Жақан Смақов «Отан»

Автор: Байгулинова Бакытгуль,  бастауыш сынып мұғалімі

Катон-Қарағай ауданы, Жаңаүлгі негізгі орта мектебі

Әдебиеттік оқу Жақан Смақов «Отан»

Сабақтың тақырыбы: Жақан Смақов «Отан»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларға Отан туралы түсінік беру. Отан өзінің туған, тұратын жері ретінде түсіндіру.

Дамытушылық. Оқушылардың туған елі, туған жері, Отаны туралы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік. Оқушыларды Отанын елін, жерін сүйетін, патриот болуға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ : жауап, түсіндіру, ой шақыру,

Көрнекілік: суреттер, Қазақстан картасы.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II Психологиялық дайындық.

Кәне,кәне,тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ енді шеңберге,

Алақанды ұрайық

Бишілерде бұралып,

Дөңгелене тұрайық

Оқушылар бір-бірлеріне арнап тілек айтады.

Балаларды топқа бөлу. Суреттерді таңдау арқылы.

Топ ережесін еске түсіру.

III. Үй тапсырмасын сұрау

- Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

"Қартқожаның туған жері"

I-топ. Ж. Аймауытов туралы не білесіңдер? Топтастыру стратегиясы.

II-топ.

- Қартқожа кім?

- Ол туралы не оқып едік?

- Мәтін не туралы?

I-топ.

- Осы мәтіннен кешкі ауыл көріністерін айтып беріңдерші?

- Қартқожаға кешкі ауыл суреті қалай көрінді?

II-топ.

- Өрістен қайтқан мал туралы не делінген?

- Ауыл адамдары қандай қарбалас үстінде?

- Қартқожаға нелер қатты әсер етті?

I-топ. - Ол өз туған жерін жақсы көрді ме?

II-топ. - Өз туған жерін сүймейтін қандай адам? Топтастыру.

( санасыз, ақылсыз, ақымақ, жетесіз, зердесіз адам)

IV Қорытынды жасау. Екі топқа бірдей

- Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Туған ел, туған жерсіз адамның күні жоқ.

- Балалар, «Туған жерсіз адамның күні жоқ» - дегенді қалай түсінесіңдер?

- Туған ел, туған жер деген сөздер адамның жүрегіне жылы әсер етеді.

- Туған елін, өскен жерін сүю әр адамның парызы.

- Әр адам туып өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды, мақтан тұтады

V. Ой шақыру

- Ал енді осы туып - өскен жерімізді тағы қалай атауға болады? Отан

- Отан деген не? ( оқушылардың пікірін тыңдау)

VI. Топтастыру

- Міне, балалар осының барлығы қандай Отан ?

- Ол әр адамның кішкене отаны. Осындай кішкене отандардан кең Отан шығады.

- Ол қалай аталады?

- Біздің Отан анамыз Қазақстан республикасы.

- Иә балалар.

- Ал енді осы Қазақстан қандай ел? (тәуелсіз, егеменді)

- Еліміз егемендігі қашан алды? (1991 ж 16 желтоқсан)

- Отанымыздың астанасы қай қала?

- Қазақ халқын басқа ел қайдан біледі?

( Елтаңба, әнұран, туымыз арқылы )

VII. Картамен жұмыс

- Тақтадан не көріп тұрмыз балалар?

- Бұл Қазақстанның картасы

- Неше бөліктен тұрады?

- Астана қай жерде орналасқан? ( солтүстікте)

- Біздің тұрған жерімізді көрелік,қай жер?

- Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы шығыста орналасқан. Кім көрсетеді?

Біздің ата -бабаларымыз, әкелеріміз осы Қазақстанда туып өсті. Бізде осында туып өстік. Өз ана тілімізде сөйлейміз. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз. Отанымыз бізді нанымен, суымен асырады. Дүние жүзінде Қазақстаннан басқа мемлекеттер көп. бірақ ана әр адамда біреу – ақ. Ендеше Отан - ана да ол үшін біреу. Қазақстанның көп бөлігін далалы жерлер алып жатыр. Жеріміздің ұшы – қиыры жоқ байтақ даласы, жасыл ормандары, халық дастарханын ақ нанға толтырған егістігі, суы мөлдір өзендері, пайдалы қазбалары өте көп.

Қазақстанда басқа ұлттың өкілдері де көптеп тұрады. Олар бір - бірімен тату – тәтті.

VIII. Сөзжұмбақ шешу

- Қазір бізге балалар сөзжұмбақ берілген. Сол  сөзжұмбақты шешу арқылы біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білеміз

1. Ұлттар бірлігі, татулығы

2. Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі

3. Ұлттың аты?

4. Сені өмірге әкелген мейірімді жан?

Қара түсті торкөздің ішіндегі сөзді бәріміз дауыстап оқиық. Отан

- Ендеше балалар бүгін біз сендермен белгілі балалар ақыны Жақан Смақовтың "Отан" деген өлеңін өтеміз. Жазушы ағамыз өзінің Отанға деген ыстық сезімін өлеңмен жеткізеді.  ( Дәптерге күнді жазып, тақырыпты жаздыру, автор туралы түсінік беру)

Смақов Жақан Смақов Жақан (1932 - 1974)

Смақов Жақан 1932 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы,  Ынталы ауылында туған. Сол жерде орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Алғашқы өлеңі де сонда оқып жүргенде жазылған. «Мені балалар тақырыбы әрдайым қызықтыратын» - деп жазыпты ол өзінің қысқа ғана өмірбаянында. 1953 жылы партия тың жерді игеру жұмысын қолға алғанда, «Пионер» журналында «Арам шөп пен бидай» деген алғашқы өлеңі шықты.

Ақын поэзиясының айрықша бір саласы - жұмбақтары. Бұларда мәнді мазмұн, тапқырлық, көркемдік сырлары бар.

Осы тәрізді жұмбақтарын оқи бергің келеді.  Ж. Смақовтың қазақ балалар әдебиетіне енгізген тағы бір жаңалығы - әсерлі, әрекетті ойындар. Бұл ретте халықтың «Соқыр теке», «Талапай» сияқты ойындарын да шебер жандандыра білген.

Ақын жұмбақ, жаңылтпаш, ойын өлеңдерінде балдырғандарға тіл үйрету жағын қатты қадағалаған, мақсатты мағына беріп жазған.

Қалам ұстағаннан балаларға, әсіресе балдырғандарға арнап өлең жазған ақын, өзіндік ерекшелігі танылған шағында, денсаулығы нашарлап, қырық екі жасында қайтыс болды

IX. Сергіту сәті

X. Оқулықпен жұмыс

А) мұғалімнің оқуы

Ә) оқушылардың оқуы

1-топ. Б) осы өлеңді ақын қандай көңіл күнмен жазған деп ойлайсыңдар?-Топ

2-топ.  В) Ақын отанды неге теңейді?

8. Дәптермен жұмыс

Өлеңді пайдаланып Отанға, аспанға, тауға, гүлге қатысты көркем сөздерді тауып жазу

Отан – Ұлы Отан, мөп - мөлдір аспан, асқар тау, қауызын ашқан гүл.

XI. Поэзия минуты

Қазақстан Отан туған жер туралы білетін  өлең тақпақтарын айтқызу.

XII. Жалғасын тап ойыны

1-топ   1. Отансыз адам -................

Отан үшін отқа түс..........

2-топ  2. Отан оттан да.................

Отанды сүю -...................

XIII. Қорытынды. Рефлекция.

- Сонымен балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- Несімен?  БББ кестесі бойынша :

Білетінім...    Білгенім ...      Білгім келеді... оқушыларды сөйлету.

- Отан деген не?

- Қазір тақтаға күн шығады. Сол күннің сәулесіндегі теңеулерді барлығымыз бірге айтамыз.

 

Бұл туы көкте желбіреп, шыңдары аспанмен таласқан біздің отанымыз Қазақстан Республикасы

Өз Отандарыңның көркеюіне сендер қандай үлес қосудасыңдар?

Оқушылар:  - Мектепке келіп, сабақты жақсы оқып, тәрбиелі болу

Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. 8 тапсырманы үйде орындау

Бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек.

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика