Тәуелсіздікке арналады.

ШҚО ББ «ШҚО арнайы мектеп-интернаты» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Кизатова Ж.Н.

 

Тәуелсіздікке арналады.

 

Тәуелсізбін, дербес те егеменмін,

Тәубә, тәубә, бұл күнде кімнен кеммін.

Сайлап алған көсбасшым қазағымды,

Күллі әлемге танытқан- байтақ елмін.

Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,

Өр халқыма бақытты өмір сыйлады.

Сан ғасырлар арман болған бұл күнді,

Ақындарым шаттанып бір жырлады.

Көк туым бар желбіреген төрімде,

Егеменмін, тәуелсізбін бүгінде.

Әнұраным шырқалады, рух беріп,

Еркіндіктің қыраны боп, шарықтаған көгімде.

О, халайық құтты болсын қуаныш,

Отаныма келе берсін жылы ағыс.

Жақындатқан аңсап жүрген арманды,

Елбасыма айтатыным- мың алғыс.

Көрер күнің жарық болғай алдағы,

Қазағымның желбірей бер байрағы.

Тәуелсіз ел атанғаның, мәңгілік

Кешегі өткен бабалардың арманы.

Бар қазақты жинап көк ту астына,

Барша жұртқа қанатыңды аштың да.

Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы!

Уа, қазағым,  өрлей бергін, жасыма!

 

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика