«Cаптық дайындық»
Презентация: «Cаптық дайындық»
Тәрбиеші: Қабиденов Азамат Бауыржанұлы
Сабақтың тақырыбы:
Саптық адыммен қозғалыс, қозғалыс кезіндегі бұрылыстар және взвод құрамында сәлемдесу
Сабақтың мақсаты:
Оқыту: оқушыларға сапқа тұру және саптағы әдіс-тәсілдерді оқыту.
Тәрбиелеу: әскери сымбаттылыққа, әскери әдептілік пен тәртіпке тәрбиелеу.
Дамыту: әскери қызметшілердің сап алдындағы міндеттеріне жататын алғашқы баспалдақтарын оқушы бойына дамыту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, топтық жұмыс
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Уақыты: 40 минут.
Өткізілетін орны: Саптық алаң.
Көрнекілік құралдар: Саптық стенд, АӘД оқулығы. Слайд, бейнефилмдер
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод бойынша кезекші оқушылардың сабаққа дайындығы туралы баяндамасы
Оқушылармен сәлемдесу
Сабаққа дайындығын, сырт көрінісін жекелеме тексеру
ә) Үй тапсырмасын сұрау кезеңі – 7 минут. (Сұрақ-жауап арқылы)
Взводты екі бөлімшеге бөлу: 1 бөлімше және 2 бөлімше
- Саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?
- Сап дегеніміз не?
- Саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?
- Екі қатарлы сап дегеніміз не? Қалай орындалады?
- Орында тұрғандағы бұрылыстар қалай орындалады?
- Маңдайшеп дегеніміз не?
- Саптан шық пәрмені қалай орындалады?
- Саптың тыл жағы дегеніміз не?
- Лек дегеніміз не?
- Бағыттаушы деген кім?
- Тұйықтаушы деген кім?
- Саптық адым кезінде аяқ жерден қанша см көтерілу керек?
б) Негізгі бөлім – 20 мин.
САПТЫҚ АДЫММЕН ҚОЗҒАЛЫС. ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ БҰРЫЛЫСТАР ЖӘНЕ ВЗВОД ҚҰРАМЫНДА СӘЛЕМДЕСУ
Бейнефильмдер көрсету
Орнында тұрғандағы бұрылыстар: «Оң-ға!», «Сол-ға!», !Артқа бұ-рыл!» пәрмендері бойынша орындалады.
Артқа және солға бұрылу – сол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.
Бұрылыстар екі тәсілде орындалады:
- бірінші тәсіл – дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салу керек;
- екінші тәсіл – қысқа жол арқылы аяқты қою керек. Бұл ретте денені бұрылатын жаққа бір мезгілде күрт бұрып және басқа аяқтың ұшына қатты тіреліп, дененің салмағын бұратын жақтағы аяққа көшірумен ұштастыру қажет.
- Бұрылыстарды орындауда саптық тұрыстағы барлық ережелер сақталынады.
Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.
Адыммен қозғалыс жасау минутына 95 - 105 адым, адымның шамасы 60 – 70 см.
Адым саптық және жорықтық болады.
Саптық адым бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өту кезінде; олардың қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орындау кзінде; әскери қызметші саптан шыққанда және қайтып келгенде; саптық даярлық жөніндегі сабақтарда қолданылады.
Басқа жағдайларда жорықтық адым қолданылады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау: «Саппен адым бас!» (қозғалыс кезінде: «Саппен – адымда!» пәрменімен, ал жорықтық адыммен қозғалыс жасау: «Адым бас!» пәрмені бойынша басталады.
Алдын ала пәрмен бойынша дене біршама алға ұмсындырылады, оның салмағы орнықтылығын сақтай отырып, оң аяққа салынады; орындалатын пәрмен бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.
Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшын жерден 10-15 см жоғары көтеріп, аяқ алға созылады және табанға нық қойылады. Иықтан бастап, қолдармен дененің айналасында қозғалыс жасау керек; алға – оларды шынтақта денеден алақанның еніндей ұстап, белдіктен жоғары көтерілетіндей бүгіп, ал шынтақ қолдың білегінің деңгейінде болу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдың саусақтарын жартылай бүгіп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау керек және оны жерге әдеттегі жүрістегідей қою керек; қолмен дененің айналасында еркін қозғалыс жасау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Тік тұр!» пәрмені бойынша саптық адымға көшу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Еркін тұр!» пәрмені бойынша жорықтық адыммен жүру керек.
Орнында тұрып адым жасау «Орныңда адым – бас!» (қозғалыста: «Орныңда!») пәрмені бойынша жүргізіледі.
Осы пәрмен бойынша аяқты жерден 10-15 см көтеру керек және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде берілетін: «Тура!» пәрмені бойынша оң аяқтан орнында тағы бір адым жасап қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек.
Қозғалысты тоқтату үшін оң немесе сол аяқты жерге қоюмен берілген орындалатын пәрмен бойынша тағы да бір адым жасап саптық тұрысты қабылдау керек. Мысалы: «Взвод – тоқта!»
Қозғалыстың жылдамдығын өзгерту үшін: «Қарышта!», «Қысқа адымда!», «Жиі адымда!», «Жарты адымда!» деген пәрмендер беріледі.
Жекелеген әскери қызметшілердің орнын бірнеше адымға өзгерту үшін пәрмен беріледі. Мысалы «Қатардағы жауынгер…., оңға (солға) екі адым - бас!». Осы пәрмен бойынша әр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.
Алға немесе артқа бірнеше адым орын ауыстыру үшін пәрмен беріледі. Мысалы: «Екі адым алға (артқа) – бас!». Осы пәрмен бойынша әр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.
Қозғалыс кезіндегі бұрылыстар «Оң-ға!», «Сол-ға!», «Артқа – бұ-рыл!», пәрмендері бойынша орындалады.
Оңға (солға) бұрылыс жасау үшін орындалатын пәрмен жерге оң (сол) аяқты қоюмен қатар бір мезгілде беріледі. Осы пәрмен бойынша сол (оң) аяқпен бір адым жасап, сол (оң) аяқтың ұшымен бұрылу керек, бұрылумен бір мезгілде оң (сол) аяқты алға созу және қозғалысты жаңа бағытта жалғастыру керек.
Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және керісінше қайта сап құру.
Бөлімшенің жазылма сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.
Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу: «Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға) – саптал!» пәрмені бойынша жүргізіледі.
Артқа бұрылу үшін орындалатын пәрмен оң аяқты жерге қоюмен бір мезгілде беріледі. Осы пәрмен бойынша сол аяқпен тағы да бір адым жасап, оң аяқты алға қарай жарты адым созу керек және біршама солға және сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрылып, қозғалысты сол аяқпен жаңа бағытта жалғастыру керек.
Бұрылыс кезінде қолмен қозғалыс жасау адымның ырғағымен жүргізіледі.
Жаңа сабақты бекіту:
Саптық адыммен қозғалыс кезінде қандай пәрмендер беріледі?
(саппен алға адым бас, орында адым бас, оңға, солға, артқа бұрыл,)
Саптық адыммен қозғалыс кезінде оңға бұрылу пәрмені қалай орындалады?
(саппен жүріп келе жатып, «Оңға!» пәрмені бойынша сол аяқты алға қойып, оңға бұрылып, оң аяқтан жүрісті жалғастыру керек)
Саптық адыммен қозғалыс кезінде солға бұрылу пәрмені қалай орындалады?
(саппен жүріп келе жатып, «Солға!» пәрмені бойынша оң аяқты алға қойып, солға бұрылып, сол аяқтан жүрісті жалғастыру керек)
Саптық адыммен қозғалыс кезінде артқа бұрылу пәрмені қалай орындалады?
(саппен жүріп келе жатып, «Артқа бұрыл!» пәрмені бойынша оң аяқты сол аяқпен айқастыра артқа бұрылып, сол аяқтан жүрісті жалғастыру керек)
Бөлімше, взвод, рота құрамында сәлемдесу қалай орындалады?
(рота, взвод немесе бөлімше құрамында 2 немесе оданда көп лекте (колонна) жүріп келе жатып, командирлер 3-4 адым қалғанда, «Есеп және бір!» пәрмені бойынша командирлер тұрған жақтағы лек тура қалған лектер бастарын бұрып, қолдарын жанға ұстап өтуі керек. «Есеп және екі!» пәрмені бойынша саптық қалыпта жүру керек.
Бастыққа қарама-қарсы келгенде әскери сәлемдесу қалай орындалады? (бас киіммен және бас киімсіз)
Бастыққа 3-4 адым қалғанда саптық адыммен қолды бас киімге қойып, бастыққа қарап өту керек.
Бастықты басып өткенде әскери сәлемдесу қалай орындалады?
Бастықтың қасына келгенде қолды бас киімге қойып, бастыққа қарап, саптық адыммен жүру керек
в) Қорытынды бөлім – 10 мин.
Бағалау: (погон үлгілері бойынша; сержанттық құрам, кіші офицерлік құрам, аға офицерлік құрам, жоғарғы офицерлік құрам)
Үй тапсырмасы:
VI-тарау § 2
САПТЫҚ АДЫММЕН ҚОЗҒАЛЫС. ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ БҰРЫЛЫСТАР ЖӘНЕ ВЗВОД ҚҰРАМЫНДА СӘЛЕМДЕСУДІ ҚАЙТАЛАУ
Взвод бойынша кезекшінің оқушыларды сапқа тұрғызуы. Оқытушымен қоштасу.
Саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?
Саптық тұрыс бөлімше, взвод, рота құрамында және саптық қозғалыстар жасау немесе орындағы бұрылыстар жасау үшін қажет. Сапта бір сызық бойына өкшені қосып, аяқтың басын ашып, қолды жартылай бүгіп жанға қысып ұстау керек, кеудені көтеріп, басты тік ұстау керек.
- Сап дегеніміз не?
Әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің Жарғымен белгіленген өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі орналасуы.
- Саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?
Взвод Саптал! Реттел! Түзел! Тік тұр! Ортаға түзел!
- Екі қатарлы сап дегеніміз не? Қалай орындалады?
Бір қатардағы әскери қызметшілер басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай бір қадам арақашықтықта орналасқан сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылыс жасағанда қатарлар өзгермейді.
- Орында тұрғандағы бұрылыстар қалай орындалады?
Орнында тұрғандағы бұрылыстар: «Оң-ға!», «Сол-ға!», !Артқа бұ-рыл!» пәрмендері бойынша орындалады.
Артқа және солға бұрылу – сол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.
Маңдайшеп дегеніміз не?
Саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы.
Саптан шық пәрмені қалай орындалады?
Өзінің аты-жөнін естіген оқушы мен ден жауап береді? Саптан шық деген пәрмен бойынша саптан 3 адым шығып сапқа қарап тұрады
Саптың тыл жағы дегеніміз не?
Маңдайшеп жағына қарама-қарсы жақ.
- Лек дегеніміз не?
Әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.
- Бағыттаушы деген кім?
Көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші.
- Тұйықтаушы деген кім?
Лектегі соңғы келе жатқан әскери қызметші.
Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.