«Армысың, ана мектебім!»
Өскемен қаласы әкімдігінің Абай атындағы №33 орта мектебі ККМ
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі : Болатхан Нургул
«Армысың, ана мектебім!» атты мектепалды даярлық топтарының алғашқы қоңырау салтанатты жиыны.
Құрметті ата-аналар, аяулы бүлдіршіндер, қадірменді қонақтар!
Жаңа оқу жылына қадам басқалы отырған бүлдіршіндердің қадамдары құтты болсын! Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Рио-де-Жанейродағы олимпиадасы әлемдік аренасында ҚР-ның көк туы биіктен шарықтауы және әнұранының шырқалуы тәуелсіздігіміздің 25 жылына арналған үлкен сыйы болды.Осындай керемет жылы мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндерімізге сәттілік тілейміз. Мерекелік шарамызды Қазақстан Республикасының әнұранымен бастаймыз /мемлекеттік әнұраны орындалады/
Мерекелік шарының алғашқы құттықтау сөзі мектебіміздің директоры Акитбаев Есімхан Тұрысбекұлына беріледі.
1-жүргізуші: Құтты болсын алғашқы қадамдарың!
Құтты болсын басталған оқу жылың,
Құтты болсын, болашақ баспалдағың
Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары
1қыркүйек – айрықша мәні бар, айтулы Білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталады. Ол әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін аса маңызды олай болса бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық бүлдіршіндердің орындауындағы тақпақтарын тыңдайық.
1.Зере: Абзал жан, биік тұлға байсалды,
Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.
Бүгінгі салтанатты шақта бір
2.Мерей:
Інкәр : Бірінші қыркүйек күнімен,
Аңқыған жұпары гүлімен.
Келіп ем, қарсы алды мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен
Нұртас :2.Келдік алғаш мектепке,
Білмейтін едік әріп те,
Оқып, бізді үйретер,
Ғылым анасы – Әліппе!
Аяла:3 .Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз
Мәрмар: 4. Мен мектепке барамын,
Кілең бестік аламын.
Ата-анамды қуантып,
Шоқ жұлдыздай жанамын.
Інжу:5. Бақытты балғын баламыз,
Өсті ой мен санамыз.
Әріп танып, сабақ оқып,
Білім нәрін аламыз.
Ерасыл 6. Міне мен де ұлкен болдым,
Жасым толды беске .
Арқама сөмке асынып,
Мектепке барам асыға.
«Айгөлек » әні – орындайтын Кенжехан Інкәр, Інжу
Қымбатты біздің кішкене сіңлілеріміз! Аяулы ұстаздар! Міне, бүгін біз үшін соңғы Алғашқы қоңырау. Бала шақтан болашаққа қадама басып бара жатқан біздер, мектеп үмітін ақтауға бар күшімізді саламыз.
Қадірлі мектеп – бұл мектеп,
Сендердей біз де болғанбыз.
Есейдік, міне, қараңыз.
Құт болып алғаш қадамың,
Жағарсың білім шырағын.
Биылғы жыл ерекше,
Ұғарсың оның шын мәнін.
1-жүргізуші: Алтын ұя – киелі шаңырағым,
Мен өзіңе қашан да табынамын.
Алыс, жырақ өзіңнен кетсем егер,
Қоңырауыңды сыңғыр қаққан сағынамын!
Ән : Бейбарыстың орындауында
Алғашқы білім жолына қадам басқалы отырған бүлшіршіндерімізге ақ тілек ақ бата ата-аналардан тілек білдіремдеушілерге микрафон ұсынамыз.
жүргізуші: Ал енді даярлық сынып оқушыларының алғашқы ұстаздарымен таныстырып білім жолындағы қызықтарға толы әлемге сәт сапар!