«Менің елім – Қазақстан»

Автор: Мукашева И.С. «М.Әуезов атындағы №17 орта мектебі» КММ

«Менің елім – Қазақстан»

(Тіл білгірі сайысы)

 

Сайысты өткізудегі негізгі мақсат:

Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген топты анықтау.

 

Жүргізуші:

– Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар!

– Тіл - өте маңызды құрал. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

-Ал, бүгін қазақ тілін қалай меңгергендерін көрсетіп, сайысқа түсетін 9а  және 9б сыныбының оқушылары.

Сайысқа екі сыныптан алынған 2 топ, әр топта 6 оқушы қатысады.

Әр топ  өз бақтарын сынайды.

1-ші топ–«Жас қыран»

2-ші топ –«Достық»

«Қазақ тілінің білгірі» атты білім сайысымыз негізінен 6 кезеңнен тұрады. Әр кезең 5 балл көлемінде бағаланады.

1 кезең. «Топты таныстыру»

2 кезең. «Бәйге» - сұрақтарға жауап беру

3 кезең. «Сауаттылар» - берілген тақырып бойынша әңгіме жазу

4 кезең. «Ойлан тап» -топбасшылар сайысы

«Жаңғырған өнер»- әр топтан бір сайыскер алдын ала жаттаған өлеңдерін мәнерлеп айтады

5 кезең. «Елші»- мәтінді оқып, екінші тілде аудару

6 кезең. «Әншілер» - өлең айту

 

-Сайыс арасында көрермендермен ойындар өткізіледі. Дұрыс жауап бергендер жетон алады. Ойын аяғында көп жетон жинаған көрермен жеңімпаз атанып, сыйлыққа ие болады.

 

-Ал  қазір әділқазы мүшелерімен танысайық:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері –

 

-Сонымен сайысымызды бастаймыз.

 

Музыка

Жүргізуші: Қазір ортамызға топтарды шақырайық!!!

1 кезең. «Топты таныстыру»

 

1-ші топ–«Жас қыран»

Қыран құстай ұшамыз

Бас бәйгені аламыз

Көрсетіп бар білімді

Самғап ұшар әніміз.

2-ші топ –«Достық»

Бүгін сайыс қызықты

Көрсетейік достықты

Бәріміз біз бірігіп

Көрсетейік білімді.

 

Жүргізуші:

-2 кезең. Бұл кезең «Бәйге» деп аталады. Мұнда оқушылар 1 минуттың ішінде берілген сұрақтарға қысқа, әрі нұсқа жауап берулері керек.

 

І топтың сұрақтары:

1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

2. Сен қай мелекетте тұрасың?

3. Қазақстан қай жылы тәуелсіз мемлекет атанды?

4. Қазақстанда неше облыс бар?

5. Қазақ тілінде неше жалғау бар?

6. Қазақстанның бұрынғы астанасы қай қала?

7. «Түркістан» қандай қала?

8. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?

9. Сен қай облыста тұрасың?

10. Тілдер мерекесі қашан ?

11. Біз қай қалада тұрамыз?

12. Мұхтар Әуезов кім, нешінші жылы туған?

13.Қазақстанның ірі қаларын атаңдар.

14.Буын түрлері қандай?

15.Сен қай тілдерді жақсы білесің?

 

ІІ топтың сұрақтары:

1. Қазақстанның рәміздері қандай?

2. 22 қыркүйек қандай мереке?

3. Абай нешінші жылы туған?

4. Қазақстан қандай мемлекет?

5. Мемлекеттік тіл - қандай тіл?

6. Өскемен қайда орналасқан?

7. Өскеменде қандай өзендер бар?

8. Дауыссыз дыбыстардың неше түрі бар, қандай?

9. Буын түрлері қандай?

10. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата.

11. Қазақстанның ірі қалаларын атаңдар.

12. Гимннің авторларын атап бер.

13. Ұлттық тағамдарды ата.

14. «Ұстаз» сөзінің синонимі?

15. Етістік қандай сұраққа жауап береді?

 

-3 кезең. «Сауаттылар» Берілген тақырып бойынша әңгіме жазу керек.

Берілетін 3 кілт сөз, уақыт 5 минут.

«Қала»- кілт сөздер- орналасқан, ғимарат, мұражай

«Қонақжайлық» -кілт сөздер- төрге отырғызу, дастархан, сыйлау

Жазғандарыңды оқисыңдар, содан кейін  әділқазыларға  бересіңдер

 

Жүргізуші:

-Құрметті көрермендер, ал казір сендермен ойын ойнайық!!

Менің сұрақтарыма дұрыс жауап беріңдер. Дұрыс жауапқа жетон беріледі.

 

Жүргізуші:

-4 кезең. «Ойлан тап» деп аталады.

-Ендігі кезек топ басшыларына келді. Берілген сызба бойынша сөз құрастырады, уақыт 5 минут

 

1-топ:

З.е.+к.ж+т.с.

З.е.+жұрнақ+к.с

үстеу+з.е.+етістік

 

2-топ:

З.е.+ж.ж+к.ж

Етістік +жұрнақ+ж.ж

Сан.е.+з.е.+етістік

 

Жүргізуші:

- 4 кезең. «Жаңғырған өнер»

-Әр топтан бір сайыскер алдын ала жаттаған өлеңдерін мәнерлеп айтады, тыңдайық.

 

- 5 кезең. «Елші»

Мәтінді оқып, орысшадан қазақшаға аудару, 5 минут уақыт беріледі.

Наша Родина - Казахстан.

Казахстан-суверенное, независимое государство.

В Казахстане есть свой флаг, герб, гимн.

Президент республики Казахстан - Нурсултан Назарбаев.

Новая столица Казахстана - город Астана.

 

Жүргізуші:

-6 кезең. «Әншілер» деп аталады, мұнда топ дайындаған қазақтың бір әні орындалады. (КАРАОКЕ ТҮРІНДЕ)

 

Жүргізуші:

-Сөз әділқазыларға беріледі.

 

Оқушыларды марапаттау

(Музыка)

Бәріңізге рахмет!!! Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика