Түйе
Өскемен қаласы «№ 14 негізгі орта мектебі»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Журутпаева Бейбетгуль Марксовна
Тақырыбы: Түйе
Мақсаты: Түйе туралы жырды түсініп оқып суреттеу,шудасы,төлі ,жүрісі туралы мағлұмат беру. Оқушыларға мақал-мәтел,жұмбақ шешу арқылы сөздік қорын дамыту.Төрт түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу.
Шығармашылық қабілетін дамыту
Ресурстар: Түрлі-түсті үлес тірме қағаздар,желім, қайшы. А 3, А 4 бетшесі. призентация, тапсырма жазылған кеспе қағаздар, бағалау кестесі. қайшы, маркер, ...
Пәні: әдебиеттік оқу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Білім жетілдіру
Топпен,пікір алысу,топтастыру, АКТ, диалогтік оқыту,өзіндік реттелу,сыни ойлау,болжау стратегия
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: Психологиялық ахуал .
Мен қайырымды баламын,
Тек жақсылық ойлаймын.
Кішілерге қамқор боп,
Үлкеннің тілін аламын.
Тілек арнатып,(4 түліктің төлдерінің суретімен) топқа бөлу.
Топ басшысын сайлау.Өз тобын бағалап отырады.-Топ ережесімен таныстыру
Сабақтың тақырыбын анықтау. Ребус шешу. (3-топқа жекелей тарату)
Түйе, бота, шұбат.
Ребустың шешуіндегі сөздер туралы не айтар едіңдер ?
Бұл қай жануарға тән сөздер?
Бүгін біз не туралы оқып, білеміз?(түйе)
Ия. Түйе турал өлеңмен танысамыз.
Керуен деген сөзді кім біледі?
(слайдтан басшысы жоқ керуен суретін көрсету).
Біз тапсырмаларды орындай отыра білім еліне неше түйе апара аламыз екен.
Керуенді бастайтын топты анықтаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру:
• (Өте жақсы қатысқан топ сол керуенді басқарады.ЭКСПО-ға тартуымыз) .
Әр топтан 2 оқушыдан : Сиыр « өлеңін жатқа сұрау.
• 5- тапсырма бойынша ...
1-топ. Презентациясын қорғайды.(сиыр)
2-топ. Постер.
3-топ. Кестемен жұмыс. 56-бет.4
Мағананы тану:
Оқулықпен жұмыс. іштей оқу)
Мәнерлеп оқыту
Әр топтан 2 оқушыдан мәнерлеп оқыту.
Таныс емес сөздер бар ма ?
57- бетті ашамыз.
Кітапханадан жазып келуге тапсырған жұмыс. (қосымша мәлімет беру).
(Нұржан Қ,Нұрдана,Айдана түйе туралы))
«Бағдаршам» арқылы бағалату.
Сөздік жұмыс.(дәптерге жазамыз)
Шуда- түйенің мойны мен тізесіндегі жүні.
Мұрындық- байлауға арналған әбзел.
Алабота,теріскен,ащы қурай- шөп
Қом басқан – май басқан.
Видео көрсету.
«Білім микрофоны» топ басшылары
Сергіту сәті: Әр малдың үнін салу.
Мен оң қолымды көтерсем – жылқыша кісінейміз.
Сол қолымды көтерсем- ешкі боп маңыраймыз.
Екі қолы көтерсем: сиыр болып мөңірейміз.
Ой толғаныс:
Әр топқа тапсырмалар беру.(оны топ мүшелері арқылы өз қабілеттеріне сай бөліп алады.Тест,1-еуі сурет салады ,өлең құрайды..)
1-топ. Постер жасайды. (төрт түлік. Сиыр,май,бұзау,бота,шұбат,түйе)
( денсаулыққа пайдалы,зиянды тағамдар)
Топта ақылдасып топта тапсырманы бөліп алады
2-топ.Тестік жұмыс.(бір-бірімен ақылдасып тексереді)
3-топ. Суретті аяқта. Түйе өркешіне ұқсас сурет беріледі.(шығармашылық ) Сол суретті кіріктіріп жаңа сурет ойлап сал( жүрек,алма,ерін, көзілдірік, қалпақ)
Әр топтан рет-ретімен қорғайды.
1 постер -3 оқушы. (бірден бағалату)
2 құраған өлеңдерін оқиды.
3 салған суреттерін қорғайды. (әр жұмыстан соң бағалату)
Үйге тапсырма: 57-бет. Жаттау. 5- тапсырма. 58- бет.
Ребус құрау..Топ басшылары альбом жасайды.(өз
тобымен бірлесіп)
Кері байланыс:
«Серпілген сауал» таяқшадағы жазылған аттарын суыра отыра
жауап алу
-Сабақ ұнады ма?
- Қай топ ұнады?
Бағалау:
Алға шыққан топ басшысы керуен жібін ұстайды.Қалған мүшелері жанына қатармен тұрып (бір-бір түйеден алып) сыныпта айналып жүреді.
Мадақтау. Дипломдар беру.(түйенің суреті және ол туралы қысқаша мағұлмат жазылған
(Баршаңызға жемісті еңбек, шығармашылық табыс тілеймін!)
Мақал – мәтелді жалғастырыңыз.
Нар жолында ………… қалмас.
Бақырауық демесең,
Бағалы …….. түйе ғой.
Тест. №_________
1. Түйенің төлін қалай атайды?
А. құлын Ә лақ Б. бота
2. Түйе сүтін қалай атайды ?
А. қымыз Ә. айран Б. шұбат
3. Түйенің жүрісі қандай ?
А. шабады Ә. секіреді. Б. маң-маң басады.
4. Шуда қай малда болады ?
А. жылқыда. Ә. қойда. Б. түйеде.
5. Түйе қандай шөпті жақсы көреді?
А. Қамыс Ә. Алабота. Б. Селеу.
6. Түйенің пірін ата.
А. Қамбарата Ә. Зеңгібаба. Б. Ойсылқара.
7. Шөлге шыдамды жануар қайсысы ?
А. Жылқы Ә. Сиыр. Б. Түйе
р/с А Ә Б
1
2
3
4
5
6
7