«Алғашқы әскери дайындық пәнінде...»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҰЛАН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
ГЕРАСИМОВКА ОРТА МЕКТЕБІ
Баяндама
Тақырып:
«Алғашқы әскери дайындық пәнінде патриоттық тәрбие беру»
Мұғалім: Болат Бақытжан
2018 – 2019 оқу жылы
Әскери-патриоттық тәрбиені алғашқы әскери дайындық пәні арқылы іске асыру жолдары.
Қазіргі кезеңдегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бір қатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің рейтінгісін анықтауға кірісіп, оның теориялық тұжырымдамалары жасалып жатыр.Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, барлық ұлттық экономиканың өсуі мен дамуы білім және ғылым жүйелерінің жаңаруымен тікелей байланыстылығын байқаймыз. Шыннында, адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуыннан туындайды. Жастарды және кейнгі ұрпақты оқытуға, оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Сондықтан, соңғы жылдары, әлемдік, отандық, ұлттық негізде кеңінен білім, тәрбие беру міндетіне сай Республикада ондаған жаңа тұжырымдамалар, бағдарламалар және заңдар қабылданды. Бұлардың бәріне ортақ мақсат-ұрпаққа потриоттық тәрбие беру болып табылады. Заман талабына сай қазіргі уақтта білім мекемелерінің алдында тұрған басты мақсат-оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту. Ал, оқушыларды жан-жақты дамыту дегеніміз-оның дене бітімі жағынан өсіп-жетілуі ғана емес, сондай-ақ баланың жан-дүниесі байып, рухани өсуі, қабілеті мен беймділігі анықталып, ой-өрісі, парасаттылық, көзқарастарының қалыптасуы болып табылады.
Ұрпақ тәрбиелеуде мынадай нақты ұстанымдарды алуға болады. Жас ерекшелігін ескеру, өзіндік дара бағытын ескеру, тікелей іс-әрекетке араласу, іс-әрекетіне деген құлшынысын арттыру, табиғи қажеттіліктерін сезіну, ұжымдық сипат алуы. Осы мақсатта орта мектептерде өтетін алғашқы әскери дайындық пәнінің мақсаты жастарды қазақстандық патриотизм мен интернационализмге, демократиялық қоғам ісіне шексіз берілгендік пен Отанға, Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әскери борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге бағытталған. Жастарға ұлттық-потриоттық тәрбие берудің бір мақсатты жастардың бойындағы игілікті құлшыныстар мен сезімді ояту, жандандыру, адамның ар-ожданына, абройына, ерік-жігеріне, парасатына ықпал ету, адам бойындағы басты сезім-парыз сезімін ұштап тәрбиелеу.
Отанды қорғау әрбір азаматтың парызы. Елімізде Отанның қорғаушысы болуды армандайтын ұлдар мен қыздар білім алуда Олар Қазақстан тарихын тереңдетіп оқиды, алғашқы әскери дайындық сабағына аса бір ынтамен қатысып, болашақта тәуелсіз еліміздің мақтанышы тұтар аяулы ұлдары-Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Тоқтар Әубәкіріов сынды халқының құрметті азаматы болуды армандайды. Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» дей келіп, адамның ұлы болуы үшін кісіге «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп кетті. Бұл өсиет, пікірлер бүгінгі мектебімізде жеке тұлғаны потриотизм рухнада тәрбиелеудің темір қазығы.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеу-білім берудің мектепке дейінгі жүйесін жоғары оқу орнына орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы»-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары сол заманның ақиқатынан, наным-сенімінен туындайды. Отанға деген сүйіспеншілік бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу сияқты патротизм элементері ерте заманнан бастап қалыптаса бастады. «Отан» деген сөз әуелде көшпелі өмір сүрген ата-бабаларымыздың от жағып, тіршілік еткен ұясы деген ұғымнан шықса керек. Отан үшін от пен оққа кеудесін тосқан Бауыржан ата «Отан үшін отқа түс, күймейсің» -деп аманат қалдырған. Осындай Отанын сүйген және ол сезімнен қуат алған, ел қорғаны болған перзенттері бар елдің алар асуы мен шығар белесі әлі алда. Олай болса, осы жерді жан тәнімен сүйетіндер де, оны көздің қарашығындай қорғап, сақтайтындар да-отансүйгіштік рухта тәрбиеленген жастар болып табылады.
«Біздің басты мақсатымыз-Қазақстанның егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтау» деген Президент өз жолдауында. Қарулы күшіміздің алдағы сапында қазақ жастарының тұру, олардың бір кісідей ынтымақпен топтасуы, Ата заңымызда көрсетілген қасиетті борышын, прзенттік парызын орындауды негізгі мазмұны, имандылық пен кісіліктің негізгі белгісі мен басты өлшемі. Патриоттық сезімді жастарға мәнді және мағыналы сусындату үшін алғашқы әскери дайындық пәнін жетекшісінің білімі, тәжірибесі мол және жоғары болу тиіс. Ізденіс үстіндегі әскери жетекші қай кезде де болсын жастарға үйретуден жалықпайды. Жеткіншек Отан алдындағы борышын өтеуге барғанда осы мектеп қабырғасында, дәлірек айтсақ, алғашқы әскери дайындық сабағында алған теория және практикасы толық және мәнді болса әскери істің қиындығына төзуге, тез үйреніп кетуге көп көмегін тигізеді. Біздің мектебінде алғашқы әскери дайындық жүргізіп келе жатқан мерзім ішінде мен көбінесе практикалық сабақтарға көп көңіл бөлуге тырысамын. Әрине, теориясыз еш болмайды. Оқушылардың қабылдау қабілеті бірдей болғандықтан кей бала айту, әңгімелесу, лекция түрінде тез қабылдаса, ал кей оқушы көру қабілеті арқылы тез үйреніп алады. Осы тұрғыда мен өзімнің сабақ беретін сыныптарыма ұйымдастырған мектеішілік тәрбиелік шараларымның барысында, оқушылардың неге қабілетті екенін байқадым. Тәрбиелік шараларды жоспарлауда потриоттық ғылыми байланысы бар негізгі қағидаларды басшылыққа ала отырып төмендегі талаптарды ұсынамын:
Жас мөлшерін есепке алу.
Болмыс ерекшелігін ескеру.
Патриотық сезімін ұғу.
Жасына сай ақыл-ойын дамыту.
Тәрбие мамұнының біртұтастығы.
Тәрбиенің үзіліссіздігі.
Ұжымдық тәлім-тәрбие.
Менің өткізген тәрбиелік шараларымда жоғарыда айтылған талаптар оқушы-ның ұлтжандылық көз қарасын дамытудың негізі деп білемін.
• Адам ұлтжандылығының мазмұны психологиялық болмысында.
• Ұлтжандылықтың тұтастығы мен көз жеткізу деңгейі қоғамдағы түрлі қызығушылықтардың қарама-қайшылықтарынан көрініс алады.
• Адамның қоғамдағы орнының саналық сапасы.
• Қажеттілікпен қызығушылық сипаты мен мазмұны.
• Жеке қаситетердің түрліше көрініс алуы.
Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың жаңа үлгісі.
Жаңа ғасырдың білікті, білімді, ақыл-ойы дамыған азаматын даярлау бүгінгі күн талабы. Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогокалық технологиялар жаңаша сипат алуда. Білікті, білімді мамандар жаңалықты теориялық жағынан меңерумен қатар білім беру үрдісіне енгізе отырып, тәжірибе жинақтағанда оң нәтиже беретініне көз жеткізуде. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның ұстаздық еңбегінің жемісі болмайды»,-деп К.Д.Ушинский айтқандай, оқытушылар заман көшінен қалмай, жаңалықтардың жаршысы болуы керек. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңдейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Алғашқы әскери дайындық пәні математика, физика,, тарих, т.б. пәні сияқты оқыту үрдісінің негізгі мақсаты-арнайы педагогикалық әдістерді мақсатты, жүйелі түрді пайдаланып, оқушылардың интеллектік, шығармашылық ойлауын ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының тиянақты білім алуын мақсат ете отырып, оларды өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен қамту, алған білімдерін теориялық және практикалық мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты білім жүиесінен шығармашыл, техникада, экономикада жаңа жолдар мен әдістерді таба алатын, батыл да жаңашыл, ақыл-ойы дамыған ұрпақты тәрбиелеу талап етіледі. Оқу ианымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қомай, олардың қабілеті мен шығармашыл ойлауы да дамытылады. Қазіргі АӘД оқыту әдістемесі оқушының танымдық қызметі мен ойлау жүйесінің арақатынасын анықтай түсіуде, ол оқушының дербестігін, қажеттілігін, интеллектуалдық ойлау мүмкіндіктерін қалыптастырады. Мен сондықтан әскери тәртіпке үйретуді басты назарда ұстаймын.
Республиканың қауіпсіздігін қорғайтын патриот азаматтырды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындау үшін алдағы уақытта әрбір мектеп ұжымы мынадай педагогикалық талаптарды жүзеге асыруымыз тиіс деп ойлаймын:
• Әскери-патриоттық тәрбиені жалпы мектептегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі бөлігінде қарастырып, оны басқа тәрбие жұмыстарының түрлерімен тығыз байланысты жүргізу.
• Әскери-патриоттық тәрбиені оқушылардың жас ерекшеліктерін, жеке қасиеттерін ескере отырып, әртүрлі әдістерді пайдалана отырып түрлендіріп жүргізу.
• Әскери-патриоттық тәрбиені саяси, адамгершілік, еңбек сүйгіштік, эстетикалық және дене тәрбиесімен ұштастыра жүргізу.
• Әскери-патриоттық тәрбиеде оқушылардың бастамалық т.б. ұсыныс, талап-тілектеріне көңіл бөліп ескеру.
Бүгінгі күні еліміздің рухани патриоттық байлығын, мәдени мұрасын зерттеп, оны оқушы – жастар бойына жұғысты етіп меңгерту, сол арқылы ізгі жүректі, қайырымды, іскер азамат тәрбиелеп шығару жаңа тұрпатты мектептердің алдында тұрған келелі проблема. Ол ағарту жүйесінің мазмұннын жаңарту, оның құрлымдық жүйесіне ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықты кіріктіре отырып игеру бағытында іске асырылмақшы. Оқушының ұлтжандылық көзқарасының дамыту мәселесі тек педагогикалық категория тұрғысында ғана қаралатын мәселе емес, ол бірнеше ғылымдар аясында (философия, психология, әлеуметтану, мәдениеттану,этнография, энология, этика, логика, демография т.б.) әр қырынан қарастыруды қажет етеді. Бұл адамның тұлға болып қалыптасуы қоғам, табиғат, мәдениет, әлеммен біртұтастыққа жүзеге асатын күрделі үрдіс екендігін көрсетеді. Оқушылардың ұлтжандылық негізде патриоттықты дамытуда орта мектептегі гуманитарлық, жаратылыстану пәндерінен әдеп, математика, физика дене тәрбиесі пәндерімен кіріктіріле жоспарлаған сабақтарда беру және тәрбиелік шараларда тиісті нәтежие беретіндігі айқындалды. Тақырып бойынша жүргізілген педагогикалық тәжірибелік зерттеу жұмысымда мектептерде патриоттық негізінде оқушы ұлтжандылығын дамытудың жай-күиі зеттеліп, мына міндеттерді шешуге бағытталған іс-шаралар жүргізген болатынмын.
а) Оқушылардың эксперемент кезіндегі ұлтжандылық тағылымдарды меңгеруді көрсетуде бастапқы және соңғы деңгейі анықталды.
б) Мектеп тәжірибесінде оқушылардың патриоттық тәрбиеге деген қызығушылықтары арттқанын байқадым.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешуде өз тәжірибемде сыныптан тыс шараларда өткізілген жұмыстар негізінде оқушыларға сауалнамалар қою, пікірлесу, танымдық сын сайыстар өткізу, бағдарламалар, әдістемелік құралдарды талдау, т.б. жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылды.
Зерттеу жұмысымда байқағанымдай бүгінгі қолданыста жүрген оқу бағдарламалары мен оқулықтарда патриоттық негізде дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінбеген. Соңғы жылдырда ғана зерттеу жұмыстарына арқау болып жүргендігі байқалады. Мен өзімнің өткізген сыныптардағы шаралар нәтижесінде оқушылардың ішінде ұлтжандылыққа деген қызығушылығы арттқан оқушылар саны 20 оқушымен есептегенде, яғни әр сынптың 10-оқушысы патриотық тәрбиені меңгергенін анықтайсың. Қорыта айтқанда, менің зерттеу тәжірибем, көкейтесті, өміршеңдігін жоймайтын мәселе. Осы орайда өзім оқушы бойына ұлтжандылық тәрбиені қалыптастыруды негізге алып талпыныс жасадым.
Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.