Ұлтын сүйген ұлылар үндестігі

Ұлтын сүйген ұлылар үндестігі

 

Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, М.Әуезовтың 120 жылдығы және Алаш қозғалысына 100 толуына орай өткізілген  ашық-тәрбие сағаты.

 

Мақсаты: Абай шығармалары арқылы жас жеткіншектерді имандылыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке  тәрбиелеу.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, құрметті қонақтар, хош келдіңіздер! 2017 жылдың 1-ші шілдесінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар, Рухани жаңғыру»  мақаласы жарық көргенін   білесіздер.
Ел мен елдің, адаммен адамның  бір-бірінен артықшылығы оның тек қана білімінде және мәдениетінде. Қазіргі  уақытта мемлекетіміз мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесіне, оның ішінде  ұлттық  тәрбиеге баса  назар аударып   отыр. Олай болса біздің де басты міндетіміз өсіп келе жатқан жас ұрпақты  отанды сүюге, ұлтжандылыққа, мейірбандылыққа,   қазақылыққа тәрбиелеу деп есептейміз.
Былтыр, яғни, 2017 жылы  есімдері тарихта алтын әріптермен қалған қазақ қоғам қайраткерлерінің бастамасымен құрылған Алаш қозғалысының құрылғанына 100 жыл және  халқымыздың бас ақыны  Абай  Құнанбаевты әлемге танытқан ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың туғанына  120   жыл толды. Ендеше, бүгінгі ашық–тәрбие сағатымызды осы бағытта өрбітпекшіміз. Құрметті ата-аналар,  тәрбие - отбасынан басталады десек, әрбір ата-ана еліміздің тарихын және сол тарихты жасаушы ұлт тұлғаларын  білуі тиіс. Сондықтан   сұрақтардың жауабын сіздерден сұрап көрсек дейміз (Ата-анамен сұхбат).
1. Алаш арыстарын атаңыз («бес арыс» деген кімдер)
2. Өмірбаянын, шығармаларынан үзінді?
3. Алаш қозғалысының орталығы қай қала?
4. Құрамында кімдер болды?
5. М. Әуезовтің туған жері?
6. М. Әуезовтің қандай шығармаларын білесіз?
Көп рахмет, құрметті ата-аналар, енді экранға назар аударайық
(слайд көрсетіледі
Би (қыздар).
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек». (Шакарім Құдайбердіні)
Құрметті балалар, М. Әуезовтің ең танымал шығармасы кім туралы жазылған? Иә, дұрыс айтасыңдар балалар. Ал, халқымыздың бас ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңдері өскелең  ұрпақты  тәрбиелеуде бүгінгі таңда таптырмас құрал екені сөзсіз.
Өлең сөздің патшасы сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Жұп-жұмыр тегіс келсін айналасы.
2 бөлім
Мәнерлеп оқу
1. Ануар        Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
2. Мерей       Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай
3. Бекзада     Құлақтан кіріп бойды алар
4. Айшанұр    Өлең сөздің патшасы
5. Алдияр      Күз
6. Нәрлім      Қыс
7. Бағжан      Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
8. Аяла         Жазғытұры
9. Бегімай     Жаздыгүн шілде болғанда
10. Ерназар   Ғылым таппай мақтанба
11. Нұрай     Әсемпаз болма әрнеге.
Көп рахмет. Бұл балалар тек отбасының ғана емес еліміздің мақтанышына айналары сөзсіз.
Би ұлдар
Енді Абайдың аудармаларына кезек берейік
«Шегіртке мен Құмырсқа»
Ана  тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тілдіңді құрметте.
Қадір Мырзәлі «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру»
1. Ануар
2. Ақбота
3. Айша
4. Сезім
5. Сабина
6. Жансұлу
7. Мерей
«Үш бақытым» Мұқағали Мақатаев
Ануар
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Ән: Желсіз түнде жарық ай (топпен)
«Мен қазақпын» Жұбан Молдағалиев. (Ануар)
Құрметті ата-аналар, осымен біз бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Намысты ұл-қыздарымыздың алар асулары көп болсын.
Шара соңынан мадақтамалар таратылады.

 

Таңарықова Нұрділда Тайкенқызы
Күршім ауданы, Боран ауылы,
Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназияның
«Бөбек» шағын орталығының тәрбиешісі.

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика