«Қызықты математика еліне саяхат»

«№ 20 «Нұршуақ»
балабақша - бөбекжайы» КМҚК
2-кіші тобының тәрбиешісі
Бақытбекқызы Асылжан
БІЛІМІ: жоғары
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университтеті 2017 жыл
Мамандығы: «Мектепке дейінгі тәрбие мен қыту».
Өтпелі тақырып: «Әрқашан күн сөнбесін»
Апта тақырыбы: «Мен бір жасқа өстім»
Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникатция».
Бөлімі: Қарапайым математика, Құрастыру, Сөйлеуді дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Қызықты математика еліне саяхат»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты Сандарды тура және  кері санау,геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту. Балалардың ойлау қабілетін артыра отырып,есте сақтауға және кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып жыл бойы алған білімдерін толықтырып қорытындылау. Балаларды татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: ойындар құрастыру, сұрақ-жауап,түсіндіру
Көрнекілік және қажетті құралдар: интерактивтті тақта, сан таңбалары,ағаш суреттері.
Тілдердің  үштұғырлылығын іске асыру:  Орман – лис – winter (wintә).
Кіріспе: Ашық алаң.
- Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер жасап тұрады.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Олай болса барлығымыз келген қонақтармен амандасып алайық.
Балабақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Бір жыл бойы мәпелеп,
Аялады бақшамыз.
Тәрбиеші: Бүгінгі күліп шыққан күн секілді менің көңіл-күйім өте жақсы. сендердің көңіл күйлерің қалай?
Балалар: Жақсы
Ендеше осы жақсы көңіл-күйімізбен ,келген қонақтарымызбен үш тілде сәлемдесейік:
Қайырлы таң!
Доброе утро!
Good morning
Тәрбиеші: Балалар  бұл жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі
Тәрбиеші: Көктемде ауа райы қандай болады?
Балалар: Күн жылынады,жауын жауады,ағаштар бүршік жарды.
Мотивациялық қозғаушылық: Үн таспадан ормандағы аңдардың дауыстарын естірту. Балалар бұл ненің дауыстары.Осы дауыстар қайдан шығып жатқанын білгілерің келе ме? Олай болса орталыққа бөлінеміз
Тәрбиеші: Жақсы балалар. Енді барлығымыз от арбаға отырып, саяхат жасап, жүріп келейік. Қане бәріміз біріміздің артымыздан біріміз тұрдық, міне алдымызда жол жатыр. Осы жолмен ғана жүріп өтеміз.
Тәрбиеші «Ал паравоз, басты алға,» - деп әндетіп балаларды бастап жүріп кетеді.
Қимылды ойын: «От арба»
Мақсаты: балаларды қызықтыра отырып, бірінің артынан бірі тізбектеліп жүруге жаттықтыру. Ойын-сабаққа жұмылдыру, Көтеріңкі көңіл-күй туғызу.
Ал паравоз, баста алға
Бәрімізді басқарда
Пш-пш-пш біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік
Гу-гу гуілде,
Қалып қойма бәріңде
Пш-пш-пш біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік
Балалар  біз қайда келдік,орманғада келіп жеттік.
Негізгі бөлім:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Тәрбиеші: Логикалық сұрақ: (Миға шабул)
-Қояның неше құлағы  бар?
- Пілдің мұрны ұзынба, Түлкінің мұрны ұзын?
Аю үлкенбе, Тышқан үлкенбе?

Суретпен жұмыс:

І-тапсырма: Суреттегі қоянның қай мүшесінде санның таңбалары орналасқан
- осы сандарды кім тақтаға ретімен орналастырады.
- Енді барлығымыз осы сандарды  реті бойынша тура және кері санап көрейікші
Бір, екі, үш.
Раз, два, три.
One, two, three

ІІ-тапсырма: Оң-сол,асты-үсті ұғымдарын бекіту.
- Себеттің оң жағына алма, сол жағына саңырауқұлақ, үстіне бүлдірген, астына сәбізді қойдыру.

ІІІ-тапсырма: Сергіту сәті
Ұзын мұртты құмырсқа
Бара жатты жұмысқа
Допты алды қолына
Допты қойды жолына
Оңға қарады, солға қарады
Тау екен деп ойлады.

ІV-тапсырма: Ұй құрастыру (Топтық жұмыс)
Балаларды үшбұрыс пен дөңгелектің суреттерін таратып беру арқылы екі топқа бөлеміз.
Тәрбиеші: Үшбұрыш  тобына тапсырма:
- Мына пішіндерден аңдарға көмектесіп үй құрастырайық
Тәрбиеші: Дөңгелек  тобындағы балалар үшбұрыш тобын бағалаймыз қандай баға береміз.
Үшбұрыш тобы: Жақсы деген баға береміз.
Кері байланыс: Олар дұрыс құрастырғаны үшін.
Дөңгелек тобына тапсырма:
Мына пішіндерден аңдарға көмектесіп үй құрастырайық
Тәрбиеші: Үшбұрыш  тобындағы балалар  дөңгелек  тобындағы балаларды бағалаймыз. Қандай баға берер едіңдер?
Дөңгелек тобы: Орташа деген баға не үшін олай бағаладыңдар?
Кері байланыс: Өйткені олар үйдің шатырын құрастырғанда аздаған кемшіліктер жіберді.
Тәрбиеші: иә дұрыс айтасындар келесі жолы кемшіліктер жібермеуге тырысамыз.
Қорытынды бөлім:(бағанағы шыққан дыбыстар ненің дауыстары екен?
Кәне айтайықшы,олар ормандағы тіршілік ететін аң,құстардың  дауысы екен.)

Тәрбиеші:
- Балалар, біз бүгін кімге көмектестік?
-Тапсырмаларды орындау қиын болды ма, әлде қызықты болды ма?
Тәрбиеші: Кәне балалар бүгінгі оқу іс-әрекеінде өзіңді қалай бағалайсың. Алдарында күндер тұр. Мен күліп тұрған күнді аламын,өйткені көңіл күйім өте тамаша. Өздеріңе ұнаған күндерді алыңдар. Өте жақсы.
Қонақтарға сау бол айтайық.

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика