“ХХІ ғасыр көшбасшылары”

Өскемен қаласы әкімдігінің

«14 негізгі орта мектебі»КММ

Кунанбаева Р.А.

Бастауыш сынып мұғалімі

 

Тақырыбы: “ХХІ ғасыр көшбасшылары” интеллектуалдық ойын

Мақсаты:   1. Пәннен алған білімдерін кеңейту,   тереңдету, жетілдіру, қалыптастыру.

2. Алған білімдерін практика жүзінде қолдана білулерін  дамыту. Білімге деген

құштарлығын, қызығушылығын арттыру.

3. Өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке баулу.

 

Ойын барысы

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған  білімдерін оқушылар ортаға салады.

“ХХІ ғасыр көшбасшылары ” атты интеллектуалдық ойынымызды бастайық. Ойынға 4”в” сынып оқушылары қатынасады.

Ойынға 5 оқушыдан 2 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау.Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек..Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер команда дұрыс жауап берсе, онда келесі сұрақты олар таңдайды. Егер команда сұрақтың дұрыс жауабын берсе - ұпайлары қосылады, ал қате жауап берсе - шегеріледі. Аукцион - сұрақ. Сұраққа жауап беру кезегі сұраққа көп баға берген командаға беріледі,ойыншылардың еншісіндегі ұпай саны сұрақтың бағасынан аз болса, олар ең төмен ставка, яғни сұрақтың бағасын ғана бере алады.Сиқырлы қап сұрағына осы сұрақ қай командаға тисе ,сол команда жауап беру керек.

 

–  Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 10 ұпайдан беріледі. Сонымен, қатысушыларға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.

 

 

 

Құрметті аяулы көрермендер,

Білімменен сусындаған жас өреңдер,

Қош келдіңіз бүгінгі ойын-сайысымызға

Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде.

 

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)

 

ӘДІЛ-ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ САЙЛАНАДЫ

1

2.

3.

4.

 

Ал, қанеки сайысты біз бастайық

Ұрандарымызды айтып,

Өзімізді таныстырып тастайық.

(сөз кезегін әр топқа береміз)

 

Командалардың  өздерімен таныстыруы, сәлемдесуі.

Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады,

« К » әрпінен басталатын математика терминдерін кім көп айтады, сол команда

бірінші бастайды.

 

Сұрақтар қойылған кезде дұрыс қол көтеріп, нақты жауап береміз. Тез әрі жауабы дұрыс оқушыға ұпай беріледі. Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.

1.«БӘЙГЕ» кезеңі

Сұрақтар:

1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)

2. Сын есімнің сұрақтары...(Қай? Қандай?)

3. Ң жазылатын бір сөз ата. (қараңғы)

4. Оңнан солға қарай оқысаң да, солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз шығатын сөзді ата... (қызық, қазақ, қалақ)

5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата.  (сұлу)

6. Сұраулы сөйлемнің аяғында не қойылады? (сұрақ белгісі)

7. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер...(Етістік)

8. Жалқы есімдер қалай жазылады?

9. Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз... (Жақсы)

10. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?(Жұрнақ)

11. Сан есімнің сұрақтары...(Неше? Нешінші? Қанша?)

12. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша... (жалғау)

13. Жалпы есімдер қалай жазылады?

14. Заттың санын, ретін білдіретін сөздер... (сан есім)

15. Етістіктің сұрақтары... (не істеді? Не қылды? Қайтті?)

16. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөз... (биік)

17. Ф әрпі жазылатын сөздер... (фонтан)

18. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер... (сын есім)

19. Хабарлы сөйлемнің аяғына қойылатын таңба... (нүкте)

20. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?(3)

2.«Полиглот» кезеңі

ЖҰМБАҚТАР

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.

(Слайдпен  көрсету, оқушыларға оқыту)

1.Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

2.Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

3.Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

4. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

5. Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

6. Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)

7. Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

8. Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

9. Әттең, даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп. (кітап – книга)

10.Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады( қоңырау-звонок)

3.«ҒАЖАЙЫП ТӨРТТІК» кезеңі

Сұрақтары:

АНА ТІЛІ

1..Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ...

(«Күлпаш».Б.Майлин)

2.  Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

(«Өнер, білім бар жұрттар».Ы.Алтынсарин)

3. «Бүгіннен бастап, сен де менің шәкіртімсің!-дейді.Сөйтіп төрт жасар бала мектеп есігін ашады.» Мәтіннің аты, кім туралы?

( «Ауылға келген мұғалім», М.Жұмабаев туралы)

4. Ұлытау өңірінде Қоңырбай батырдың отбасында дүниеге келген.Он екі жасында әкесіз қалған.Шешесі Қойсана-Абылай ханның сенімді серігі, атақты қазақ батыры Байқозының қызы.Әңгіме кім туралы?  (Ақжолтай Ағыбай батыр).

МАТЕМАТИКА

Ең кіші үш таңбалы сан. 100

4 жүздік, 7 ондық, 0 бірлік қандай сан? 470

5пен 8 санының көбейтіндісі   40

3*5+40 мәні қанша?    55

ДҮНИЕТАНУ

1.Адам денесінің тірегі            Қаңқа

2.Жүрек қайда орналасқан?   Сол жақ кеудеде

3.Біздің Отанымыз қалай аталады?    Қазақстан Республикасы

4.Сезім мүшелерін ата.             Тіл, көз, құлақ, мұрын, сипап сезу

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

 

Ақыл керек білім таңдап аларға,

Білім керек іске жақсы қарарға.

Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,

Білім-жарық, нұрын саған шашатын.

Әділ қазы мүшелері қорытынды жасап, командаларды марапаттайды. Сайысымыз аяқталды.

ХХІ ғасыр көшбасшы интелектуалды-танымдық ойынымызды бастауға руқсат етіңіздер.

 

«Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам»,-деп аңсаған ағартушы педагог Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қысқа ғұмырында ғылым мен білімді кейінгі жастарға насихаттады.

 

Білімді адам еш нәрседен қорықпайды. Әр уақытта батыл, тартымды, білімді жастарымызға қошемет көрсетейік.

 

Арыстанда бір кісінің күші,

 

Жүз кісінің жүрегі бар.

 

Жолбарыста бір кісінің жүрегі,

 

Қырық кісінің күші бар, -дегендей сайыскерлерімізге арыстанның жүрегін, жолбарыстың күшін берсін демекпіз.

 

 

І кезең. «Бәйге».,,

 

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз,

 

 

1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата? (Бастауыш, Баяндауыш)

 

2. «Менің Қазақстаным» әнін шығарған сазгерді ата? (Шәмші Қалдайяқов)

3. Жылқының пірі қалай аталады? (Қамбар ата)

 

4. Бүркіт 30 жыл жасайды, ал тасбақа одан 10 есе артық жасайды. Тасбақа неше жыл жасайды? (300)

 

5. Қазақша жыл санау бойынша жыл басы қай аңға берілген? (тышқан)

 

6. Астана қаласының символы? (Бәйтерек)

 

7. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)

8. Сын есімнің сұрақтары...(Қай? Қандай?)

9. Ң жазылатын бір сөз ата. (қараңғы)

10. Оңнан солға қарай оқысаң да, солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз шығатын сөзді ата... (қызық, қазақ, қалақ)

11. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата.  (сұлу)

12. Сұраулы сөйлемнің аяғында не қойылады? (сұрақ белгісі)

13. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер...(Етістік)

14. Жалқы есімдер қалай жазылады?

15. Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз... (Жақсы)

16. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?(Жұрнақ)

17. Сан есімнің сұрақтары...(Неше? Нешінші? Қанша?)

18. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша... (жалғау)

19. Жалпы есімдер қалай жазылады?

14. Заттың санын, ретін білдіретін сөздер... (сан есім)

20. Етістіктің сұрақтары... (не істеді? Не қылды? Қайтті?)

21. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөз... (биік)

22. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер... (сын есім)

23. Хабарлы сөйлемнің аяғына қойылатын таңба... (нүкте)

24. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?(3)

 

 

 

ІІ кезең. «Тіл өнер»

 

Келді кезек жұмбақтарды шешуге

Жауаптарын беруге үш тілдерде

Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз

Жақсы баға шәкірт саған несібе.

 

1-ойыншыға:

 

1) Берген сауа-садақа, қасиетті... (Жұмада, пятница, Friday)

2-ойыншыға:

1) «... жылда ел жаңа» (елу, пятьдесят, fifty)

3-ойыншыға:

1)Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (Кітап, книга, book)

4- ойыншыға:

)Қанатсыз құс-жапырақсыз ... (ағаш, дерево, tree)

5- ойыншыға:

1) Сабыр мен ... бәрін де жеңбек. (еңбек, труд, labor)

6- ойыншыға:

1)Ақылдының саусағы - ...(мың, тысяча, thousand)

 

 

ІІІ кезең. «Жорға»

Қойылған сұрақ есепке

Ойланып жауап іздейік

Уақытты текке өткізбей

Лезде шешіп тастайық. 1 минут ішінде берілген сұраққа жауап беру керек

 

1-ойыншы:

1. Реніш сөзінің антонимі? (Қуаныш)

3. Жердің табиғи серігі? (Ай)

5. Ресейдің Астанасы? (Мәскеу)

6. Дүние жүзінің чемпионы, балуан атамыз? (Қажымұқан)

7. Ең кішкентай жай сан? (2)

8. Құмырсқа өз илеуін ағаштың қай жағына салады? (оңтүстігіне)

9. Қозы-Көрпеш ғашығы? (Баян Сұлу)

10. Массаның өлшем бірлігі? (килограмм)

11. Ең ірі сүт қоректі? (кит)

12. Қазақстан жер өлшемі бойынша дүние жүзінде нешінші орында? (9-шы орында)

13. Ненің шұңқырын көрмейміз? (желкенің)

15. Дүние жүзінде ең халқы көп мемлекет? (Қытай)

 

2-ойыншы:

3. Англия астанасы? (Лондон)

5. Қаттқан су? (мұз)

7. Килограмм қай шаманың өлшем бірлігі? (масса)

10. Атмосфераның температурасын өлшейтін прибор? (Термометр)

11. Африкадағы құмды шөл? (Сахара)

12. Натурал санға жатпайтын сан? (0)

13. Қаймақ қандай сүттен жиналады? (пысқан)

14. Тура айтқан кімге жақпайды? (Тумасына)

15. Ауырмайтын жыртқыш? (Акула)

 

3-ойыншы:

1. Төмен сөзінің антонимі? (жоғары)

2. Мұздың еріген түрі? (Су)

3. Адам немен дем алады? (оттегі)

5.Абайдың неше қара сөзі бар? (45)

6. «Ақ маржан» аталатын дәнді дақыл? (Күріш)

11.Қайнатурал  сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (1)

 

ІІІ кезең «Дода»

 

Мәңгі бақи есте қалар

 

Ғажайып бір сайыс болсын,

 

Білімдірек шәкірт озар

 

Қиынырақ сұрақ болсын, - деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.Ұпай саны аз топ бірінші болып сұрақ таңдайды. Дұрыс жауап бермеген жағдайда сұраққа жауап беру қарсыластарына беріледі.

 

 

Қазақстан 20 30 40

Математика 20 30 40

Әр түрлі 20 30 40

 

 

 

4.«Дода» кезеңі

Қазақстан

10. ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды?     (1991 жыл)

30.  Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?  (Т.Әубәкіров)

40.  .ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?  (1995ж.)

 

 

Математика 20

 

9 санын үш рет пайдаланып және математикалық амалдарды қолданып 10 санын шығар?

 

Жауабы: 9:9+9

 

Математика 30

 

Сәуле, Әсет, Батыр – туыстар. Сәуле – Әсеттің қызы; Әсет- Батырдың ұлы. Сәуле Батырға кім болады? ( немере)

 

 

Математика 40

 

Оқушы ойлаған санды 5-ке бөлсе 2 қалдық қалады, 7-ге бөлсе 1 қалдық қалады. Ол қандай сан?

 

Жауабы:22

 

 

 

 

 

 

ІІ бөлім. Полиглот.

Жұмбақтардың шешуін тауып, жауабын қазақ, орыс тілдерінде айту.

Мен – ақ қалам, ақ қалам,

Жазған сайын жоқ болам. ( бор – мел)

Қарап тұрсаң өзіне,

сурет түсер көзіңе.

Ол суретің ұқсайды,

Дәл қазіргі кезіңе. ( айна – зеркало)

Күні бойы сен оны

екі аяқтап басасың.

Жатар кезде өзіңнен

Аулақтатып қашасың. ( етік – сапоги)

Күндіз бәрі қашады,

түнде аспанды басады. ( жұлдыз – звезда)

Ағайынды бәрі.

Шықса жасыл,

Түссе сары. ( жапырақ – листья)

Шидиген ұзын сирағы,

тастай керең құлағы.

Сөйтіп жүріп көп жерге,

Аспалы торлар құрады. ( өрмекші – паук)

Жазда қыдырады,

қыста тынығады. ( аю- медведь)

Жатып- жатып инелер,

жүгіріп жаныңа тез келер. ( кірпі – ежик)

Қыста ғана болады,

ұстасаң қолың тоңады. ( қар – снег )

Үй ішін аралап,

түнде көп жортады.

Қаптарды жарып,

Мысықтан қорқады. ( тышқан – мышь)

Ән салады чемодан,

ішінде жүр көп адам.

Естімейді сөзіңді,

Сөйлесең де сен оған. ( теледидар – телевизор)

12.Өзі жап-жас, мұрты бар.

етпен сүтке ұмтылар,

тастамайды жылы үйде,

түкті тонын шұп-шұбар.( мысық – кошка)

13.Төрде жатып шалқиған,

дәу қарны қампиған. ( жастық-подушка)

14. еркін самғап ұшсын деп,

мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы деп,

Қайсы құсты атаймыз? ( көгершін – голубь)

15. жерде де мекен етеді,

көлде де мекен етеді. ( бақа- лягушка)

16. жұпар иісі еседі,

жайнап бақта өседі.( гүл – цветок)

17. көкпеңбек еді көктемде,

қызарды күзге жеткенде. ( алма – яблоко)

18. сыртта қапырық болып тұр,

үйде ол селкілдеп тоңып тұр. ( тоңазытқыш – холодильник)

19. жерге тырс- тырс тамады.

Сайға қарай ағады. ( жаңбыр-дождь)

20. жарға шығып ойнайды,

ойынға бір тоймайды.

Болса-дағы сақалы,

Секеңдеуді қоймайды. ( ешкі –коза)

21. мен жүгірсем – жүгіреді,

мен мүдірсем – мүдіреді ( көлеңке – тень)

22. сүрткен киімі тазарып,

өзі қалды тым арып. ( сабын – мыло)

23. күндіз де жүреді,

түнде де жүреді.

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Не жүрген жолы жоқ. ( сағат – часы)

24. отырмайды, тұра алмайды,

түзу жолда бұраңдайды. ( жылан – змея)

ІІІ бөлім – “ Білімпаз”. Кестенің атын, санын атап сұрақтарына жауап беру.

Жауап бере алмаған жағдайда қарсылас ойыншы сол сұраққа  жауап бере алады.

 

 

 

 

 

6. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? (тесік)

7.Суда қандай тас жоқ? (Құрғақ)

9. Бос ыдыста неше құлпынай бар? (ештеңе жоқ)

10.Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?2сағат

17.Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді? сейсенбі

18. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13)

 

6. Бес тоғыздықпен 10санын қалай алуға болады?   ( (9•9) : 9 + 9 : 9)

7. Қандай 3 натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)

 

9. Адасқан әріптер. Қандай сөздер:

Нарадс, тазауй, киреш, ретм        (сандар, азайту, ширек, метр)

10.  Сан тізбегін жалғастыр :    9, 1, 7, 1, 5, 1,..........  (3, 1)

3, 7, 11, 15, 19..........( 21 ).

 

5. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың

қаншасы қалды?  (1 торғай қалды, басқалары ұшып кетті)

 

 

Сонымен бүгінгі сайысымыздың мәресіне де жеттік.

 

Жансын десең маңдайыңда шамшырақ,

 

Жауаптарын тапсын десең сан сұрақ.

 

Жүрек жүрсін намысыңды қамшылап,

 

Жаусын бетті маңдай терің тамшылап, деп бүгінгі кешімізді аяқтағымыз келеді. Ойынға қатысқан оқушыларға үлкен рахметімізді айтамыз. Үлкен жетістіктерден көрініңіздер!

 

 

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика