Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Шенберден секіру»
Съезхан Айтолқын
ШҚО, Өскемен қаласы әкімдігінің №20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжайы КМҚК дене тәрбиесі жетекшісі
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Шенберден секіру»
Қолданылытын құрал: Доп гимнастикалық, орындық,ысқырық, сылдырмақ
Ашық алаң: Балалар шеңбер жасап тұрады.
- Педагог: - Балалар көк шөп неден шығады.?
- Балалар: жерден
- Құм қайдан шығады.?
- Балалар: жерден
Мативатциялық қозғаушылық:
Педагог: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер шешімін айтындар.
Табанға басса жұмсақ
Қолға үстаса судырақ
ол не балалар.(Құм)
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Балаларға шығыршықтан секіруді үйрету.Тепе-теңдік сақтай отырып негізгі қимыл түрлерін дұрыс орындауға дағдыландыру.Қимыл үйлесімдіктерді сақтай отырып допты бір-біріне домалатуды қайталау ойын ережесін сақтап бірлесе ойнауға достыққа тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, , сұрақ-жауап
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
Балалар спорт залға тәрбиешімен бірге келеді жылы жүзбен сәлемдесіп кіргізу.
Қолды алға созамыз.
Қолды жанға созамыз
Қолды белге қоямыз
Аяқпенен топылдатып басамыз.
Қол белде өкшемен жүру кішкентай болып қолды тізеге қойып жүру.
Белгі бойынша жүгіру.
Тыныс алу жаттығуы:Терең демалып демді мұрынға алып ауыздан шығару.
Жалпы дамытпалы жаттығу: (Құм қалташа)
1.ҚЖ аяқ арасы сәл алшақ қолды жоғары көтеру алдыға созу
2.ҚЖ аяқ алшақ құм салынған қалташаны екі қолға кезек-кезек ұстау.
3.ҚЖ.аяқ алшақ қолда қалташа қолды алға созып оңға,солға бүрылу
4.ҚЖ аяқты жұптастырып қолды алға созып отырып түру
Негізгі жаттығу:
1.Шығыршықтан секіру.
2.Гимнастикалық орындық үстінен.қырындап тепе-теңдік сақтап жүру.
3.допты бір-біріне домалату.
Қимылды ойын: «Ұя»қимылды ойын арқылы балаларды жылдамдыққа, ұйымшылдыққа,достыққа тәрбиелеу.
Қорытынды:
-Балалар бүгін жаттығуды қандай құралмен жасадыңдар?
Балалардың жауабы
Педагог
-Балалар нені бір-бірімізге домалаттық?
Балалардың жауабы
Педагог
-Балаларды мақтап мадақтау