Наурыз-ырыс, құт-береке бастауы

Өскемен қаласы әкімдігінің «Абай атындағы №33 орта мектебі»КММ

Сыныбы: 5

Музыка пәннің оқытушысы: Разхан Шолпан

Сабақтың тақырыбы: Наурыз-ырыс, құт-береке бастауы.

Сабақтың типі:             Жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың түрі:             Жаңа сабақ

Оқыту әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,көрнекілік,салыстыру

Оқыту технологиясы: компьютерлік технология.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға наурыз туралы түсінік беру,ұлттық дәстүмен танысу,музыка пәні бойынша наурыз туралы халқымыздың әдет-ғұрпын меңгеруді үйрету . Дұрыс ән айту дағдысын қалыптастыру

Дамытушылық:. оқушыларға таным мен тіл байлығын дамыта отырып,өнерге  қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Қазақтың ұлыттық салт-дәстүрін құрметтеуге,оны сақтай білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:Қазақстан таихы,қазақ-әдебиеті

Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта,синтизатыр

Оқушылардың білім және білік  дағдысын қойылатын талаптар:

Наурыз мерекесін түсіну,дұрыс ән айту.

Сабақ жоспары

І.Ұйымдастыру бөлімі:

- оқушылармен амандасу, оларды түгендеу

- кластың, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

- оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

- Ауызша сұрақтар

- Өткен сабақта қандай ән үйрендік?

- Әннің авторы кім?

- Әннің авторы туралы не білесіңдер?

- Ән қандай тональдықта жазылған?

-    Музыкада қанша нота бар?

- Сол ноталарды ата?

- Ноталар қанша сызыққа орналасады?

- Латын Америка халықтарының ең көне музыкасы ата?

-     Ана туралы қандай мақал- мәтелді білесіңдер?

 

 

 

ІІІ. Сабақтың  тақырыбын, мақсатын хабарлау:

1. Оқушыларға наурыз мерекесінің шығу тарихы мен салт-дәстүр байланыстылығын түсіндіру

2. Оқушыларға таным мен тіл байлығын дамыта отырып,өнерге  қызығушылығын арттыру.

3. Қазақтың ұлыттық салт-дәстүрін құрметтеуге,оны сақтай білуге тәрбиелеу.

 

VI. Жаңа сабақты түсіндіру

Наурыз туралы мағлұмат

Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т.б. атап өтеді.

Парсы тілдес отырықшы халықтар арасында егіншіліктің қамқоршысы және диқандардың бірінші үйретуші ұстазы-мифтік кейіпкер,қасиетті Бобой Дехқан,деп санаған.Түркі тілдес халықтар оны Диқан баба,Баба  Дайкан,Дехкан –баба деп атайды.Суармалы жерді пайдалану барысында оған ерекше табынған.Қазақ егіншілері де Диқан бабаға береке ,молшылық тілеп, синған.Қазақтардың тағы бір табынып,пір тұтатыны- қасиетті Қыдыр ата.

Ол байлықты үлестіруші,адам баласына жақсылық тілеуші деп түсіндіріледі.

Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күні не сәйкес келеді.

Наурыз кезінде наурыз-көже дайындалады. Көже жеті тағамның қосындысынан тұрады: арпа, бидай, күріш, қара бидай, сүт, ет , май. Наурыз-көже – мейрамның, көктем келгендігінің белгісі.

Наурыз ерекшеліктері:

- Сіз келген күні таңертең ата, ағаларымыз қолдарына күрек. Ал аналарымыз құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады.

- Бұлақ көрсең көзін- аш- деп, ағаларымыз төңіректегі бастаулардың көзін ашады.

- Бір тал кесең, он тал ек- дескен қариялар бұлақбасына тал егеді. Ал әйелдер атып келе жатқан Күнге тәу етіп,  “Армысың қайрымды Күн-Ана!”, - деп иіліп сәлем береді және кеудесі түкті жер- Ана, құт дарыт, жарылқа!- деп ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді.

Салт-дәстүрмен таныстыру:

Батамен ел көгерер

Наурыз ойындары                                         Өлең-жыр,айтыстары

«Қыз қуу»                                                                  «Қыз бен жігіт» айтысы

Наурыз ойындары:қыз қуу,көкпар тарту,Алтыбақан ойын.

Наурыз көже- арпа, бидай, күріш, қара бидай, сүт, ет , май. Наурыз-көже – мейрамның, көктем келгендігінің белгісі.

Ән үйрету:

Наурыз-біздің әніміз

Сөзі: Қ.Сыдық

Әні: А.Жайымов

1.Наурыз келді жадыраған жайнаған,

Салтанатты сауық-сайран айналам.

Наурыз тойда қыр мен ой да,

Қала-дала қызық думан қайнаған.

Қайырмасы:

Наурыз,Наурыз-әніміз,

Наурыз- біздің сәніміз

Наурыз тойда күліп- ойнап

Шат көңілмен ән шырқаймыз бәріміз

2. Наурыз келді,шарықтайды жыр бүтін,

Қуанышпен құшақтаймыз қыр гүлін.

Берекелі мерекеде көк жүзіннен,

Күлімдейді нұрлы күн.

Әнге сипаттама:

- Ән өте көңілді , жүрдек айтылады.

- Ре мажор тональдігінде

- 2  4 ұлеспен айтылады.

- Ән ля нотасынан басталып, ре нотасынан аяқталады.

Әннің авторы :Айтқали Тілепқалиұлы Жайымов

1947 жылы  мамырдың 5 күні Атырау обылысы ,Жылыой ауданы ,Ракуш ауданында дүниеге келген.

Күйші,Домбырашы,Сазгер.Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының домбыра бойынша пітірген.

Дирижёр,өнертану  профессоры, “Домбра өнер”, “Домбра үйрету мектебі”, “Музыка оқу құралдары” атты еңбектері бар.

V.Бекіту

1.Наурыз мерекесінің ерекшелі неде?

2.Ән қандай ұлеспен айтылады?

3.Наурыз сөзі парсы тілнде қандай мағананы білдіреді?

4.Қазақ  халқынан басқа қандай халықтар тойлайды?

5.А.Жайымовтың қандай еңбектерін білесіңдер?

 

VI. Б а ғ а л а у

 

VII. Үй тапсырмасы

«Наурыз- біздің әніміз»  әннің сөзін жаттап келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика