Абай – дана, Абай – дара
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Восточное ауылы, «Қазанның 17 жылы атындағы орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Токтасынова Айнур Сергазиновна
Абай – дана, Абай – дара
Абай ата қазағымның тірегі,
Халқымыздың соғып тұрған жүрегі.
Төгетұғын сәулесімен шуағын,
Маңдайдағы жарқыраған күн еді.
Өтіп кетті өмірден қалды үні
Сен өлгенмен, мәңгі өлмес өлеңің бар.
Ұғындырған осынау жас қадірін,
Ұрпағыңа қалдырған өсиетің ,
Танытқандай қазықтың қасиетін.
«Поэзия »мен өнердің патшасы деп,
Ұрпағың тұр алдында бас иетін.
Абайды кім қалай танып білді? Абай – туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын.
Қазіргі таңда , мектеп бағдарламасына Абайды танып білу мақсатында орыс мектептерінде 9-11 сынып оқушыларына «Абайтану» атты пән жүргізіледі.
Өскелең ұрпаққа рухани –адамгершілік тәрбие мен білім беруде қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр
азабын арқалап, өз халқын өркениетті елдердің қатарына қосуға тырысқан бірден –бір бірегей дана көшбасшымыз болғандығы, Абайдың ой пікірлері бір халықтың шеңберінен асып жығылытындығы. Абайдың шығармаларын оқыту өте тиімді. Себебі барлық шығармалары, өмірбаяны, өлеңдері, қара сөзі, қай сөзі болса да , адам атты ұғымды танытуға , ақ пен қараны ажыратып беру ұмтылысы, құштарлығы анық көрінеді. Мұғалім жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, Абайдың өсиетін есте сақтайық , ұранымен , білімді болу үшін жас кезден ынта қою керек деп, оқушының санасына сіңіреді.
Болашақ ұрпағымызға өзінің жан дүниесін тануға, адамгершілік қасиетті бойына сіңіруге, жақсы мен жаманды айыруға жол ашады. Абай шығармаларын пайдалану барысында, жас ұрпаққа беретін рухани –адамгершілік тәрбиенің маңыздылығын айқындай түсіп, оқушыларға Абайды танып білгізу - мұғалімнің басты мақсаты.
Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.