«Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі»

Презентация: «Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі»

Тәрбиеші: Тайтулеуов О. Н.

Алғашқы әскери дайындық 10 - сынып

Тақырыбы:                         Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі

Білімділік  мақсаты:            Атыс жүйесі және түрлерін оқыту

Дамытушылық мақсаты:     Ұрыстық қару-жарақпен, атыс жүйесін байланыстыра отырып дамыту

Тәрбиелік мақсаты:            Ұрыс кезінде қарсыласты жеңіліске ұшырайтындай соққы беруге үйрету

Оқыту әдістері:                   Әңгімелеу, сұхбат, көрсету

Көрнекіліктер:                    АӘД кітабы, слайдтар

Кіріспе бөлімі:                    7 мин.

сапқа тұру

взвод командирінің пәрмен беруі

сәлемдесуі

сырт көрнісін тексеру

өткен тақырыпты сұрау

Негізгі бөлімі:                     35 мин

Қарудың барлық түрлерінен ату ұрыста қарсыласты жоюдың негізгі құралы болып табылады. Мотоатқыш бөлімшелері қарсыласты жекелеген атыс құралдары арқылы (ЖҰМ, пулемет, гранатаатқыш) және шоғырланған атыс арқылы жояды.

Шоғырланған атыс- бірнеше атыс құралдарынан бөлімшені бір маңызды нысанасын немесе учаскесіндегі нысаналар тобын ату.

Атыс бағытына қарай жаппай, қапталдан, бойлата ату болуы мүмкін.

Жаппай ату – нысананың маңдай шебіне перпендикуляр жүргізіледі.

Қапталдан ату – нысанан қапталынан ату. (автоматтан пулеметтен жүргізіледі)

Айқастыра ату – бір нысанаға екі не оданда көп бағытта жүргізілетін атыс.

Бойлата ату – жақын қашықтықтанғ кенеттен пулеметтен немесе автоматтан жүргізілетін атыс.

Атыс жүйесін деген – бөлімшенің атыс құралдарын командир жоспарымен ұрыста дұрыс пайдалана білу.

Ұрыста атыс маневрін қолданусыз жеңіске жету мүмкін емес.

Атыс маневрін әрбір жауынгер қолдана алады. Ол үшін ұрыс алаңын үнемі бақылап нысананы анықтау, бір нысанадан екіншісіне ауыстыра отырып жою.

Қамту – қарсыластың тылы мен қапталына жасалатын маневр.

Айналып өту – қарсылас қапталы мен тылына барынша терең маневр жасау.

Кенеттілік – қарсылас үшін күтпеген қимылдар, ол қарсыласты аңдаусыз қалдырып дүрбелең тудырады және оны ұйымдасқан түрде қарсылық көрсету қабілетінен айырады.

Қорытынды бөлімі 3 мин.

Бекіту сұрақтары:

1. Атыс жүйесін деген не?

2. Атыпен маневр жасау деген не?

3. Атыс бағыттары қандай?

 

 

Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.

 

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика