Дені саудың - жаны сау
Өскемен қаласы әкімдігінің №20 «Нұршуақ»
балабақша - бөбекжайы» КМҚК
«18» қараша айы 2018 ж.
Дайындаған дене тәрбиесінің жетекшісі:
Қайкен Гүлмира
Өтпелі тақырып: «Дені саудың - жаны сау»
Апта тақырыбы: «Ас атасы - нан»
Білім беру саласы: Денсаулық, коммуникатция, шығармашылық.
Топ: «Балапан» ересектер тобы.
Бөлімі: Дене тәрбиесі.
Спорттық-құрал жабдықтар: гимнастикалық орындық, гимнастикалық қабырға, ысқырық, сылдырмақ, музыкалық орталық.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Терезелерді ашып ауа алмастыру, керекті құрал-жабдықтарды дайындау.
Балалар киімі: Ақ футболка, қара шорты, чешки.
Ұйымдастырылған оқу қызыметінің мақсаты: балаларға салауатты өмір салты туралы және наның қасиеттері туралы білімдерін кеңейту, балаларға гимнастикалық қабырғаға өрмелеуді үйрету, балалардың аяқ бұлшық еттерін дамыту үшін отырып жүруді жаттықтыру. Балалардың қол бұлшық еттерін жетілдіре отырып гимнастикалық орындықта ішпен тартылуды қайталау, музыка әуеніне сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасату, өздеріне таныс дене жаттығуларын жасату, қимылды ойын арқылы балаларды шапшаңдыққа, достыққа, топ болып ойнауға, балаларды өз ара бағалауға, кері бағалауға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Балалар тәрбиешілерімен спорт залға келеді, жылы жүзбен толықтай амандасып , спорттық киімдерді тексеру, саптық жаттығуларды жасай отырып жетекшінің сұрақтарына жауап беру.
Дене тәрбиесінің жетекшісі:
- Салауатты өмір салтын қалай қолданамыз?
Балалар:
- Тазалық сақтау, күнделікті жаттығу жасау.
Дене тәрбиесінің жетекшісі:
- «Бауырсақ» ертегісіндегі «бауырсақты» неден жасаған балалалр?
Балалар:
- Ұннан.
Дене тәрбиесінің жетекшісі:
- Нанды жерге тастауға болама?
Балалар:
- Жоқ болмайды, нан қоқымын торғайларға беру керек.
Дене тәрбиесінің жетекшісі:
- Жарайсыңдар балалар, сол «Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақ, ата мен ападан қайтып қашып кетеді?
Балалардың жауабы:
- Домалап.
Дене тәрбиесінің жетекшісі:
- Тамаша, біз домалай алмаймыз, бірақ жүгіре аламыз, ендеше жүгірейік.
Кіріспе бөлім:
Қолды алға созып жүру, қолды жанға созып жүру, аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру, тез жүру, (белгі бойнша) жәй жүгіру, жыланша ирек жасай жүгіру, тез жүгіру, 1.5-2 мин үзіліссіз жүгіру, (мұрын арқылы терең тыныс алып екі қатарға түру)
Жалпы дамытпалы жаттығу:
Негізгі бөлім (музыкамен)
1. К, ж: Бір қол белде, басты алға артқа, оңға солға бұру (7-8 рет).
2. Қ, ж: Дене сәл алда қол төмен, алма кезек жоғары төменге көтеру (7-8 рет).
3. Қ, ж: қол жанда тұрады, аяқ иық көлемінде ашық, еңкейіп, қолды оң аяққа ортаға, сол аяққа тигізу, б.қ ж (7-8 рет).
4. Қ, ж: аяқты ашып қолды шапалақтап секіру, орында тұрып жүгіру (7-8 рет)
Тыныс алу жаттығулары: Мұрын арқылы тыныс алып, ауыз арқылы тынысты сыртқа шығару.
Негізгі жаттығу: (екі топқа бөлінеді, шаналар тобы және конькилер тобы, екі топ бір-бірін бағалайды)
Формотивтік бағалау шарттары:
1- Гимнастикалық қабырғаға өрмелей алдыма?
2- Гимнастикалық тақтай үстінен ішпен тартыла алдыма?
1. Гимнастикалық тақтай үстінен ішпен тартылып өту қайталау
2. Отырып жүру жаттықтыру
3. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу жаңа жаттығу
4. Кері байланыс
Дене тәрбиесінің жетекшісі:
- Кәне балалар, Санжардың тобы Гимнастикалық қабырғаға өрмелей алды ма? және гимнастикалық тақтай үстінен ішпен тартыла алдыма?
Мәрмәрдің тобы қандай баға бересіңдер?
Балалардың жауабы:
- (балалар бас бармақтарын жоғары көтеріп) жоғары баға береміз, өйткені олар Гимнастикалық қабырғаға өрмелей алды және гимнастикалық тақтай үстінен ішпен тартыла алды.
Дене тәрбиесінің жетекшісі:
- Кәне балалар, Мәрмәрдің тобы Гимнастикалық қабырғаға өрмелей алды ма? және гимнастикалық тақтай үстінен ішпен тартыла алдыма?
Санжардың тобына қандай баға бересіңдер?
Балалардың жауабы:
- (балалар бас бармақтарын жоғары көтеріп) жоғары баға береміз өйткені олар гимнастикалық қабырғаға өрмелей алды және гимнастикалық тақтай үстінен ішпен тартыла алды.
Қорытынды бөлім
Қимылды ойын: «Мысық пен тышқан»
Мақсаты: Ойын арқылы балалардың көңілін көтеріп, шапшаңдыққа, достыққа, топ болып ойнауға тәрбиелеу.
Соңғы жиын:
-балалар бүгін қандай жаттығулар жасадық?
-қандай ойын ойнадық?
- Қандай жаттығудан қиналдыңдар?
Балаларды мақтап мадақтап, жеткен жетістіктері мен кеткен қателерін айтып спорт залдан шығарып салу.
Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.