Гүлдер әлемі
ШҚО Катонқарағай ауданы, Ақсу ауылы «Ақсу ауылындағы«Еркетай»
бөбекжай-бақшасы» КМҚК
«Балауса» ортаңғы топ тәрбиешісі:
Каирканова Халима Акрановна
Гүлдер әлемі
Білім беру саласы: таным, шығармашылық, қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: экология, сурет, көркем әдебиет
Мақсаты: қоршаған орта, гүлдер, туралы түсініктерін қалыптастыру, бөлме гүлдері мен дала гүлдерінің айырмашылығын түсіндіру, олардың қалай өсіп-өнгені жөніндегі білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздерді анық айтуға машықтандыру.
Тәрбиелілігі: табиғатқа, өсімдіктерге, гүлдерге деген қамқорлық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: табиғат көрінісі туралы суреттер, дала гүлдері мен бөлме өсімдектері суреттері, слайд.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Баланың әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы
|
Шаттық шеңбері: -Балалар, қарандаршы, бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр. Қане бәріміз қонақтармен амандасып алайық. -Балалар көңіл күйіміз қалай? Қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айта отырып ұсыныңдар. Жақсы тілектерің үлкен гүл шоғына айналды. Осы әдемі гүлдей жайнап жүре беріндер. (гүлді құмыраға салады) -Сендерге бірнеше сұрақтарым бар. -Қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінде неше ай бар? -Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай? -Дұрыс айтасындар. Балалар, мына суретке назар аударайық.Суретте не бейнеленген? -Балалар, табиғат деген не? -Табиғат нешеге бөлінеді? -Тірі табиғатқа нелер жатады? -Өлі табиғатқа нелер жатады? -Дұрыс айтасындар, балалар. Қазақстанның табиғаты өте бай. Оның кең-байтақ даласында жап-жасыл ормандары мен сулары, сан алуан өсімдектері бар. Табиғат бізге сұлулық пен жақсы көңіл күй береді, сонымен қатар табиғатсыз тіршілік жоқ. -Балалар, ыңғайланып отырып көзімізді жұмамыз. Бәріміз кең даланы аралап жүрміз деп елестетейік. Кең даланың ауасы таза, құстар сайрап, су сылдырлап, самал жел ағаштың жапырықтарын тербейді. Әдемі гүлдер жайқалып өсіп тұр. Енді көзімізді ашайық. (осы кезде топқа Шырша келеді) Шырша. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! -Мен кіммін? -Балалар, сендер кең далада гүлдерді тамашалап, қыдырып келдіңдер ме? -Қандай гүлдерді кездестірдіндер? Ойын «Гүлдер атауын атау» -Осы гүлдер туралы «Гүлдер таласы» ертегісін тамашалайық. Ертегіні сахналау. Қызғалдақ. Қырқалардыың төрінен Қаулап көзге шалынар. Қызғалдақтар өскен қыр Қызыл көрпе жамылар. Раушан гүлі Әдемімін, менен қай гүл аса алған? Әуелден-ақ гүл патшасы атанғам. Әсемдік пен хош иістен нәр алдым, Әлемнің көп жерлеріне таралдым. Бақыт гүлі Бұл әсем гүл күзде ұзақ гүлдейді, Басқа гүлдей шілдеде өмір сүрмейді. Бір мереке жапондар елінде, Бақыт гүлі тұрады оның төрінде. Шырша әділдігін айтып, балалардан гүлдердің қандай пайдасы бар екенін сұрайды. Біз гүлдерше өсеміз, Жапырағы жайқалған. Сабақтары салалы, Желге ырғалып жайқалған. Бөлме өсімдектері мен дала гүлдерінің айырмашылығын айту. -Балалар, біз табиғат бұрышында гүлдерге, аквариумдағы балықтарға қандай қамқорлық жасаймыз? Иә балалар, сендер гүлдерді қалай күтіп-баптау керектігін біледі екенсіндер. Гүлдер туралы кім өлен-тақпақ, мақалдар біледі? «Гүлдердің атымен байланысты қыздардың есімдерін атау» -Балалар, бүгінгі алған білімдеріңді, әсерлеріңді, қандай гүлді ұнатқандарынды қағаз бетіне салып бейнелендер. Балалар өздері жасаған жұмыстарына таңғалып, қуанады. Өздерінің топта жасаған жұмыстарын әңгімелеп береді. |
-Сәлеметсіздер ме! -Жақсы тамаша -Аспанымыз ашық болсын! Молшылық, береке болсын! Татулық, достық болсын! Деніміз сау болсын! |
Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.