«Мамандықтар әлеміне саяхат»
Айгөлек» ортаңғы тобы үшін
ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности
в средней группе «Айголек».
Өткізілетін күні, айы, жылы/Число, месяц,год проведения: «26.02.2018» ж./г.
Тәрбиеші/Воспитатель Алпысова Жұлдыз Масығұтқызы
Білім беру саласы/ Образовательная область: Коммуникация.Әлеумет.Таным.Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
/Раздел организованной учебной деятельности:
Тақырыбы/ Тема: «Мамандықтар әлеміне саяхат»
Білімділік міндеті/ Образовательная задача:Мамандықтар туралы түсінік беру. Шаштараз, аспаз, дәрігер,құрылысшы мамандарына керек заттарды ажырата білуге үйрету; Балалардың мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдету, білімдерін жетілдіру;
Сөздік қорын молайту.
Дамытушылық міндеті/Развивающая задача: Жұмбақ шешу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайтып, тілін дамыту;
Тәрбиелік міндеті/ Воспитательная задача: Суреттер бойынша әңгімелеу, сөздік жұмыстары арқылы сөз дыбыстарын анық айтуға үйрету, Еңбекқор болуға, ұқыптылыққа,шапшаңдыққа, үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, ойын, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру,көрсету, ғажайып сәт,сергіту сәті, мадақтау,бағалау .
Оқу іс- әрекет түрі: Саяхат сабақ
Сөздік жұмыс: дәрігер, аспазшы, шашатаразшы, құрылысшы, т.б.
Көрнекі құралдар/ используемый материал: мамандық түрлеріне байланысты суреттер, мамандық иелеріне керекті құралдар, Мамандықтардың киімдері,
Тілдің үштұғырлығы/ Полилингвальный компонент: Мамандық-Профессия-profession. Дәрігер-врач- doctor.Аспазшы-повар-cook.Шаштаразшы-парикмахер-hairdresser.Құрылысшы-стройтель-builde
Іс-әрекет қызметі/
Этапы деятельности Тәрбиешісінің іс-әрекеті/
Деятельность воспитателя
Мотивациялық-қозғаушылық/
Мотивационно-побудительный - Балалар бүгін бізде ерекше күн. Қане орнымыздан тұрып апайларымызға амандасып алайық .
Сәлеметсіздерме қонақтар!
Здравствуйте гости!
Good moning!
Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де
Қуанамыз бәріміз
Арайлап атқан күнге
Бәрекелді жарайсыңдар!
Ұйымдастыру-іздестіру/
Организационно-поисковый Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын ата?
-Қазір қыстың қай айы?
Тосын сәт.
-Балалар, бүгін біз «Мамандықтар әлеміне саяхатқа»шығамыз.
Саяхатқа немен барамыз?
Автобусты кім жүргізеді?
Олай болса «Мамандықтар әлеміне саяхат» жасау үшін автобусқа билет алайық.
Автобусқа отырып «Мамандықтар әлеміне саяхатқа» шығайық.Міне балалар біз мамандықтар әлеміне де келіп жеттік,билетімізді орнымызға қойып қояйық.
-Балалар бізге мамандықтар әлемі хат қалдырып кетіпті .Хатты ашып көрейік.Хатта не жазып кеткен екен.Бізге жұмбақ жасырып кетіпті.Жұмбақты бәріміз шеше аламыз ба? Жұмбақты шешетін болсақ, біз Мамандықтар әлемінің бірінші аялдамасына да келіп жеттік
Бірінші аялдама Аурухана
Ауруханада кімдер жұмыс жасайды? Дәрігер
Жұмбақ жасыру
Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты. Дәрігер
Сәлеметсіздер ме балалар?
Мен кішкентай баламын,
Таудай болар талабым
Ақ халатты абзал жан,
Мен дәрігер боламын.
Мен Дәрігермін
Менің есімім Жанель.
Мен өзіммен бірге дәрігерлік құралдарымды алып келдім.
Дәрігер құралдарымен балаларды таныстырады.Тәрбиеші 1-2 баланың денсаулығын дәрігерге тексертеді.
Тыныс алу жаттығуы:
Балаларды терең дем алдырып,демді сыртқа шығарту
Тілдік жаттығу
Ер-ер-ер
Балаларды емдер дәрігер.
Ш-ш-ш
Тамақ берер аспазшы.
Екінші аялдама Шаштараз
Жұмбақ жасыру
Қолында қайшы тарағы, тәртіпке шашты салады.
Сәлеметсіздер ме балалар?
Сән үлгісін қиятын
Шаштараз болам жолына
Түрлі түсті шаш қиып
Қызмет етем халқыма!
Балалар шаштаразшы қандай қызмет атқарады?
Шаш тарайды, Шаш қияды,шашты бояйды,сәнді шаш үлгісін жасайды.
Шашын тарап, сәнді шаш үлгісін көрсетеді . Шашын өреді.
Сергіту сәті
Аяқпенен топ - топ
Қолыменен хлоп – хлоп
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда
Қолымызды бір сілтеп
Басымызды шайқайық
Бір оңға, бір солға
Ойнайықшы кел мұнда
Секіреміз жоғары
Қиын емес секіру
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда
Үшінші аялдама Асхана.
Асханада кімдер қызмет жасайды?
Жұмбақ жасыру
Тәп-тәтті тамағы,астардың маманы.(Аспазшы)
Сәлеметсіздер ме балалар?
Аспазшы қандай қызмет атқарады?
Дәмді тамақ пісіріп
Өнерлі бала боламын
Халқым сүйген ардақты
Мен азпазшы боламын
Менің есімім Нұрайым
Аспазшы бізге қандай тамақ үлгісін жасап көрсетесіз?
Көкөністерден борщ (көже) жасап береді.
Төртінші Құрылыс алаңы
Жұмбақ жасыру
Кірпіштен сарай,үй салады,ол адам кім болады? (Құрылысшы).
Құрылысшыға келеді.
Сәлеметсіздер ме балалар?
Сәлеметсіз бе сіз не істеп отырсыз?
Қолда темір қалағым
Саздан сарай саламын
Өскеменнен аумайтын
Әсем қала саламын.
Кірпіштен үй салып көрсетеді.
Балалар бұларды бір сөзбен қалай атауға болады?
- Бүгінгі сабағымызда осы «Мамандықтар» туралы әңгімеледік.
Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады.
«Сиқырлы дорба» ойыны:
«Мамандыққа керек заттарын тап!»
Шарты:Сиқырлы дорбаның ішіндегі мамандық иелерінің қолданатын құралдарын сипап ұстау арқылы құралын табу және тапқан мамандықты қоршау.
Тілдің үштұғырлығы/ Полилингвальный компонент:
Дәрігер-врач- doctor
Аспазшы-Повар-cook
Шаштаразшы-Парикмахер-hairdresser
Құрылысшы-Стройтель-builde
Рефлексивті-түзетушілік/
Рефлексивно-корригирующий Бүгін біз қайда саяхат жасадық?
Саяхатқа қандай көлік түрімен бардық?
Автобусты кім жүргізеді?
Мамандықтар әлеміне саяхат жасап, кімдер туралы әңгімелестік?
Ашық оқу іс- әрекеті
барлығымызға ұнады ма?
Оқу іс- әрекетіне қатысқан балаларды мадақтау,бағалау.
Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!
Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат:
Білу / Знать:Мамандық иелеріне байланысты жұмбақты шеше алады
Түсінуге тиіс / Иметь: Үлкендердің, мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі
Істей білу керек / Уметь: Үй құрастыра білуі керек.
Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.