"Қарғаның қулығы" ел аузында ертегі

Өскемен қаласы әкімдігінің
"№20" Нұршуақ" балабақша –
бөбекжайы" КМҚК директоры
__________ В.А.Аубакирова
"___"___2018ж.
Дайындаған
"Қарлығаш" орта тобының тәрбиешісі:
Дуанбаева Ж.Е.

 

Ұйымдастырылған оқу қызыметі
Уақыты: 19.01.2018.
Өтпелі тақырып: "Табиғат әлемі"
Апта тақырыбы: "Аяздан қорқпайтың құстар"
Білім беру саласы: "Комуникация", "Әлеуметтік орта", "Таным", "Денсаулық"."""
Кіші сала: Көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: "Қарғаның қулығы" ел аузында ертегі.

Мақсаты: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дқрыс айту дағдыларын бекіту. Фонематикалық қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қорын жалпылауыш мағыналы сөздермен байыту; байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуді дамыту. Кейіпкерлердің жағымды  және жағымсыз қасиеттерін көруге олардың әрекеттерін бағалауға, ертегілердің мазмұның олардың атауымен салыстыруға үйрете отырып, таным қызығушылықтарын арттыру. Құстарды аялауға, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу.
Қолданылатын көрнекі – құралдар: тордағы кептер, қызыл, сары жұлдыз, аудиотаспа
Тілдің үштұғырлығы: құстар – птицы, bieds
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Кіріспе: «Ашық алаң» мотивация

Тәрбиеші: Балалар  достарымыздың қолынан ұстап, шеңбер бойында тұрып тақпақтарымызды қайталап айтамыз.
Балалар:
Достарды біз қорғаймыз
Қиын шақта қолдаймыз
Біздің топта ұл – қыздар
Тату – тәтті ойнаймыз.
Тәрбиеші:
Балалар қазір жылдың қай мезгіл?
Қыс мезгілі
Қыста табиғат құбылысында қандай өзгерістер болады?
Қар жауады, боран соғады, аяз болады.
Ал,сендер қыстап қалатын қандай құстарды білесіндер?
Қарға, сауысқан, торғай, көгершін
Жарайсыңдар балалар!
Балалар қарандаршы бізге не қонаққа келді?
Көгершін қонаққа келді.
Балалар бұл жәй көгершін емес екен, ол дүние жүзін аралап, жүрген көреген көгершін екен.Ол жер жүзін аралап жүріп, өзіне көптеген ертегілер жинапты.Сол ертегілерінің бірімен бгін сендермен бөліспекші екен.Тыңдауға дайынсындар ма?
Иә, дайынбыз.
Олай болса орнымызға отырайық.
Негізгі бөлім:
Тәрбиеші:
Балалар орындыққа дұрыстап, денемізді тік ұстап отырамыз.
Аудио таспа қосылып балалар ертегіні мұқият тыңдайды.
Ертегіге талдау жасау.
Балалар ертегі қалай аталады?
Қарғаның қулығы ертегісі
Қарға өзінің қулығын қалай асырды?
Азығын қардың түбіне жасырып, аузына өтірік қар домалағын қысып – ап ұшып кетті...
Ертегіде неше қарға туралы айтылды?
Екі қарға туралы
Осы қарғаның орнында сендер болсандар не істер едіңдер?
Мен қарғаның орнында болсам ойыншығымды досыммен бөлісер едім.
Жарайсыңдар балалар!
Сергіту сәті:
Тауық тары теріпті,
Оны ешкімге қимапты.
Бөтелкесін бұлтитып,
Қамбасына құймапты.
Қыста тауық қақылдап,
Тары іздеп жүр тақылдап.
Балалар менің қолымдағы не?
Жұлдыздар
Олардың түстері қандай?
Қызыл, сары
Енді осы жұлдыздарды алып, екі топқа бөлініп отырайық.
Қызыл жұлдыз алған балалар қызыл кегли тұрған қатарға  орындығымызды алып отырамыз.
Ал сары жұлдыз алған балалар сары кеглидің қатарына отырамыз.
Балалар көреген көгершін бізбен өзінің ертегісімен бөлісті.Енді біз көгершінге өзіміздің білімімізді көрсетейік.Біз топпен жұмыс жасап болған соң бір – бірімізді бағалауды ұмытпауымыз керек.Бағаламас бұрын мына критериларға көңіл аударайық
Қыстап қалатын құстарды толық атай алды ма?
Құстар туралы тақпақ, мақал, тиым сөздерді айта алды ма?
Топта тәртіпті болды ма?
Қызыл жұлдыз тобы:
Қыстап қалатың құстарды атап беру?
Құстар туралы тиым сөздер білесіңдер ме?
Сары жұлдыз тобы:
Құстар туралы қандай тақпақтар білесіндер?
Құстар туралы мақал – мәтел айтындар.
Тәрбиеші:
Кері байланыс
Балалар  бүгін барлығын жақсы қатыстыңдар келесі жолы одан да жақсы қатысамыз
Тәрбиеші:
Көреген көгершін міне біздің балаларқанд ай білімді, ақылды. Балалар бұл көгершінді топқа қалдырғанымыз дұрыс болмас, ол тағы да сендер сияқты балаларға ертегісін айтып беруге жолға шықпақшы, қане балалар біз көгершіндерімізді өз әлеміне жіберейік. Ол үшін бізге Жайна апайымыздың көмегі қажет. Барлығымыз екі терезеге бөлініп, далаға  қарап  тұрайық Жайна апайымыз көгершінімізді ұшырады.

 

Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика