Жабайы құстар тіршілігі

Өскемен қаласы  әкімдігінің «14 негізгі орта мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Журутпаева Б.М

Дүниетану пәні.

Тақырыбы: Жабайы құстар тіршілігі.

Сабақтың мақсаты:Жабайы құстар тіршілігі ,олардың пайдасы жайлы біледі.

Күтілетін нәтиже: Құстардың қауырсынының ерекшелігі,олардың қоректері ,үй құстарынан ерекшелігі жайлы оқып, біліп, тәжірибе жасап танысады.

Қажетті көрнекіліктер: суреттер, слайд, құстар үні,қуыршақтар (үкі мен күшік),білім ағашы, ұялар,құстар, дәндер, қағаз,стакандағы су, табақшадағы май.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: топтау, саралау,сто,көрнекілік...

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру: Оқу құралдарын реттеп, шаттық шеңберге тұрғызу.

Жылы сөздер арнату.

-Құстардың суреті арқылы топқа бөлу.Топ басшысын сайлау.

- Топ ережесін құру.

Көзімізді жұмып, музыка үнін тыңдайық. ( Сарқыраған су, сайраған құстар үні)

- Не байқадыңдар? ( қайда жүргендей елестеді)

- Ал балалар ненің үні басым болды?   ( Құстардың)

- Құстар үні қай жерден шықты ? Орманда.

- Орманда тіршілік  ететін қандай құстар ? (жабайы).

- Қалай ойлайсыңдар біз бүгін не туралы  оқып білеміз? (құстар туралы..)

Ия біз  жабайы құстар туралы білімімізді толықтырамыз.

“Мен  алғырмын!” ойыны.

Тақтадағы құстардың атын оқып, есте сақтайық.

1-топ. Үй құстарын.

2 -топ-жабайы құстарды.

3 топ- жыл құстарын жазамыз. (бұл ойын бұрыннан таныс)

Торғай, аққу, тоқылақ, үйрек, тауық, наурызек,  , қарлығаш, сауысқан, қарға, кептер,қаз...  ( әркім өз жеріне сай алуға болады)

1-топ:                      2-топ                     3-топ

Үйрек                  аққу                       қарға

Қаз                       қарлығаш             сауысқан

Тауық                 наурызек                кептер

(бір-бірімізід тексерейік)

«Бес саусақ арқылы» бағалау.

« Серпілген сауал» өткенді еске түсіру.

Неге үй құстары дейміз?

- Құстар қандай табиғат?

- Олар қалай көбейеді?

- Құстар айналасын қалай көреді?

- Құстың баласын қплпй атайды?

- Қыстап қалатын құстарды қалай атайды? (отырықшы)

- Халықаралық  Құстар күні қай күн? (1- сәуір).

- Құстар тіршілігін зерттейтін адамды қалай атайды? (орнитолог)....

“Бағдаршам арқылы” бағалау.

“Сыйқырлы тапсырма” бұл жерде конвертті топ басшылары суырып аламыз. Ішіндегі тапсырманы топпен орындаймыз.

-Әр топқа жабайы құстар туралы мағұлмат жазылған беттер таратылады. (түртіп алу стратегиясы бойынша оқып отырып таныс емес сөзді сызып отырамыз).

Түсінгенін айтады. (содан соң постер жасайды)

1 топ. Жабайы құстардың қорегі(құрт-құмырсқа,өзінен кішкене жәндіктер..Тоқылдақ ағаш қабығының астынана өткір тұмсығы арқылы қорегін тауып жейді).

2 топ. Ұяларын салуы.(ағашқа, жарға, су жағалауына шөп арасына,шатырға..)

3 топ. Жыл құстары.(күзде жылы жаққа ұшып,көктемде қайтып келеді.Суыққа төзімділері қыстап қалады.Оларды отырықшы құстар деп атаймыз...)

А) бір-біріне түсіндіреді.(жұппен)

Ә) Топта талдайды. Топпен ақфлдаса отыра өздері бір баланы шығарады.(еркіндік беру) Топтан бір адам қорғайды.

Шапалақтау арқылы бағалаймыз.

Сергіту сәті.( Музыка үнімен қиылған суреттрді құрастырамыз. Сол сурет бойынша тыйым сөздер ,мақал-мәтел айтамыз. Ағаш, су, торғай.Құстың ұясын бұзба. Ағашты кеспе. Суды ластама....)

Тәжірибе жасау.

«Құстың қауырсыны неге суланбайды?»

1. Стакандағы суға қағазды саламыз .

2. Қағаз алып шетін стакандағы майға сал

3. Екі қағазды кезекпен суға салып көр

Осы екі қағаз туралы не айтасың?.

Құстың қауырсыны үнемі түбінен майланып тұрғандықтан, суға түскенде су жұқпайды.Құстар суда тоңбауының бір себебі де осыған байланысты.

Көрініс тамашалау. «Дос іздеген күшік»

Бұл көріністен қандай ой түйіндер едің ?

(Құстар туралы кино, ертегі, мультфильм де көреміз.Көбінде қандай кейіпкер ретінде  байқаймыз?)

Толықтыру жасау: Олар тек  адамға ғана емес жануарларға да көмектеседі..Індеріне паналатады,бүркіт бүкіл ауылды аштықтан қорғаған, қарлығаштың адамға көмек бергенін де естен шығармау керек...

«Ұшқыр қалам»  өз ойымызды эссе арқылы жинақтап жазамыз (5 минут)

Ең көп сөз жазған оқушыны анықтап, оқыту. (сынып қабырғасына ілу)

Кезекпен мәнерлеп оқыту. Өз  достарына бағалату.

Үйге:98-бет.Өзіңе ұнаған құстың суретін салып, қысқаша мағұлмат жаз. «»Дос іздеген күшік» көрінісін де бейнелеуге болады.Мүсінде.

Кері байланыс. «Білім ағашы»

Сабақ ұнаса : ағашқа ұя ілеміз

Әлі де қиындықтар бар болса : ұшқан құсты аспанға  жапсырамыз.

Ұнамаса:сары дәнді  жерге шашамыз. (оны құстар жеп пайдасына жаратады. Ал біз қиындық тудырған сұрақпен тағы да бірлесіп жұмыс жасайтын боламыз)

Бағалау.Мадақтау.

«Қос қарлығаш » биін қабыл алайық. Қыздардың орындауында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика