«Интернет тұтынушысына кеңестер!»

«Интернет тұтынушысына кеңестер!»

21 ғасыр – ақпараттық технологиялардың дамыған ғасыры. Қазіргі таңда интернет желілері бүкіл әлемдегі адамзаттың екінші тынысына арналғаны айтпаса да түсінікті. Сандық ғасыр жаһандық коммуникацияларды және ақпараттық желілердің дамуын мүмкін етті.

Дамыған елдердің тұрғындары үшін интернет-дүкендерден сауда саттық жасау, қарапайым дүкендерді пайдаланатындай бүгінде олардың әдеттеріне сіңісіп кеткен. Көпшілігі тіпті, қарапайым дүкендерден қарағанда, интернет дүкендерді пайдаланғанды жақсы көреді, себебі жеңіл, жылдам, пайдалануға ыңғайлығымен көпшіліктің көңілінен шығып отыр.

Қазіргі таңда әр тұтынушысы интернетті әрқилы мақсатта пайдаланады. Интернет желісін бірі мәдени даму құралы ретінде электронды кітапхана ретінде пайдаланса, тағы бірі байланыс құралы ретінде пайдасына асырады. Қандай мақсатта пайдаланғанымызбен ең бастысы біз интернет желілерін пайдаланатын, қызмет алып отырған тұтынушы екенімізді ұмытпаған жөн.

Көптеген адамдар интернетті ақша табудың қарапайым жолы ретінде қарастырады. Бүгінде интернет арқылы алынатын көптеген қызмет түрлеріне сұраныс артып келеді. Кең таралғандары: компьютерге бағдарлама орнату, сантехникалық қызметтер, терезе орнату, еден түрлерін орнату, керме төбелер (натяжные потолки) орнату, есік орнату, жиһаз жасау, евроремонт, штор, жалюзи орнату, кілем сату, киім-кешек, жылдам әзірленетін ас түрлерін жеткізіп беру (пицца, донер, түскі ас, сусындар, суши т.с.с.), түрлі эксклюзивті сыйлықтар (гүл, сувенир), той кешін жүргізу т.с.с. өте көп жеңіл алып-сатар жұмыстары мен қызмет көрсету шаралары.

Жоғарыда аталған қызметтерді адамдарға жарнамалау үшін, интернет арқылы жарнамалап тұтынушының назарына ілігеді. Қазіргі таңда жарнама сайттары арқылы тұтыну тарту оlx, slando, satu, из рук в руки сияқты бірқатар жиырмаға жуық қазақстандықтар кіріп жүретін жарнама сайттары бар. Жоғарыдағы аталған сайттардың ішінде олх, из рук в руки сияқты сайттарының ақылы жарнама түрлері бар. Ол жарнаманың басқа жарнамалардан жоғары жағында ұстап тұруға мүмкіндік береді. Сол арқылы тұтынушы назарына тез түседі, тұтынушыны жоғары дәрежедегі тауар не қызмет түрі деген ойға әкеп соқтырады.

Интернет арқылы алдын – ала  тауар не қызметке жүгінудің ерекшелігі таңдаудың көптігінің салдарынан Қазақстан Республикасының  «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңының 12-бабына сәйкес Тұтынушылардың тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдау құқығын қамтамасыз етеді

Интернеттегі күмән туғызатын сайттар арқылы тапсырыс жасайтын болсаңыз келесі қарапайым кеңестерді еске ұстағандарыңыз жөн:

- Интернет-дүкен парағында әр тауардың сипаттамасы,бағасы және сатып алушыға қалай жеткізілетіні анық көрсетілуі керек.

- Төлемдер қай валютада жүргізіледі және есеп айырысу шарттарының әр пункті нақтылы түрде сипатталуы тиіс.

- Сонымен бірге екі жақтың, яғни сатып алушы мен тауар сатушының жеке жауапкершіліктері мен міндеттері де парақ бетінде орын алуы тиіс. Бұл қадам егер екі жақтың біреуінде түсініспеушілік туған кезде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

- Интернет-дүкеннің администраторға арналған жеке парағы болуы керек, ол жерде тауарлар толықтырылып тұрады және сатып алушылармен пошта арқылы байланыс орнатылады.

Интернет дүкенінің қазіргі заманда дүкен аралап жүргеннен көрі интернет дүкеннен тапсырыс беретіндер көп, осыған қарап ғаламтор дүкендердің болашағы жақсы екенін көреміз. Қазіргі кезде интернет кеңістігінде интернет дүкендердің саны күн сайын өсіп жатыр, себебі, ақпараттық технологиялар әлемінде интернет дүкендерде қандай да бір заттарды сатып алу өте ыңғайлы және тиімді. Соның ішінде көпке танымал lamoda.kz, alibaba.com, bonbrix.kz, kupivip.kz, ozon.ru, wilberries.kz, aliexpress.ru, Eldorado.ru және т.б..

Интернет-дүкендердің артықшылықтары:

— Тауарлардың бағасы біршама арзан болады. Себебі интернет-дүкенді құру, қарапайым дүкенді тұрғызғаннан біршама арзан. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарына, залдағы сауда жабдықтарына, электр энергиясына, коммуналдық қызметтерге және т.б. шығын бойынша дүкен иесі ақы төлемейді.

— Интернет дүкендердің ең бір анық артықшылығы – уақыттыңызды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сіз қажет тауарды іздеу және оны алып келуге біршама уақыт жоғалтасыз. Ал интернет-дүкеннің көмегімен үйде отырып-ақ тапсырып жасауға болады.  Дүкендердің жұмыс кестесі бойынша өз жоспарыңызды өзгертпейсіз. Себебі олар тәулік бойы және демалыссыз жұмыс атқарады. Кассада төлем жасау үшін кезекте тұрмайсыз. Интернет дүкенде тапсырыс жылдам және жеңіл түрде іске асады.

— Тауар туралы анық ақпарат ала аласыз. Қазақстан Республикасының  «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңының 25-бабына сәйкес Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы барлық мәліметтер толық беріледі Қарапайым дүкендерде тауар жөніндегі кеңесшілерге көптеген сұрақтарыңыз қоюға тура келеді. Сонымен қатар, кеңесші тауар туралы ақпаратты толық білмейтін жағдайлар жиі ұшырасып жатады. Ал интернет-дүкендерде тұтынушылардың тауарға берген бағасы мен пікірлерін оқи аласыз.

- Жеткізу – сатып алған тауарды жеткізудің сатып алушыға ыңғайлы түрін ұсынады. Тауарды жеткізу курьер арқылы немесе пошта бөлімшелері арқылы іске асырылады.

Интернет дүкендердің кемшіліктері:

— Барлық интернет-дүкендердің кемшілігі – ол тауарды қолға алып, ұстап көре алмау мүмкіндігінің жоқтығы. Осыдан тұтынушылар тауарды алған соң тауардың дұрыс өлшеміне сәйкес келмейтіндігіне, сапасы төмен болуына немесе егер тапсырылған тауар тағамдар блогына жататын болса, оның жарамдылық уақытынан шығып кеткеніне көз жеткізеді. Осыған қарамастын бұл кемшілік сатушыны (дайындаушыны, орындаушыны) ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау» туралы заңының 29-бабына сәйкес тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерінен айырмайды.

— Тағы бір кемшілігі, сізге өте қажет болып тұрған тауарды, жеткізуді тағатсыздана күту. Алайда бұл кемшіліктің өзіндің оңтайлы жағы да бар. Себебі біз қарапайым дүкендерде жүрген кездерде, түр түсіне қарап қызығып, керексіз заттарды сатып алып, артына осы затты не үшін алдым деп өкініп жататын кездер жиі кездесіп жатады. Ал, интернет-дүкен арқылы тауарды алатын болсақ, тапсырыс келмес бұрын, сіз бірнеше рет ой елегінен өткізіп, тіпті сатып алудан бас тартуыңызда мүмкін.

— Кейбір адамдар, интернет-дүкеннің операторларымен жеткізу орыны және уақыты туралы келісудің қажеттілігі өзіндік ыңғайсыздық тудырып жатады.

-  Алаяқтық – дүкендердің көбі алдын ала төлеу арқылы жұмыс істейді, осыдан алдымен ақша жіберіледі, бірақ тауар жеткізілмейді, өйткені дүкен жалған болып шығады. Әрі қарай бұл іспен айналасу үшін тұтынушылар керек етпейді, себебі, ол таңдап алған тауарлар арзан бағамен ұсынылған, істі әрі қарай жалғастыру уақыт алады және іс көтергеннен  нәтиже шығатынына күмән болады.

Енді интернет-дүкендердің сенімділігіне қалай көз жеткізуге болатындығына жекелей тоқтала кететін болсақ:

- Сенімді және жақсы интернет дүкеннің ең бірінші белгісі — Google, Yandex, Rambler және т.б. танымал іздеу желілеріндегі рейтингтегі алатын жоғары орыны.

- Тауарлардың ассортиментінің көптігі.

- Берілген тауарға кепілдіктің болуы.

- Сенімді интернет-дүкендерде нақты мекен-жайы мен байланыс көздері туралы ақпарат бүкпесіз жазылады. Сондай-ақ төлем жасау мен жеткізу әдістері туралы толық ақпарат көрсетіледі (телефон, e-mail мекен-жайы, заңды тұлғаның аты-жөні және реквизиттері).

- Жақсы интернет дүкеннің маңызды көрсеткіші болып кері байланыс табылады.

ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау» туралы заңының 30-бабына сәйкес егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті. Интернет арқылы сатылып алынған тауар көңіліңізден шықпаған жағдайда тауар қабылдаған кездегі шот-фактураны, қаптама қағазын, төлем түбіртектерін лақыруға асықпаңыз. Тапсырыс берген дүкен парақшасын, парақшадағы өз жеке кабинетіңіздің скриншот суретін сақтап қоюды ұмытпағаныңыз абзал.

Қазір заман талабы тездікті талап етеді, себебі уақыт үнемдеу керек. Уақыт үнемдей отырып дұрыс таңдау жасап, сауатты тұтынушы болыңыз!

Мақаланы әзірлеген: «ҚР ҰЭМ ТҚҚ Комитетінің ШҚО ТҚҚ Департаментінің Өскемен қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы»  РММ жетекші маманы Қауысова Айгуль Қалибекқызы.

 

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика