Спорт - менің өмірімде

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы «Қазанның 17 жылы  атындағы орта мектебі»

Жетекшісі: Токтасынова Айнур Сергазиновна

4 сынып оқушысы: Уатаева Эльвира

 

Спорт -  менің  өмірімде.

«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен.

Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы  жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т.б. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да  енгізілген. Дене жаттығулары адамның көңіл-күйін ғана көтеріп қоймайды, қанайналым жүйесін жақсартады. Қан қысымы мен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады.

Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды. Күнде тәңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймын.

Өзім 4 сыныпта оқимын,  қатарлас  құрбыларыммен бірге    спортпен  айналысып, би үйірмесіне қатысамын. Мектепішілік аудандық спорттық  жарыстарға  сыныппен белсенді  қатысамыз.

Денсаулық-зор байлық.Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу.

Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев салауатты өмір сүрудің арқасында жас жігітше таудың шыңына шығып, шаңғы теуіп, теннис ойнап, суға шомылып, атпен серуендеп, ауырмай өмір сүрудің үлгісін көрсетуде.

Ендеше, Абай атамыз айтпақшы, «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» дегендей, еңбексіз, белсенді дене қозғалысынсыз мықты денсаулық, бақытты өмір жоқ.

Сонымен қозғалыс шын мәнінде адам ағзасының барлық мүшелерінің жұмысын жетілдіру үшін табиғи қажеттілік болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.

 

 

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика