Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Сиқырлы әуен»

ТҰРСЫН НАДИМА ШҚО, Өскемен қаласы әкімдігінің №20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжайы КМҚК музыка жетекшісі

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Сиқырлы әуен»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:Қазақ композиторы Қ. Сағырбайұлының шығармаларын  ұлттық музыкалық аспаптар арқылы таныстыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлау мәдениетін, сезімдік- эмоциялық саласы мен қиял шығармашылығын жетілдіру. Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін, ұзақтығын сезіне отырып, сезіммен, ырғаққа сәйкес, сөздерді анық және фразалар арасында дұрыс дем алып, динамикалық ерекшеліктерді көрсете отырып ән салуға дағдыландыру. Музыкалық- танымдық сұраныстары мен қызығушылықтарын, халық музыкасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Ұйымдастырылған оқу қызметінде қолданылатын құралдар: Күйсандық, үнтаспа (музыкалық орталық) , электронды тақта,  «Тайтұяқ» ұлттық музыкалық аспабы. Композитор Құрманғазы Сағырбайұлының  А3 мөлшердегі суреті.

 

Мотивациялық қозғаушылық: Педагог балаларды көңілді музыка әуенімен қарсы алады. Орындарына отырғызып, музыкалық амандасу.

Балалар:  сәлеметсізбе?

Электронды тақтаға назарларын аударады.

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болайын деп тұр. Бүгін бізге қонаққа сиқырлы ноталар келіпті. Экранға назар аударайық.

Электронды тақтадан «Көк тайым» әнінің бірінші тактісіндегі төрт нотасы көрінеді.

Балалар: электронды тақтаға назарларын аударады.

- Ұйымдастырылған оқу қызметі барысы: Балалар бізде бірінші тұрған «РЕ» нотасының сиқырын ашып көрейік.

Электронды тақтадан «РЕ» нотасы ашылып, ішінен Құрманғазы Сағырбайұлының суреті шығады.

Педагог балаларды Құрманғазы Сағырбайұлымен таныстырып,  «Адай» күйін домбырада орындап береді.

Балалар: музыканы тың-дайды, сипатын талдайды.

- Балалар «РЕ» нотасының сиқырын білдік, енді «СОЛЬ» нотасының сиқыры неде екен?

«СОЛЬ» нотасы ашылады, ішінен халық ұлт аспаптар оркестрінің орындауында «Ата толғауы» күйі естіледі.

Педагог балалардан қандай музыкалық аспаптардың дауысын естігенін сұрайды.

-енді мен сендерге тағы бір аспапты көрсеткім келіп тұр. Педагог «Тайтұяқ» аспабын көрсетеді.

«Ритімді қағып ал» ойыны ойналады.

Балалар: күйді тыңдайды.

Қандай аспаптар үнін естіп тұрған-дарын атап береді.

Аспапты тама-шалап, үнін тың-дайды.

Педагог көрсеткен ритімді алақан-дарымен шапалақтайды..

- Ойынымыз өте тамаша. Енді балалар «ФА»нотасы бір тосын сый дайындап қойған сияқты.

«ФА» нотасы ашылып, ішінен көңілді музыка естіледі.

- Балалар бұл көңілді музыкаға не істеуге болады?

Музыка әуенімен музыкалық қимылды ойын «Мысық пен тышқан» ойнатылады.

Балалар: Музыкалық қимылды ойынға белсене араласады.

- Келесі «МИ»нотасы  өз сиқырыңды көрсетші.

«МИ»нотасы ашылып, ішінен құлыншақтың дауысы естіледі.

- Балалар бұл ненің дауысы?

- Біз жылқы жануары туралы қандай ән білеміз?

Балалар: сұраққа жауап береді.

- Ендеше қонақтарға « Көктайым» әнін орындап берейік. Ол үшін біз алдымен дауыс жаттығуын жасап алайық.

Педагог балаларға «Боран» дауыс жаттығуын жасатады.

Балалар: Педагог көрсетуі бойынша дауыс жаттығуын жасайды.

«Көк тайым » әнін орындап береді.

«Көк тайым»

Сөзі :  Сәли Садуақасұлы

Әні:  Нұрсалғазы Қызыкенұлы

- Рефлексиялық түзетушілік: Балалар, бүгін біз қандай аспаппен таныстық?

- Күйші аталарыңның есімін кім айтып бере алады, кім есінде сақтады?

Балалар: жауап береді.

- бүгінгі ұйымдастырлған оқу қызметіндегі көңіл күйімізді смаиликтер арқылы сиқырлы ағашқа орналастырып көріңдер.

 

көңіл күйлеріне қарай күлген, мұңайған смаи-ликтерді ағашқа іледі.

 

Балалармен қоштасып, музыка әуенімен шығарып салу.

 

 

 

 

 

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика