Көпбұрыштың периметрі

Автор:Байгулинова Бакытгуль,  бастауыш сынып мұғалімі

Катон-Қарағай ауданы, Жаңаүлгі негізгі орта мектебі

Математика. 2-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Көпбұрыштың периметрі.

Оқытудың негізгі мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға периметр туралы түсінік беріп, көпбұрыштың периметрін табу ережесімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, жылдам, тез есептеуге баулу, топпен жұмыс арқылы сөйлеу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды есеп шығару барысында шапшаңдыққа, жылдамдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Белсенді оқытуда қолданылатын əдіс-тəсілдер Диалогтік оқыту.

Оқу нəтижелері: Периметр туралы түсінік алып, оны табудың жолын меңгеріп, сөйлеу дағдысы қалыптасады, бірлесіп жұмыс істейді.

Бағалау: Өзін – өзі бағалау  “Бағдаршам”,  бірін-бірі.

Жұмыс формасы: Жеке, жұптық, топтық, күрделі тапсырма.

Негізгі дереккөздер:  маркерлер, қарындаш, өшіргіш .

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Сабақта психологиялық көңіл күй орнату.  Оқушылар шаттық шеңберін құру. (Флипчарт №3)

Онда, әрқашанда талаптанып, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға дайын болып,  сабағымызды бастаймыз.

Оқушылар шеңберге тұрып, тақпақты айтып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Мейірімді жүрекпен,

Бөлісемін бақытты.

Әрбір іске жауапты,

Бала болам талапты.

III.-Балалар, бүгін біз «Пішіндер әлемін білеміз бе? Онда, әрқашанда талаптанып, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға дайын болып, сабағымызды бастаймыз.

- Қораптың сыртымен жұмыс. Сырты толған пішіндер.

- Сыртынан не көріп отырсыңдар? Атату.

- Әсем безендірілген қораптың ішінен кішкентай қорапшадан ,  пішіндерді алғызып, топқа бөлу.

1-топ: Үшбұрыш

2-топ: Төртбұрыш. Алдарыңда дөңгелетер "Бағдаршам" жатыр сонымен әр жауаптарың үшін дөңгелектер жинап,соңында соған байланысты өздеріңді өздерің  бағалайсйңдар.

Оқушылар өздеріне ұнаған фигураны таңдап алған соң, топтасып отырады.

- Енді балалармен постерге топтарынның атына сай пішінді салып, оның қандай қасиеттерін айта аласыңдар?

IV - Әр топтағы балалар, фигуралардың қасиеттерін қағаз бетіне түсіріп, айтып береді.Соны ақ қағазға топпен ақылдасып жазыңдар.

-Үй жұмысын тексеру №5 -95 бет

-  Балалар үй жұмысымен қандай байланысы бар екенін айтады.

Екі топпен. Әр оқущыға  бұрыштар салынған тапсырманы беріп, бұрыштарды тауып цифрын жазады, түрлерін ажыратады.

VМынау не?

Төртбұрыш иә, оған қарасаңдар

Мектеп үлескесін қоршау үшін ұзындығы -5м,ені – 4 м. Бағбанға неше метр дуал керек? (Дуал – жерді қоршауға арналған ағаш)

Оқушылар тапсырманы оқып, бағбанға қалай көмектесуге болатынын өз ойларын айтады.

- Бақтың ұзындығы – 5 м

Ені – 4 м

Неше метр дуал керек -?

Шешуі: Р=5 м+4м+5м+4м=18 м

Жауабы: 18 м дуал керек.

- Демек дуалдың ұзындығын табу үшін қабарғалардың ұзындығын қостыңдар. Бұл қосындыны периметр деп атаймыз.

VI-Математика нақты пән болғандықтан, онда ұзын сөздер болмайды. Сондықтан ғалымдар периметр деген сөзді Р деп белгілеуге келіскен.

Р=а+b+а+b

Р=а+b+с

Р=а+b+с+d

Р=а+а +а+а

Cонымен көпбұрыштың периметрін қалай табамыз? Ережесін ойластыру.

- Көпбұрыштың периметрі – оның қабырғалары ұзындықтарының қосындысы.

«Түсіну»

Оқулықтағы №1 орындату.

1-топқа  тапсырма. А)Үшбұрыштың қабырғаларын өлше. Оның барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын жаз.

2-топқа тапсырма. Ә)Төртбұрыштың қабырғаларын өлше. Оның барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысын жаз.

Екі топқа .Б) Қабырғаларының ұзындықтары: 8 см, 3 см, 4 см,5 см, 2 см көпбұрыштың периметрін тап.

Оқушылар №1 тапсырманы оқып, дәптерге орындайды.

А) Р=2 см+2 см+3 см=7 cм

Р=7 cм

Ә) Р=3 см+3 см+4 см+ 2см=12 cм

Р=12 cм

Б) Р=8 см+3 см+4 см+5 см+2 см=22cм

Р=22 cм

«Қолдану»

1-тапсырма: Көпбұрыштың периметрін табу.

2-тапсырма: Тік төртбұрыштың периметрін табу.

 

Сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс.

№5 есеп құрастырып, шығару.

Қалам- 50 теңге ? теңге

Дәптер - ?, 40 теңге арзан

Шешуі: 50+ (50+40)=140 теңге.

Жауабы: Барлығы 140 теңге.

«Талдау»

№4 Теңдеуді шешу.

Оқушылар теңдеудің шешуін тауып, математикалық тілде шешуін табу жолын түсіндіреді.

1-топ 60+а=65 49-а=43

2-топ. 97-а=7 а-5=90

«Жинақтау»

Сабақ басында берілген фигуралардың периметрін табу.

Парталарының ұзындығын метрмен өлшетіп, Р тапқызу. Оқушылар қолдарындағы фигуралардың қабырғаларын өлшеп, периметрін табады.

Рефлексия

Бүгін сабақта не білдік?

Не қиын болды? Сабақта не ұнады?

Үй жұмысы:5,6 есептер.

Өзін-өзі бағалау: Әр оқушы өздерінің бағдаршамдарының санына және оның түсіне байланысты, смайликтерді алып бағалап  оны неге алғанын айтып береді.Оқушылардан  «Жасыл» - түсіндім, «сары» - түсіндім, бірақ сұрақтарым бар, «қызыл»- түсінбедім деген оқушы бар болса көтерту.

Кері байланыс жасату екі топқа.

Оқушылар ойларын ортаға салып айтады.

 

 

 

 

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика