«Жаңартылған білім мазмұны жағдайында бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырудың өзекті мәселелері»
Шығыс Қазақстан облысы
Зайсан ауданы
«Шілікті орта метебі» КММ
Жақсылықов Сымбат Серикович
АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы
«Жаңартылған білім мазмұны жағдайында бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырудың өзекті мәселелері»
«Білім алу - батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу – өнер» - демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты саясатының бірі. ХХ ғасырдың басынды А.Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрететін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім»- деген екен. Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша жекешелендіру және баланың бойында сананы – қалай оқу керектігін үйретуді қалыптастыруға мән бере отырып,оны тұлға ретінде дамытуда икемдік танытулары тиіс. Білім беру қол жеткізілген білімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің де негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерлерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Жалпы білім беру жүйесінде патриоттық тәрбие және «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің маңызы жыл сайын артуда. Жастарды әскери қызметке дайындау үшін АӘД-тың бөлімдері негізгі рөл атқаруда АӘД-та айтылған теориялық білім, тәжірибелік дайындықтар, әскери-спорттық жарыстарға қатысуы- жастарды әскери қызметке деген қызығушылығын арттырады. Жүйеленген және дұрыс жоспарланған оқу-тәрбие жұмыстары жоғары нәтижелерді береді.
Оқу пәнінің мақсаттары мен міндеттері:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету. Күнделікті сабақ беру барысында балаға терең білім, тәлімді тәрбие беру- әр мұғалімнің басты міндеті екені даусыз. Оған жету үшін оқытудың мазмұнын, мақсат, әдіс –құрал, жағдай сияқты негізгі салалар бойынша көп тәжірибе жинақтау керек.Оның екі жолы бар: Өзгелердің озат тәжірибелерін зерттеп –үйреніп, күнделікті тәжірибеде қолдану. Эксперимент жолымен өзіндік жұмыс стилін қалыптастырып, өз тәжірибеңді жинақтау. Көп жағдайда бірінші жолды белгілі бір дәрежеде игеріп барып қана, екінші жолға түсуге болады деп есептеледі. Жалпы алғанда, тәжірибелі мұғалім дегеніміз-кез келген педагогикалық мәселені практикалық тұрғыдан шеше алатын, өз ісінің шеберіне айналған кәсіби біліктілігі жоғары мұғалім. Осы уақытқа дейін кейбір түсініктер бойынша тек тәжірибелі мұғалім ғана шығармашылықпен жұмыс жасап , жаңашылдықпен айналыса алады делінетін. Қазіргі жаңаша түсінік бойынша мұғалім оқыту барысында шығармашылық ізденіспен айналысу, өз тәжірибесінде әр түрлі жаңалықтар ашумен қатар оларды тиімді қолданып нәтиже шығару болып отыр. Оқушыға білім беру барысында яғни, оқу мен оқыту үдерісінде мұғалім тапсырманы жоспарлы түрде ұсынады, баланың ішкі қажеттілігі мен талабын қанағаттандыру мақсатында өзін-өзі реттейді, жаңаша ізденіске бейімделеді, өзіндік талдау жасау арқылы оқушының нені үйренгісі келетінін анықтайды. Соның негізінде мұғалім оқушыға білім мазмұнын меңгертуге қандай әдіс-тәсілдерді қолданатынын алдын ала қарастырады, проблемалық жағдайларда аудиториялық атмосфераға қарай түрлендіреді. Сабақ барысында мұғалім өзін-өзі реттеу арқылы оқушыларды бағыттап, жетектеуші қызметін атқарады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады, білім мазмұнын меңгеру деңгейі жоғарылайды. Тұлғаның ішкі позициясының дамуы көп жағдайда оның кәсіби маман ретінде дамуымен анықталады деуге болады. Кәсіпке бейімделу кезінде әр маманда «осы кәсіп маған керек» деген сана қалыптасуы керек. Қазіргі таңда оқушыларды қалай оқу керектігін үйреніп, еркін, ынталы, сенімді өз ойын нанымды жеткізе білетін, сыни көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын тұлға ретінде қалыптастыру басты мақсатымыз. Бұрынғы дәстүрлі стильге қарағанда заман талабына сай бастаманың өтімді әрі тиімді екендігі байқалады. Сабақты жаңашылдықпен оқыту оқушылар тарапынан да қолдауға ие.
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану;
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу;
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық;
Кембридж тәсілінің тиімділігі – баланың ойлау, сөйлеу, және жазу қабілетінің қай деңгейде екеніне көз жеткізіп, кездескен олқылықты дер кезінде жөндеуге мүмкіндік береді. Сабақ барысында оқушы мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу арқылы өмірде кездесетін түрлі проблемаларды жеңуге үйренеді. Сондай-ақ оқушыларды топқа бөліп оқытудың тиімді екенін көрдім. Топты әрқалай құруға болады. Мысалы: бөлім бойынша, тапсырма бойынша, топқа бөлінеді.Оқушылар оқу мен зерттеуге ынта жігерін салып, белсенділігі, сабаққа деген қызығушылығы артады, ойлау, сөйлеу, қабілеті дамып, ынтымақтастықта білім алады. Егер сабақ жоспары дұрыс құрастырылса, сыныптағы оқушылардың барлығы сабақ барысында сабаққа толыққанды қатысуға, өз ойын еркін бөлісуге мүмкіндік алады. Шәкірт өздігімен үйренуі керек, сонда ғана оның білімі толығады, солай ғана ол білімді өз өмірінде қолдана алады. Шәкірт бұрынғы (пассив) күйден (әдетте сабақта оқушы тек мұғалімнің айтқаны мен оқулықта берілгенді бұлжытпай орындайды емес пе?) белсенді әрекеттерге көшуі қажет. Шәкірт өздігімен және басқалармен бірлесе білім ізденіп, бұл білімнің өз өміріне қалайша қажет болатынын айқындауы керек. Ақпараттану ғылымы өмірден оза дамып бара жатқан осы уақытта сабақ процесін жүргізуде,оның ең негізгі кезеңі оқушының білім деңгейін анықтауда жаңа технологиялық құрал-компьютерді пайдаланудың орны ерекше.Алғашқы әскери дайындық пәніне жүктелетін міндет жеңіл емес, өйткені, ел қорғаушы жастардың денсаулығы мықты,барынша білімді, жан-жақты дамыған жас болуы тиіс. Ендеше, еліміздің болашақ қорғаушыларының осы заманғы техника жетістіктері негізінде жасалған озық тәжірибелерді еркін меңгере алатын, елжанды әрі батыл да парасатты болып тәрбиеленуі үшін біздер, яғни, олардың ұстаздары да оқытудың қазіргі жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін жақсы біліп, оларды сабақ пен сабақтан тыс шараларды жүргізу кезінің бәрінде де жүйелі түрде қолдануға тырысқанымыз абзал. Яғни, осы қазіргі жаңартылған технологияларды пайдалану арқасындағы нәтижелерді айтар болсақ, алғашқы әскери дайындық пәнін меңгеруде қолдана отырып оқу-тәрбие жүргізу арқасында мектеп оқушылары жылда өткізілетін аудандық , облыстық сайыстардан жүлделі орындардан көріне білді. Атап айтқанда мектеп оқушыларының «Айбын» атты әскер-патриоттық сайысында 3-орын, «Жас мерген-2018» сайысында жүлделі 3-орын,аудандық әскери-патриоттық турнирлерде жүлделі 1-ші және 3-орын, мектеп оқушыларының 10-сынып оқушы ұлдарының далалық оқу-жаттығу жиынында өткізілетін сайыстарында «автоматты бөлшектеу және жинақтау» сайысынан 1-орын, жалпы қорғаныш костюмін кию сайысынан 1-орын, Жалпы командалық есепте жүлделі 1-орын алып алған білімдерінің нәтижелерін көрсетіп отырғаны айқын дәлелі деп білемін.
Бағдарламаны жүзеге асырудағы күтілетін нәтижелер:
- Білім беру педагогтарымен жұмыс сапасы жетілдіріледі;
-Жаңа білім беру бағдарламалары әзірленеді және тәжірибеден өткізіледі;
-Өзін-өзі сақтау және құтқару, экстремалды және төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттерге дайын болады;
-Дене шынықтыру жаттығуларын күнделікті орындауға балалар мен жасөспірімдерде қажеттілік туындайды.
- Өздерін жеке тұлға ретінде қалыптастыру арқылы әскери өмірдің маңызын түсініп, оған саналы көзқарасты тәрбиелейді;
- Алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру бойынша негізгі білім шеберлік пен дағдыларды толықтырады.
-Өз Отаны үшін мақтаныш сезімі оянған,қол жеткізген құндылықтардың барлығы-ата-бабасының ісі, ойы, ар-ожданы екенін білетін;
Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.