Жасөспірімдердің агрессивті мінез құлқын алдын алу және оларға көмек көрсету
Тақырыбы: Жасөспірімдердің агрессивті мінез құлқын алдын алу және оларға көмек көрсету
Педагог-психолог Буленханова Жанар Рахимбаевна,
Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы, Аршаты орта мектебі
Бүгінгі таңда агрессия соның ішінде жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлық мәселесiне психологиялық зерттеулерге үлкен орын берiлiп, белсендi ғылыми-практикалық тұрғыдан iзденiстер талап етілуде.
Жеткiншектер әлемiнде жиі жағдайда қарым-қатынастағы шиеленістер, мазасыздану, тұлғалық даму мен мiнез-құлықтағы ауытқулар, агрессия мiндеттi түрде кездесетiнi баршамызға мәлім.
Қазіргі кездегі бала агрессиясы біздің өмір жағдайымыздың бүгінгі өзекті мәселесі, ол нақты психологиялық ерекшеліктерді қозғайды, ол баланы қоршаған адамдарға ғана тиесілі болмай (ата-аналары, тәрбиешілер, мұғалімдер, құрбылары), баланың өзіне және қоршаған ортамен қарым- қатынасында елеулі қиыншылықтар тудырады. Агрессия бала дамуында сәтсіздіктерге әкеліп соқтырады.
Соңғы уақытта қоғам балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатігездік, агрессиялық жағымсыз асоциалды мінез-құлықтарын интенсивті түрде зерттеуді талап етіп отыр. Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу – психология ғылымының негізгі мәселері.
Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың әрқайсысының өзіне тән жеке даралық ерекшеліктері бар. Сондықтан мектеп психологі алдында тұрған проблемаларының бірі – тиімді көмек көрсету.
Агрессивтілік мінез-құлық адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол барлық адамдарға тән: балаларға және олардың ата-аналарына, өмірді жаңа бастаған жасөспірім қыздар мен ұлдарға, ересек, орта жіне кәрі жастағы адамдарға, әртүрлі мамандық иелері мен әртүрлі жағдайдағы мінез-құлыққа байланысты агрессия туындап отырады.
Психологиялық- педагогикалық мiндеттердiң бiрi жеткiншектердiң психикалық дамуындағы өзгерiстердiң себептерiн тауып қана қоймай, оны түзету мен алдын алу жұмыстарын жүргiзу де өте маңызды. Сондықтан да бұл жеткіншектерді анықтау мақсатында тек агрессивтіліктің деңгейін анықтап қана қоймай, сонымен бірге агрессивті мінез-құлықтың алдын алу және түзету жұмыстарын жүйелі түрде жүргізген жөн. Бала агрессивтілігінің алдын алу - бұл балалар мінез - құлығындағы агрессияны туындататын негізгі себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған мемлекеттік, қоғамдық,әлеуметтік-дәрігерлік және ұйымдастырушылық - тәрбиелік іс-шаралардың әсер ету үдерісі.
Психолог А.А. Реан "агрессия" және "агрессиялылық" деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия - бұл бөгде адамға болмаса, адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған қиянат.
Агрессиялылық – бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі. Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады. Егер агрессия – бұл әрекет болса, ал агрессиялылық осындай әрекетке дайындық.
Адамдағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі. Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік-қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр.
Агрессия құбылысы сапалық және сандық сипаттамаларға ие. Барлық қасиеттер сияқты агрессияда индивидтерде әртүрлі көрініс табады, біреулерде мүлдем жоқ болса, басқаларда шексіз дамиды. Агрессивтіліктің болмауы енжарлық пен конформдылыққа алып келеді. Ал оның шектен тыс дамуы конфликтіге, қоршаған ортамен өзара түсініспеушілікке әкеледі. Агрессивтіліктің көріну ауыртпашылығы бір қатар параметрлермен анықталады (П.Б.Ганнушкин); агрессияның пайда болуының жиілігі және жеңілдігі; агрессия туындайтын ситуацияның адекватты емес дәрежесі; агрессияға екпін жасау; агрессивті әрекеттің асқыну дәрежесі. Агрессия жеңіл ситуацияда вербальды формада, ал ауыр ситуацияларды физиологиялық аиуто және гетеро агрессия түрінде көрінеді.
Жеткіншектік ортада агрессивтілік тенденцияларының өсуі біздің қоғамымыздың əлеуметтік мəселелерінің ең бастыларының бірі. Соңғы жылдары жастар арасында қылмыстар жасау көбеюде, соның ішінде жеткіншектердің қылмыс жасауы ерекше назарда. Қатігездік мінездегі топтық төбелестер болатын жағдайлар жиілеп кетті. Бұл бірнеше жағымсыз факторлардың жиынтығынан тұрады:
Балалардың əлеуметтік өмір жағдайларының төмендеуі;
Отбасылық тəрбие дағдарысы;
Паталогиялық босанулардың нəтижесінде баланың бас миына зақым келгендіктен;
Мектептегі балалардың жүйкелік-психикалық жағдайларына назар аудармауынан;
Агрессивті балалар - ең аз басқарылатын жəне терапияға нашар берілетін балалар контингенті. Агрессивтіліктің көрінуі көбінесе психикалық ауруларға шалдыққанда білінеді. Агрессивтілік ғылымда кездесетін ең бір өзекті де қиын мəселелердің бірі. Бұл жағдайды түсіндіруде ғалымдар көптеген көзқарастарға сүйенеді. Психология ғылымының дамуында адамдар агрессивтілігі түсінігі маңызды өзгерістерге ұшырап отырды.
Балаларда агрессивтіліктің негізгі себептері: балалар үшін әлеуметтік қоршаған орта мәнді роль атқарады, ендеше балалардың агрессивті мінез-құлық себептерін олардың құрбылары мен тұлғааралық қатынастарында, сонымен қатар ол үшін референтті болып саналатын топта қабылданған әлеуметтік нормалар типтерінен іздеу керек.
Агрессивті жасөспірімдер - бұл көмекке мұқтаж және үлкендердің қабылдамауына ұшараған балалар тобы.
Агрессивті мінез-құлықтың себептерін білместік, түсінбеушілік агрессивті жеткіншетердің ересектер және құрдастар тарапынан оларды ашық түрде жақтырмай, қабылдамауына алып келеді. Жеткіншектің агрессивтілігінің алдын алу дегеніміз-бұл баланың агрессивті мінез-құлқын туындататын әлеуметтік-психологиялық факторларға жол бермеуге бағытталған іс-шаралар. Тұлғаны түзету оның ауытқыған мінез-құлығындағы жағымды тұлғалық өзгерістерге жағдай жасау.
Жеткіншектің агрессивті мінез-құлқын түзету - бұл жеткіншек тұлғасының толыққанды дамуы және қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында агрессивті әрекеттерді анықтауға бағытталған психологиялық әсер ету.
Психологиялық түзету-мектеп психологының психологиялық әсер етудің арнайы құралдарының көмегі арқылы баланың агрессивті мінез-құлқын түзетуге бағытталған қызметінің бір түрі. Психологиялық түзетудің жеке және топтық түрін бөліп көрсетуге болады.
Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде, соның ішінде мектептерде жеткіншек жастағы оқушылардың мінез құлқындағы агрессивті беталысты анықтау, түзету жұмыстары жүргізілуде. Мұнда мектеп психологының атқаратын қызметі жоғары. Сонымен қатар сынып жетекші және ата ананың бірлескен жұмыстары ұйымдастырылған. Бұл балалардың ата аналарымен сөйлестім және оларға қоғамдық жұмыстар тапсырдым. «Мен қандаймын» деген психологиялық тест алдым, психологиялық тренингтерге қатыстырдым. Мектепте өткізілген қоғамдық жұмыстарға , спорттық сайыстарға қатыстырдым, жауапкершілікті сезіне бастады. Қазір бұл оқушылар бұрынғыдай емес, ортаға үйреністі, тәртіптері де, мінез құлқыда жақсарып келеді.
Психолог маман мұғалімдер мен ата-аналарға агрессияның не екендігін, оның көрініс беру факторларын, агрессивті баланың қандай күйде болатындығын жете түсіндіруі қажет. Жеткіншектің агрессивті мінез-құлқының жоғары деңгейін байқаған сәттен мектеп психологі, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог және ата-аналар осы бағытта бірігіп тығыз жұмыс жасауы қажет.
Қорыта келгенде оқушылардың агрессивтілігінің алдын алуын қамтамасыз ету мақсатында мектеп басшылығы пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің, әлеуметтік педагогтар мен психологтардың агрессивті және «тәуекел топтардағы» балаларды ертерек анықтау бойынша тығыз өзара әрекеттестігін қамтамасыз етуі керек. Өкінішке орай, көп жағдайда психологиялық жұмыстар оқушылар мен пән мұғалімдерімен шектеліп жатады. Ал ата-аналар жұмыс бастылыққа мойын болған осынау нарық заманында мектепке сирек бас сұғатын болғандықтан психологиялық кеңестер мен көмектерден қалыс қалып жатады. Сондықтанда мектептегі псхологиялық көмекті тек кана оқушылармен, пән мұғалімдерімен шектемей ата-аналарға берілетін кеңесті күшейту керек. Ата-аналарға жеткіншектердің агрессивтілігінің алдын алу мен тузету жолдары жайындағы ұсыныстар буклет, брошюралар арқылы таратылса артық болмас еді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Бютнер К. «Жить с агрессивными детьми.» - М., 1991. - 88 с.
2.Петровский А. В. "Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы" Алматы, Білім, 1987.
3. Жолмаханов Б. “Қиын”оқушыны тәрбиелеу // Бала тәрбиесі № 5 , 2005, 40-бет.
4. Аязбекова Г. “Қиын ”баланы тәрбиелеу жолдары .// Білімдегі жаңалықтар №1, 2005, 30-бет.
5. Қалиева Г. “Қиын” оқушы тәрбиесі // Қазақстан мектебі 2007, № 1 ,61-62 бет
6. Юсупова И. “Қиын” оқушы қайдан шығады // Қазақстан мұғалімі 2006 қараша,5-бет.
7. Қазбеков Ж . “ Қиын ” бала тәрбиесі // Валеология 2007 № 3 ,18
8. Өтеген Қ. “Қиын” оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу // Бастауыш мектебі 2007 № 3, 3-6 бет
8. Сұлтанбекова А . , Малдыбаева А. Агрессивті мінез-құлық //Қазақстан мектебі 2005 №5-6 мамыр-маусым , 27 бет.
9.Қалыбаева Р .Мектеп психологының “ қиын ” балалармен жұмыс әдісі.// Мектептегі психология 2007 № 1
10. Қойжігітов А. Девиантты іс-әрекетті балалар мәселесі. // Ұстаздар пайымы 2007 № 3 , 2-9 бет
11.Коробкина Н. Наши трудные дети // Практическая психология 2007 № 1(7) С . 35-37
Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.