«Мен бір жасқа өстім»

Тәрбиеші: Закерия Айнұр

Өтпелі тақырып: «Әрқашан күн сөнбесін»

Апта тақырыбы: «Мен бір жасқа өстім»

Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникатция».

Бөлімі: Қарапайым математика, Құрастыру, Сөйлеуді дамыту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Математика еліне саяхат»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: Дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып жыл көлемінде алған білімдерін қорытындылай келе  сандарды тура және кері санауды және геометрялық пішіндер туралы білімдерін бекіту. Ойлау қабілеттері мен қиялдарын дамыта отырып есте сақтауға уақытты және кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа, татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:  сұрақ-жауап,түсіндіру
Көрнекілік және қажетті құралдар: тақта, поез, сан таңбалары, пішіндер.
Тілдердің  үштұғырлылығын іске асыру:
1. Қазақша: бір, екі, үш.
2. Орысша: один, два, три.
3. Ағылшынша: one, two.  three
Кіріспе: Ашық алаң.
- Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер жасап тұрады.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Олай болса барлығымыз келген қонақтармен амандасып алайық.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің ісі ғой
Ал,кәнекей бәріміз
Сәлем, -дейік үлкенге
Қайырлы күн, қонақтар
Қайырлы таң, балалар.
Мотивациялық қозғаушылық: Үн таспадан балықтың дауысын естірту.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар сендер қандай бақытысыңдар, достарың қандай көп, мені қараңдаршы жалғызбын, сендер сияақты достарым болса ғой?
Балалар олай болса біз балыққа дос табу үшін екі орталыққа бөлінеміз
Негізгі бөлім:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Тәрбиеші: Логикалық сұрақ:
- Түнде  ұйықтаймыз, ал жаттығуды жасаймыз қай уақытта?
- Таңертең
- Қай уақытта далаға шығып ойнаймыз?
- Түсте
- Күн батады қызарып, мамамызды күтеміз бұл қай уақыт?
- Кешке
- Күндіз күн шығады, ал ай қай уақытта шығады?
- Түнде
Суретпен жұмыс:
І-тапсырма:
- Тақтадан қандай көлік түрін көріп тұрсыңдар?
- Паровоз
- Поровоздан басқа тағы қандай көлік түрлерін білесіңдер?
- Машина, автобус, ұшақ,
- Балалар поровез жүрейін десе жүре алмай тұр екен өйткені оның вагондары дұрыс орналаспапты.
- Вагондары дұрыс орналасқан ба?
- Вагондарындағы сандары өзгеріп кетіпті.
- Иә, дұрыс айтасыңдар сандарды кім ретімен орналастырады.
- Енді барлығымыз осы сандарды  реті бойынша тура және кері санап көрейікші
1. Қазақша: бір, екі, үш.
2. Орысша: один, два, три.
3. Ағылшынша: one. Two. three
ІІ-тапсырма: Шарларға сандарды сәйкестендіру. .
- Балалар алдарындағы шарларды санап сандарды сәйкестендіреді.
- Сандардың түстерін айтады.
ІІІ-тапсырма: Сергіту сәті
Аяқпенен топ-топ
Алақанмен хлоп, хлоп, хлоп
Бір оңға, бір солға
Айналамыз кел мұнда
Секіремін жоғары
Қиын емес секіру
Бір оңға, бір солға
Айналамыз кел мұнда.

 

ІV-тапсырма: Пішіндерге құсайтын заттарды орналастыру. (Топтық жұмыс)
Балаларды үшбұрыш пен  дөңгелектің  суреттерін таратып беру арқылы екі топқа бөлеміз.
Тәрбиеші:
Үшбұрыш тобына тапсырма:
- Ұшбұрышқа ұқсайтын заттарды орналастырғызу.
Тәрбиеші:
Дөңгелек тобындағы балалар үшбұрыш тобын бағалаймыз қандай баға береміз.
Үшбұрыш тобы:
Жақсы деген баға береміз.
Кері байланыс:
Балалар дұрыс орындағаны үшін.
Дөңгелек  тобына тапсырма:
-Дөңгелек пішіндерге ұқсайтын заттарды орналастырғызу.
Тәрбиеші:
Үшбұрыш тобындағы балалар дөңгелек тобындағы балаларды бағалаймыз қандай баға береміз?
Ұшбұрыш тобы:
Жақсы деген баға береміз.
Қорытынды бөлім:
Тәрбиеші:
- Балалар, біз бүгін кімге көмектестік?
- Тапсырмаларды дұрыс орындай алдыңдар ма?

 

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика