетекшісі:
Қайкен Гүлмира
«Ынтымақты балдырғанбыз, бірлігіміз жарасқан»
Спорттық сайыс ойындары
Эстафеталық ойындарды жүргізудің басты мақсаты: Балалардың танымдық эстетикалық қасиеттерін дамыту арқылы сауықтыру. Іс- шаралар ұйымдастыру. Ынтымақта бірлікте және денсаулықтарын нығайтып спорт ойындары мен сайыстарының қызығы мен қиыншылықтарына төзе отырып ойын-сайысқа деген қызығушылықтарын арттыру, үлкендермен біріге отырып еңбектенуге және ойындарды саналы түрде орындауға тәрбиелеу.
Спорттық сайысқа қатысатын орта топ балалары:
«Қарлығаш» тобы:
Жаңабаева Асемжан, Қалиақпарова Мөлдір, Дюзекенов Арнұр, Тойлыбайұлы Рахымжан.
«Айгөлек» тобы:
Ерболат Інжу, Жайнатқызы Айару, Толқынбеков Айбат, Жанболатов Ұлан
«Ортеке» тобы:
Байбалыққызы Шұғыла, Дәулет Тілепалды, Бауыржанқызы Жансая, Хумарбекұлы Мэльс.
Ойын барысы:
флешмоб
Дене тәрбиесі нұсқаушысы:
-Құрметті тәрбиешілер және балалар «Ынтымақты балдырғанбыз, бірлігіміз жарасқан» атты спорттық іс-шарамызға қош келдіңіздер «Қарлығаш» «Айгөлек» және «Ортеке» топтары қатысқалы отыр, олай болса жас спорт шеберлерін ортаға шақырайық.
Үш топ ортаға шығып бір-біріне қарама-қарсы тұрып6 бастарын иіп амандасады.
(музыка әуені ойналады, сырттан мики маус және дымбілмес, сиқыршы үшеуі дауласып кіреді )
Дымбілмес:
- Бұл затты бірінші болып мен тауып алдым, менікі менікі....
Сиқыршы:
- Бұл заттың не екенін білесіңбе сен?
Дымбілмес:
- Жоқ білмеймін.
Мики маус:
- Ой, ой достарым қараңдаршы біз қайда тап болдық өзі.
Дене тәрбиесінің жетекшісі:
- Сәлеметсіздерме! Сіздер қайдан жүрсіздер?
Дымбілмес, Мики маус, сиқыршы:
- Сәметсіздерме? Біз қайда тап болдық? Музыка әуенін естіп осылай бұрылып едік.
Дене тәрбиесінің жетекшісі:
- «Ынтымақты балдырғанбыз, бірлігіміз жарасқан» атты спорттық іс-шара өткізіп жатырмыз, сіздер неге дауласып жүрсіздер?
Сиқыршы:
- Біз үшеуміз келе жатып мына кубикті тауып алдық, бірақ осыған үшеуіміздіңде көзіміз бірден түскен еді, бірақ дымбілмес бұның не екенін білмеседе менікі6 менікі дейды, а а а бұл кубик сағанда мағанда Мики маусқада жоқ, бұны мына сайысқа қатысып жатқан мына бүлдіршіндерге берейік!
Дене тәрбиесінің жетекшісі:
- Жарайды, сіздерде біздің ойын сайысымызға қатысып, өз топтарыңыздың артына тұра қалыңыздар.
Эстафеталық ойындар:
1- Гимнастикалық орындықтан ішпен тартылып жүру, биіктікке секіріп шығу.
(гимнастикалық орындықтан тез ішпен тартылу, биіктікке секіріп шығу)
2- Гольф.
(үш кегли тұрады, доппен дәлдеп кеглиды құлату)
3- «Ұлттық» ойын бәйге.
( атқа мініп кеглиды айланып келу)
4- Тату достар.
(екі бала допты кеуде тұсына қысып жерге түсірмей кеглиды айланып келу)
5- Кім жылдам.
(бір бала допты алып жәшікке салады келесі бала жүгіріп алып келіп келесі балаға береді)
6- Пингвиндер.
(допты аяқтың арасына қысып кеглиге дейін жетеді, допты қолына алып келесі балаға дейін жүгіріп келеді)
Әділ қазылар алқасына сөз беріледі:
Калиева Камаль Абдулована және Нәуел Куланда
(Достық жеңеді)
Дене тәрбиесінің жетекшісі:
- «Достық жеңді», ал біз мына жалғыз Кубикті кімге береміз?
Сиқыршы:
- «Менің сиқыршы деген атым бар ғой, сіздер уайымдамаңыздар»- деп Сиқыршы кубикты дорбасына салып сиқырлайды, үлкен кубикты кішкентай кубкке айналдырады, музыка әуенімен кішкентай кубиктарды сайысқа қатысқан балаларға беріледі.
Балаларды мақтап мадақтап спорт залдан шығарып салу!
Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.