«Орманға саяхат»

«№ 20 «Нұршуақ»
балабақша - бөбекжайы» КМҚК
2-кіші тобының тәрбиешісі
Кенжехан Сайрангүл
БІЛІМІ: жоғары
Қарағанды қаласы  Болашақ Академиясы 2016 жыл
Мамандығы: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Өтпелі тақырып: «Әрқашан күн сөнбесін»
Апта тақырыбы: «Мен бір жасқа өстім»
Білім беру саласы: «Әлеуметтік», «Шығармашылық».
Бөлімі: Экология негіздері, Сурет.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Орманға саяхат»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: Жыл көлемінде алған білімдерін қорытындылай келе  табиғат құбылыстарынна деген  дағдыларын  жетілдіру, сурет салудың дәстүрлі емес тәсілдерін қолдана отырып шығармашылық қабілеттерін ояту, тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту.Монтосорри әдістемесін пайдалана отырып, дәстүрлі емес әдістермен  жұмыс істеуге дағдыландыру. Саусақ қол моторикасын жетілдіру, ойынға деген қызығушылықтарын ояту. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге, татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: тыныштандыру жаттығулары, ойындар, құрастыру, сұрақ-жауап,түсіндіру
Көрнекілік және қажетті құралдар: Саңырауқұлақ, әр түрлі баулар, су бояу, қысқыштар.
Тілдердің  үштұғырлылығын іске асыру:  Орман – лис – winter (wintә).
Кіріспе: Ашық алаң.
- Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер жасап тұрады.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Олай болса барлығымыз келген қонақтармен амандасып алайық.
Балабақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Бір жыл бойы мәпелеп,
Аялады бақшамыз.
Тәрбиеші: Бүгінгі күліп шыққан күн секілді менің көңіл-күйім өте жақсы. сендердің көңіл күйлерің қалай?
Балалар: Жақсы
Ендеше осы жақсы көңіл-күйімізбен ,келген қонақтарымызбен үш тілде сәлемдесейік:
Қайырлы таң!
Доброе утро!
Good morning
Тәрбиеші: Балалар  бұл жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі
Тәрбиеші: Көктемде ауа райы қандай болады?
Балалар: Күн жылынады,жауын жауады.
Мотивациялық қозғаушылық: Үн таспадан ормандағы аңдардың дауыстарын естірту. Балалар бұл ненің дауыстары.Осы дауыстар қайдан шығып жатқанын білгілерің келе ме? Олай болса орталыққа бөлінеміз
Тәрбиеші: Жақсы балалар. Енді барлығымыз от арбаға отырып, саяхат жасап, жүріп келейік. Қане бәріміз біріміздің артымыздан біріміз тұрдық, міне алдымызда жол жатыр. Осы жолмен ғана жүріп өтеміз.
Тәрбиеші «Ал паравоз, басты алға,» - деп әндетіп балаларды бастап жүріп кетеді.
Қимылды ойын: «От арба»
Мақсаты: балаларды қызықтыра отырып, бірінің артынан бірі тізбектеліп жүруге жаттықтыру. Ойын-сабаққа жұмылдыру, Көтеріңкі көңіл-күй туғызу.
Ал паравоз, баста алға
Бәрімізді басқарда
Пш-пш-пш біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік
Гу-гу гуілде,
Қалып қойма бәріңде
Пш-пш-пш біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік
Балалар  біз қайда келдік,орманғада келіп жеттік.
Тыныс алу жаттығуы.
Негізгі бөлім:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Тәрбиеші: І-тапсырма: Дидактикалық ойын. Тірі және өлі табиғат.
Ал балалартабиғаттың ішінен,тірі табиғатты атап беріңдерші?
Балалар: Гүл, шөп, ағаш, жануарлар, құстар.
Тәрбиеші: Ал енді өлі табиғатты атап беріңдерші.
Балалар: Күн, тас, су.
ІІ-тапсырма: Саусақпен сурет салу.
- Балалар мынау не?
- Ағаш.
- ағаш бүршік жармай қалыпты, біз ағашқа  көмектесіп бүршіктердің суретін салып берейік.Орынымызға отырайық.
Кәне балалар сұқ саусағымызды көрсетейік, осы сұқ саусағымызбен сурет саламыз.
Алдымыздағы бояулардың түстерін атайық.бүршікті салу үшін қандай түсті бояды қолданамыз.
- өте жақсы жасыл түсті бояуды қолданамыз.
- Енді маған қараңдар,ағашты бүршігі бұтақтарда жарады,сол үшін саусақты жасыл түсті бояуға батырып бұтақтарға бүршіктің суретін саламыз.
ІІІ-тапсырма: Сергіту сәті
Аю, аю тұршы!
Бетіңді жушы!
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
ІV-тапсырма: Кім нені ұнатып жейді? (Топтық жұмыс)
Балаларды қоян мен аюдың суреттерін таратып беру арқылы екі топқа бөлеміз.
Критериалар:
-Тәрбиешінің айтқанын мұқиат тыңдау,тәртіпті болу.
-Айтылған тапсырманы дұрыс орындау.
Тәрбиеші: Аю тобына тапсырма:
- Жабайы жануарлар нені ұнатып жейді.
Тәрбиеші: Қоянның тобындағы балалар аюдын тобын бағалаймыз қандай баға береміз.
Қоян тобы:Жақсы деген баға береміз.
Кері байланыс:Олар дұрыс айтқан үшін.
Қоянның тобына тапсырма:
-Үй жануарлары нені ұнатып жейді.
Тәрбиеші: Аюдың тобындағы балалар, қоянның тобындағы балаларды бағалаймыз.Қандай баға берер едіңдер?
Қоян тобы. Орташа деген баға.не үшін олай бағаладың дар?
Кері байланыс: Өйткені олар кейбір жабайы жануарлар нені жақсы көретінін табуда аздаған кемшіліктер жіберді.
Тәрбиеші: иә дұрыс айтасындар келесі жолы кемшіліктер жібермеуге тырысамыз.
Қорытынды бөлім: (бағанағы шыққан дыбыстар ненің дауыстары екен?
Кәне айтайықшы, олар ормандағы тіршілік ететін аң,құстардың  дауысы екен.)
Тәрбиеші:
- Балалар, біз бүгін кімге көмектестік?
- Тапсырмаларды орындау қиын болды ма, әлде қызықты болды ма?
Тәрбиеші: Кәне балалар бүгінгі оқу іс-әрекеінде өзіңді қалай бағалайсың. Алдарында күндер тұр.Мен күліп тұрған күнді аламын, өйткені көңіл күйім өте тамаша. Өздеріңе ұнаған күндерді алыңдар. Өте жақсы.
Қонақтарға сау бол айтайық.

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика