«Гүл сыйлайық анаға»
06 Наурыз 2018 ж. «Еркетай» ІІ кіші тобының 8-наурыз мерекесіне дайындаған
«Гүл сыйлайық анаға» атты мерекелік ертеңгілікті дайындаған тәрбиеші: Закерия Айнұр
«Гүл сыйлайық анаға»
Мақсаты: Көктем туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күйі туғызу. Аналар мен әжелер мерекесіне орай тақпақтар әндер айту арқылы сойлеу қабылдау қабілеттерін дамыту.
Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Жүргізуші: Қымбатты аяулы аналар сіздерді көктем айының алғашқы мерекесі 8-ші наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз. «Еркетай» тобының «Гүл сыйлайық анаға» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы музыка залымыз қандай әдемі болып кеткен. Біз қандай мерекені тойлауға келдік?
Балалар: Аналар мерекесін
Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасыңдар балалар мерекеде аналарыңа не сыйлайсыңдар?
Балалар: Гүл сыйлаймыз
(Осы кезде музыка әуенімен Қызыл телпек кіреді)
Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен қайда келдім. Мұнда қандай мерекені тойлап жатырсыңдар.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе! Қызыл телпек біз аналар мен әжелер мейрамын тойлап жатырмыз.
Қызыл телпек: Балалар мен орманда әжемнің мерекесіне гүл шоғын сыйлаймын деп көп гүлдерді іздеп адасып кеттім.
Жүргізуші: Қызыл телпек сен мұңайма біздің балалар саған көмектеседі.
Қызыл телпек: Олай болса балалар бәріміз бірге гүл шоқтарын іздейік, сендер маған көмектесесіңдер ме?
Жүргізуші: Біздің балаларда аналарына гүл шоғын сыйлағылары келеді. Гүлді тез табу үшін балалардың өнерін тамашала.
Ән: «Құттықтаймын мама» (сөзі, әнін жазған: С. Қыдыралиев)
Нұрын төкен маған,
Шуағымсың – сен.
Айналайын – мама,
Қуанышың мен
Шаттандырған мені,
Жұбанышым – сен.
Құттықтаймын сізді,
Туған күніңмен.
(ля-ля-ля-ля)
Аялаған мені,
Ән қанатың мен
Құттықтаймын сені,
Салтанатың мен.
Бақытты ғой заман,
Қандай көңілді.
Мен тілеймін саған,
Ұзақ өмірді.
Жүргізуші: Келесі кезекті балаларымыздың аналарына арнаған тақпаққа берейік.
Нұрайым: Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
Айтумар: Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.
Рая. Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде сақтаған.
Анашым деп мақтанам.
Айналайын ақ мамам.
Сұңқар. Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.
Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
Заңғар. Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз.
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Нұрислам. Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын.
Еміп өскен бөбекпіз,
Анамыздың мамасын.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
Жүргізуші: Қызыл телпек біздің балалар ойын ойнағанды жақсы көреді. Бүгін мерекеғой мерекеде неге көңілімізді көтеріп ойын ойнамасқа.
Ойын: «Гүл жинау»
Жүргізуші: Балалар осы гүлдерімізді Қызыл телпекке сыйлайық. Ол әжесіне сыйласын.
Қызыл телпек: Балалар сендерге рахмет осы гүлдерді әжеме сыйлайын. Әжем бір қуанып қалатын болды.
(Осы кезде есік қағылып қызыл телпектің әжесі келеді
Әже: Ой балалар сәлеметсіңдер ме менің немере қызым осында екенғой мен сені іздеп жүрсем.
Қызыл телпек: Әже мен сіздің мерекеңізге гүл шоқтарын іздеп жүргенде осындай өнерлі, ақылды балаларға кезіктім. Мына гүл шоқтарын әже сізге сыйлайын. Әже мына балалар өте өнерлі екен сізде отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
Жүргізуші: Әже сізде біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән: «Әжем менің айдай»
Ақ кимешек киген
Ақ бетімнен сүйген
Әжем менің қандай?
Әжем менің айдай.
Мені жақсы көрген
Ертегі айтып берген
Әжем менің қандай?
Әжем менің айдай.
Бақшаға бір барған,
Шықсам күтіп алған.
Әжем менің қандай?
Әжем менің айдай.
Жүргізуші: Келесі кезекті балаларымыздың әжелеріне арнаған тақпаққа берейік.
Еркенұр. Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.
Шұғыла. Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Айым. Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсаң шаттанған.
«Алтыным» деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Жасмин. Мен анамды жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде,
Шаттанып ойнап күлем.
Жүргізуші: Біздің балалар биді де жақсы билейді.
Би: «Үйректер»
Әже: Балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер әнді де, тақпақты да, биді де жақсы билейді екенсіңдер. Балалар сендерге рахмет немере қызымды таптым енді біз үйімізге кетейік сау болыңдар.
Жүргізуші: Балалар біз қызыл телпекке көмектестік . Әжесі қызыл телпекке қатты қуанды.
(Осы кезде әдемі әуенмен Көктем аруы келеді)
Көктем аруы: Сәлемтсіңдер ме балалар жылуымды шашып, жер бетін аралап келе жатырмын. Көктемнің алғашқы мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші: Сәлеметсізбе көктем аруы қош келдіңіз. Біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем аруы: Мен қалай келмеймін бүгін аналар мен әжелер мерекесі.
Жүргізіуші: Көктем аруы сіз отырып біздің балалардың өнерін тамашалаңыз. Біздің балалар орыс, ағылшын тілінде тақпақтар да айтады.
Аружан. Милая, родная
Мамочка моя
Знай, что очень сильно
Я люблю тебя.
Анна. Мамочка, мамуля,
Так тебя люблю я!
Я платок тебе дарю,
Вот как я тебя люблю.
Жүргізуші: Көктем аруы біздің балалар өте өнерлі Сұңқар мен Айтумардың тақпақтарын тамашалаңыз.
Сұңқар мен Айтұмар: «Не үшін»
Екі көзіміз не үшін керек,
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағымыз не үшін керек,
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Тіл мен жағымыз не үшін керек,
Ақиқатты айту үшін.
Екі аяғымыз не үшін керек,
Шет жүрсек туған жерге қайту үшін.
Көктем аруы: Балалар сендер тақпақты қандай жақсы айтасыңдар. Олай болса балалар біз көктем мерекесіне орай көңілді би билейік.
Би: «Гүлдер»
Көктем аруы: Балалар сендермен би билеп көңілім көтеріліп қалды. Балалар аналар мерекесінде аналарыңа не сыйлайсыңдар?
Балалар: Гүл сыйлаймыз
Жүргізуші: Балалар өз қолдарымен аналарына гүл жасады сол гүлдерін аналарына сыйлайды.
Көктем аруы: Балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер мен сендерге сыйлығымды берейін. Енді мен кетейін мені басқада балалар күтіп отырған болар. Сау болыңдар балалар.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар алда келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын. Осымен «Еркетай» тобының «Гүл сыйлайық анаға» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар.