Тәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығым!
Тәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығым!
«Қазақ» деген Ұлы сөзге
Сыйған тұтас мекен өзі,
«Қазақ» деген дана елге
Сыйған көп ұлт келмей сөзге.
Тәуелсіздік жолында
Талай бабам жан қиған ,
Желтоқсанның желінде
Жастар үмітін қимаған.
Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым
Желбіреді көк аспандай байрағым ,
Тәуелсіздік көк күмілжу қиялдан
Қыран боп оралды ,қанатын кең жайған.
Жау аяғы баспасын ,
Ұлан ғайыр жерімді.
Татулық елімнің бірлігін бастасын,
Ұланы елімнің тірлігін сақтасын!
Миржакупова Гульнар Токтархановна учитель казахского языка
КГУ « Общеобразовательная школа №30», город Усть-Каменогорск