Ұлттық ойындармен мектепке дейінгі ересек балалардың танымдық және тілдік құзыретілік әрекетін дамыту

Өскемен қаласы әкімдігінің №20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжайы КМҚК

Тақырыбы: Ұлттық ойындармен мектепке дейінгі ересек балалардың танымдық және тілдік құзыретілік әрекетін дамыту

Логопед: Көкенаева Назым Мәдениетқызы

«Таным» теориясы – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.

Таным деп біз адамның айнала коршаған ортаны зерттеудегі ерекше рухани іс-әрекетін айтамыз.

Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», — деп жазды.

Бүгінгі мектепке дейінгі білім беру нәтижесі ретінде мемлекеттік міндетті білім беру стандарты бойынша денсаулық сақтау, таным, қарым-қатынас, әлеуметтік және шығармашылық құзыреттілік деп белгіленген. Соның ішінде танымдық құзыреттілік қоршаған ортамен таныстыру, математикалық түсініктерін қалыптастыру, сенсорлық тәрбие беру негізінде қалыптасатындығы негізге алынған.

Таным - адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі - адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Таным - адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: - қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); - қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады). Таным - білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі.

Таным ол әрекеттің мақсаты мен түрткісін анықтайтын тұлғаның ақпараттық қорын құрайтын қоғамдық-тарихи үдеріс философиялық категория болып табылады. Философиялық сөздікте: таным – заттардың эмоциялық мазмұнын немесе ақиқатты табу мақсатындағы заттардың күйін, жағдайын меңгеру болып табылады. Педагогикалық сөздікте таным – әлем туралы шынайы білімдерді алуға деген субъектінің шығармашылық іс-әрекеті деп жазылып, сыртқы орта туралы ақпарат алу тұрғысынан берілген [6].

Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов, Г.Нұрышева танымға сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі үдерісі деп анықтама берген. Ғалымның таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады, сондықтан танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп те есептеуге болады деген құнды пікірімен де келісуге болады. Бейнелеудің философиялық теориясы тұрғысынан алғанда танымның үш түрі: сезімдік, логикалық және прагматикалық жағынан ерекшеленеді. Сонымен, ересек топтағы балалардың танымын дамытуда сезімдік, логикалық және практикалық түрі ұйымдастырылуы шарт деп санаймыз. Таным теориясында танымның маңызды жақтары ретінде бейнелену көрінеді. Мұнда бейнеленудің бірнеше деңгейлері ерекшеленген:

- өлі табиғатта бейнеленуі;

- тірі табиғатта бейнеленуі;

- әлеуметтік деңгейдегі бейнеленуі;

- жеке санамен сезінуі;

- қоғамдық санамен сезінуі. Біздің мәселемізді талдау үшін жеке деңгейдегі бейнеленуі маңызды болып табылады.

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың танымдық және тілдік құзыреттілігін дамытуға бір-ақ мысал ретінде: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз.

Танымдық - сөздік бағыты әр сәби тұлғасының толық даму негізі ретінде қарастырылуы мүмкін.Тіл сөйлесудің жүргізуші құралы ретінде бала әрекетінің барлық түрін сүйемелдейді. Тіл сапасы, ойында, сабақта, суретті ойластыру мен талдауда, серуендегі бақылауда, көріністі талдағанда және т.б. қолдана алу біліктілігі бала әрекеті, оның құрдастармен қабылдануы, беделі мен бала қоғамындағы бедел жағдайына байланысты.

Тіл әрекеті танымсыз, баланың айналадағы әлемді игерусіз мүмкін емес.

Дұрыс тілдің қалыптасуы мектепке дейінгі білімнің негізгі бір міндеті болып табылады. Бірақ та соңғы бірнеше жылдағы тәжірибелік жағдайдың динамикалық анализі бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу ақауларының саны жыл сайын өсіп келеді.

Бүгінгі күнде - бейнелік, синонимдерге, толықтауышқа және сипаттауға бай мектепке дейінгі жастағы балардың тілі - өте сирек болып табылады. Балалардың тілінде көптеген мәселелерге толы. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамуына педагогикалық әсерлер - өте қиын жұмыс. Балаларды байланыса, ретпен, өзінің ойын грамматикалық дұрыс айтуға,айналадағы өмірдегі әр түрлі оқиғаларды айтуға үйрету керек.

Жақсы тіл - баланың жан - жақты толық дамуындағы маңызды шарты болып табылады. Баланың тілі неғұрлым бай және дұрыс болса, соғұрлым оған өз ойын айтуға жеңіл, оның айнала әрекетін тану мүмкіндіктері кең болады. Сондықтан баланың тілінің уақытылы қалыптасуын ойлау керек.

Тілдің әр түрлі ақаулары қандай да дәрежеде болмасын баланың мінезі мен әрекетінде көрінуі мүмкін. Жаман сөйлейтін балалар, өзінің жетіспеушіліктерін түсіне келе, жабық, ұялшақ болып, батыл болмайды. Баланың дыбыстар мен сөдерді сауаттылыққа үйрету кезінде дұрыс айтпауы, сонымен қоса жазу тілі де ауызша қалыптасады, ауызша сөйлеудің жетіспеушіліктері баланың үлгерімін төмендетеді.

Танымдық - сөздік дамудың маңызды міндеті:

Ойлау әрекетінің дамуы.

Өзінің тәжірибесін ұғыну бойынша міндеттерді шешу процессіндегі әлем суретінің толық қалыптасуы.

Сенсорлық даму.

Ойлау әрекетінің белсенділік қабілетінің қалыптасуы.

Туған тілімен танысу.

Тілдің қалыптасуы.

Артикуляциялық моторикасының дамуы, беттің бұлшық еттерінің нығаюы, дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастырамыз.

Міндеттерін шешуі:

Диалогтік тілдің, оның сауаттылық жағынан жаңартылуы.

Балалардың сөздік қорын белсендету мен кеңейту.

Ауызша және жазбаша құралдарды қолдана отыра тіл мәнерлілігін дамыту.

Осыған байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі педагогтарда баланың танымдық - сөздік толық дамуы үшін қолайлы психолого - педагогикалық шартты құру сұрағы тұрды.

Оқу тәрбие үдерісіндегі ойындардың жалпы ерекшіліктері:

1. Ойын - балалар қызметіндегі психологиялық үдерісті (сезіну, қабылдау, ойлау, елестету, ес, ықыласын, тілін) белсендіреді.

2. Ойын ерікті түрде құрылады.

3. Ойын шығармашылық қабілетті дамыту үшін барынша мүмкіндік жасайды.

4. Ойын барысында балалар қанағаттанарлық, қуаныш алады.

5. Ойын кез келген оқу материалын еліктіретіндей, қызықтыратындай жағдайға әкелуге көмектеседі.

"Ұшты-ұшты" — ұлттық ойын. Ойынды үй ішінде де, сыртта да ойнауға болады.

Ойынды үй ішінде, сыртта да ойнауға болады. Ойынға қатысушылар бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыруы шарт. Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді де, ұшпайтын зат айтылса, тырп етпейді. Қателескен бала айып тартып, тақпақ айтады немесе ән салады. Екі рет жаңылса, айып шарты ұлғая түседі.

Бастаушы ойынды былайша жүргізеді:

Балалар қане тұрмайық,

Шеңбер құрып алайық.

Айтылған әрбір сөздерді,

Мұқият тыңдап алайық,

Ұшама әлде ұшпайма,

Айырып оны алайық.

Ұшты, ұшты, ұшты — сұңқар ұшты! (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты — тұлпар ұшты! (ұшпайды)

Ұшты, ұшты, ұшты — қарға ұшты! (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты — арба ұшты! (ұшпайды)

Ұшты, ұшты, ұшты — тарғақ ұшты! (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты — жарғақ ұшты! (ұшпайды)

Ұшты, ұшты, ұшты — үкі ұшты! (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты — түлкі ұшты! (үшпайды)

Ұшты, ұшты, ұшты — бүркіт ұшты! (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты — іркіт ұшты! (ұшпайды)

Ұшты, ұшты, ұшты — үйрек ұшты! (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты — бүйрек ұшты! (үшпайды)

Ұшты, ұшты, ұшты — кекілік ұшты! (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты — кекілің ұшты! (ұшпайды)

Ұшты, ұшты, ұшты — қыран  ұшты! (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты — жылан ұшты! (ұшпайды)

Ұшты, ұшты, ұшты — қызғыш ұшты (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты — сызғыш ұшты! (ұшпайды)

Ұшты, ұшты, ұшты — ұзақ ұшты! (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты — тұзақ ұшты! (ұшпайды)

Осы тәртіппен ойын жүргізіле береді. Ойын қатынасушылардың сезімталдығын шыңдап, тез жедел ойлай біліп, нақты әрекет жасауға, іштей жинақы болуға қалыптастырады.

Мұндағы мақсат- ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді. Қызығушылықтарын ояту. Сөздерді естерінде сақтауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.

 

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика