Дені саудың жаны сау
Өскемен қаласы әкімдігінің №20 «Нұршуақ»балабақша-бөбекжайы КМҚК
кәсіпорнының тәрбиешісі
ХАМБАР ГАЛИЯ
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің уақыты: 16. 11. 2018 ж
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» «Коммуникация»
Кіші сала: Қоршаған орта
Өтпелі тақырыбы: Дені саудың жаны сау
Апта тақырыбы: Ас атасы нан
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Қайдан келдің бауырсақ?
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің мақсаты: Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Бауырсақ ертегісінің кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып, қиялы мен қабілетін жетілдіру. Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, қоршаған ортаға деген жағымды мінез – құлық пен қарым – қатынас қабілетін дамыту. Нанды қастерлеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу,сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру
Көрнекі- құралдар: Ширма, саусақ театры (шал мен кемпір, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі).
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Кіріспе бөлім:
Ашық алаң:
- Балалар қараңдаршы, бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Олай болса келген қонақтармен амандасып алайық,
Қайырлы таң!
Добре утро!
Good morning!
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Тәрбиеші:
- Балалар қарандаршы, біздің топта қандай бұрыштар бар?
Балалар:
- «денсаулық» бұрышы, «табиға»т бұрышы, «математик»а бұрышы, шығармашылық бұрышы, «сен сұлу» бұрышы, қазақи бұрыш.
Тәрбиеші:
- Ал енді осы «Асхана» бұрышында қандай тағамдар әзірлейміз?
Балалар:
- әр түрлі тағамдар пісіреді
Тәрбиеші:
- Балалар ұннан жасалатын тағамдарды атап беріндерші?
Балалар:
- нан, бауырсақ, тоқаш, бәліш, шелпек, құймақ, макарон өнімдері т.б.
Тәрбиеші:
- Енді осы ұннан жасалған тағам түрі бар қандай ертегілерді білесіндер?
Балалар:
- «Бауырсақ» ертегісін білеміз
Тәрбиеші:
- Ендеше бүгін біз театрға қонаққа барайық
- Театр көру үшін бізге не керек?
Балалар:
- Билет керек
Тәрбиеші:
- Ал ендеше апайдан келіп билет алындар
- Жарайсыңдар, ендеше бүгін біз бауырсақ қойылымын көреміз. Театр көру үшін біз орындыққа түзу отырып, бір - бірімізге кедергі жасамай қойылымды мұқият көруіміз қажет.
- Тәрбиеші:
- Балалар театрдың шымылдығы ашылу үшін бәріміз бірге шапалақ соғайықшы.
- Шымылдық ашылады
Негізгі бөлім
- Ерте, ерте, ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты. Бауырсақ суып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Одан әрі домалай береді, домалай береді алдынан қоян шығады
- Қоян:
- Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ:
- Сүйкімді аппақ қоян мені жемеші, мен саған өлең айтып беремін
Қоян:
- Жоқ, жоқ менің өлең тыңдағым келіп тұрған жоқ, егер бауырсақ сен менің тапсырмамды орыңдасан мен сені жемеймін.
Бауырсақ:
- Ой, енді мен не істеймін, кім маған көмектеседі?
Тәрбиеші:
- Уайымдама бауырсақ, бәлкім біздің балалар көмектесер, көмектесейік пе бауырсақ досымызға?
Балалар:
- иә
1 – ші Қоянның тапсырмасы:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
Балалар:
- күз мезгілі (күн суытады, жаңбыр жауады, жеміс – көкөністер піседі )
Қоян:
- Жарайсыңдар балалар. Менің тапсырмамды орыңдадыңдар, бауырсақты жіберейің.
Тәрбиеші:
- Ендеше саяхатымызды жалғастырайық. (Домалап, домалап бауырсақ саяхаттап келіп қасқырға жолығады).
Қасқыр:
- Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ:
- Жемеңізші, қасқыр аға, біз сізге өлең айтып береміз.
Қасқыр:
- Жоқ, жоқ, менің өлең тыңдағым келіп тұрған жоқ, менің тапсырмамды орындап беріңдер, сосын бауырсақты жіберемін.
Бауырсақ:
- Балалар маған көмектесесіңдер ме?
Балалар:
- Иә, көмектесеміз
2 – ші Қасқырдың тапсырмасы:
Нан туралы қандай тиым сөздер мақал – мәтел, тақпақ білесіңдер?
- Ас атасы – нан
- Нанды бір қолмен үзбе
- Ас - аданың арқауы
- Нан болса, әнде болады
- Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспандар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Қасқыр:
- Жарайсыңдар балалар, рахмет сендерге, бауырсақты
жемеймін, жақсы достары бар екен. (Ендеше саяхатымызды жалғастырайық. Бауырсақ, домалап, домалап келе жатады, алдынан Аю шығады).
Аю:
- Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ:
- Жемеңізші, аю аға, мен сізге өлең айтып беремін
Аю:
- Жарайды жақсы бір өлең тақпақтарыңды тыңдағым келіп тұр. Менің тапсырмамды орыңдадыңдар, бауырсақты жемеймін.
Бауырсақ:
- Балалар менімен бірге аюға өлең айтып бересіңдер ме?
Балалар:
- Иә айтып береміз
Сергіту сәті:
Саусақтарым билеңдер
Дәмді тоқаш илеңдер
Неткен жақсы шеберлер
Неткен жылдам шеберлер
Алма қосып илеңдер
Саусақтарым билеңдер.
Аю:
- Бәрекелді, жарайсыңдар балалар, мен сендердің достарын бауырсаққа тимеймін. Жолдарың болсын. Ендеше, саяхатымызды жалғастырайық. (Домалап, домалап бауырсақ саяхаттап келіп түлкіге жолығады)
Түлкі:
- Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ:
- Жемеші түлкі мен сізге өлең айтып беремін
Түлкі:
- Жоқ, жоқ менің өлең тыңдағым келіп тұрған жоқ, менің қарным ашып тұр. Егер де менің тапсырмамды орындасаң мен сені бауырсақ жемеймін.
Тәрбиеші:
- Ал енді бауырсаққа көмектесіп түлкіжанның тапсырмасын орындайық па балалар?
Балалар: иә
4 – ші Түлкінің тапсырмасы:
Таспен мақтаны салыстыру, қандай табиғатқа жататының ажыратып айту.
I – топ: Тас қатты ма ауыр ма, мақта жұмсақ па жеңіл ма?
II – топ: Тас қатты ма ауыр ма, мақта жұмсақ па жеңіл ма?
Бағалау шарты:
Тас пен мақтаны дұрыс салыстыру.
Қай табиғатқа жататының айту
Бір - біріне кедергі жасамау
Түлкі:
- Бәрекелді! Жарайсыңдар балалар! Рахмет сендерге! Мен енді айтқан уәдемде тұрамын, бауырсақты жемеймін. Сау болыңдар!.
Бауырсақ:
- Балалар сендерге көп – көп рахмет, сендер нағыз доссыңдар. Сендер сияқты ақылды, мейірімді достар көп болсын. Сау болыңдар, балалар!
Қорытынды бөлім
- Балалар біз бүгін қайда қонаққа бардық?
- Бауырсақты түлкі жеп қойды ма?
- Бауырсақ неден дайындалады?
- Ұнды қайдан аламыз?
- Балаларды мақтау, мадақтау.
Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.