Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу-мектеп тәжірибесінде
Меирманова Назгуль Серикбековна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «№39 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы
Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу-мектеп тәжірибесінде
Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Орта білім беру мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің талабы болғандықтан осы талап деңгейінде жұмыс атқару әр ұстазға жүктелер үлкен міндет, үлкен сын.
Тәжірибеден өткізу барысында бұл бағдарламаның ерекшелігіне көз жеткізе түскендеймін. Соның бірі коммуникативтік төрт дағдыға баса назар аударылуы. Осыған дейін оқылым мен жазылымға аса мән беріліп келсе, жаңа білім беру мазмұнында ең бірінші тыңдалым және айтылымға мән берілуінің қоғамдық қажеттіліктен туындағандығын тәжірибе барысы дәлелдеді. Себебі, тыңдалым дағдысының 6 жастағы балада емес үлкендер тарапында да жетіспейтіні жалған емес. Тыңдалым болмаған жағдайда қалған үш дағдының өз нәтижесін бермейтіндігі айдан анық жағдай. Сондықтан қазіргі күні оқу процесінде «ең бірінші тыңдаймыз» деп оқушылардың тыңдалымға дағдылануына баса назар аударып отыру оқушыда өз бетімен тыңдауға назар аудару дағдысын қалыптастыруда. Күнделікті сабақ басталмас бұрын бүгінгі сабақтың мақсатын таныстыру оқушыда өз алдына мақсат қоя білуге, сабақ соңында бүгінге мақсатқа қол жеткізгендіктеріне қайта шолу жасау арқылы өз нәтижесіне саралау жасауға мүмкіндік беру бұл да жаңа білім беру мазмұнының жаңа бір қыры деп айта аламын.Әр пәнде үш тілділік саясатының жүзеге асуы және барлық пәнге тән ортақ тақырыптың болуы, сабақтың кіріктіріле өткізуге негізделуі оқушының белгілі бір тақырыпты жан-жақты қырынан зерттеуіне, өз бетімен тұжырым жасауына ықпал етеді.
Оқушы білімін бағалауға тоқталар болсам, жаңа білім беру мазмұнында бес балдық бағалау емес, критериалды бағалау арқылы бағалануы – оқушылардың оқу жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі, бастауыш білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға негізделген бағалау үдерісі. Критериалды бағалау оқыту, тәлім-тәрбие беру және бағалаудың өзара байланысына негізделген.Бұл бағалау жүйесінің оқушы үшін ерекше екендігін тәжірибе барысында байқадым.
1. Қалыптастырушы бағалау шынайылыққа бағытталады.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс жасап, тұжырым жасауына ықпал етеді.
3. Мұғалім үшін қай оқушының қандай деңгейде екендігін байқауға мүмкіндік береді.
4. Оқушының өзара бір-бірін бағалауын қалыптастырады.
5. Ата-ана өз баласының қай оқу мақсатынан төмендігіне көз жеткізіп , сол бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік жасап отыр.
6. Әр мұғалім қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жасау арқылы өздерінің кәсіби бағытта дамуына қол жеткізетіндігі.
Ата-ана үшін де бұл бағдарлама бір жағынан қорқыныш тудырса, екінші жағынан қызығушылық та тудырып отыр. Ата-аналар мәжілістерінде әр оқушының қалыптастырушы бағалау нәтижесін есеп беру бетшесі арқылы таныстырудың өзі ата-ана мен мұғалімдердің арасында ынтымақтаса жұмыс жасауға ықпал ететіндігін көрсетуде. Кері байланыс бетшесінде алған мәліметтерін, жазған ұсыныстарына қарай отырып ата-ананың бағдарлама мақсатын түсінгендігін байқауға болады.
Бағдарламаның тек оқушы ғана үшін емес мұғалімнің де кәсіби дамуына үлкен ықпалын тигізетіндігін айта аламын. Себебі Қазақстанның әр облысынан жиналған мұғалімдер орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында ұйымдастырылған курстарда бас қосып, білімін жетілдіруі, координатор болып бекітілген облыстық Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдерімен үнемі байланыс жасап, өзара тәжірибе алмасуы әр мұғалімнің кәсіби дамуы үшін таптырмас мүмкіндік.
Бағдарламаның ерекшелігін тәнті болғанымызбен әттеген-ай дерлік жағдайлар да кездесіп, мұғалім жұмысына кедергі келтіріп жатқан кездер де аз емес. Ол бағдарлама мен оқулықтың сәйкес келмеуі. Бұл ата-анаға да, оқушыға да, мұғалімге де аз қиындық болмай тұр. Әрине, жаңа бастаманың қашанда қиындығы да қызығы да аз болмайды. Бірақ осы үлкен міндетті абыроймен атқарып, шәкірттерді бәсекеге қабілетті жеке тұлға дәрежесіне жеткізе білу әр ұстаздың міндеті. Сондықтан заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей, мақсатқа сай, нәтиже аламыз деп сенемін.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы: 2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 226 б.
2. Тілдік төрт дағды бойынша белсенді оқыту тапсырмалары, оқу-әдістемелік құрал
3. UNIVERSITY OF CAMBRIDGE Faculty of Education Center of Excellence Nazarbayev Intellectual Schools Мұғалімге арналған нұсқаулық (Үшінші негізгі деңгей)
Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.