АШЫҚ САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ «Мен не үйрендім?»

АШЫҚ САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

«Мен не үйрендім?»

3 «В» - сынып

Жасаған: қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: Тоқтағазина Б.А.

Сабақтың тақырыбы:  Ауа райы.

Білімділік:  Қарапайым сөйлемдер арқылы оқушылардың модуль бойынша алған

білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Нәтиже сабақ аясында түрлі логикалық тапсырмаларды орындау

арқылы іскерлікке, шеберлікке машықтандыру.

Тәрбиелік:  Шағын мәтіндерді баяндау арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққаүйрету.

Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақтілі» оқулығы, жазудәптері.

Жетістік критерийлері: Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): сөйлем құрайды, сұрақтарға жауапбереді, ауа райы тақырыбына байланысты сөздерді толық меңгереді.Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында қарапайым тілдікқарым-қатынас құра алады.Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырыпқа қатысты өз ойын жеткізе алады.

Негізгі түсініктер: Оқулықтар, қазақ тілі сабағы,таза сөйлеймін.

Сабақтақолданылатынматериалдар: Интерактивтітақта, слайдтар, плакаттар, маркерлер, тірексөздер жазылған қимақағаздар, суреттер, желім қағаздар, А4 парағы.

Оқыту әдістері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, диалог, топтықжұмыс, «Шаттық шеңбер» тренингі, «Фишбоун» әдісі, ассоциаграмма, жұптықжұмыс, «Кубизм»стратегиясы. «Жалпысұрақ»техникасы, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Мұғалімнің іс-әрекеті

I. Оқушыларға психологиялық

ахуал  туғызуМұғалім ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен амандасып, көңіл күйлерін сұрайды және бүгінгі сабаққа Әсем атты сұлу қыз келгенін айтып сипаттайды. «Шаттық шеңберін» құрып, балаларға сәттілік тілейді. 3 мин

ІІ. Қызығушылықты   ояту

\ Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Барлығымыз енді үстелде жатқан суреттерден таңдап алайық та топқа бөлінейік. Тақтада ілулі тұрған дискрипторлар жайында айтып өтеді

Осы жерде кластер құрғызады. Екі топ А4 қағазына Шырша мен Аяз атаға ассоциация жазулары керек 6 сөзден. Содан соң ауа райы туралы ролик белсенді тақтада көрсетіледі.

 

III. Мағынаны тану

1-тапсырма: лекс.минимум – СӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

\\ Бізге қонаққа келген Әсем қызымыздың дайындаған тапсырмалары бар екен! Ол алма жақсы көреді екен, мына тоғайдан сөздерді алып, аударыңдар. Кім дұрыс жауап  айтса, бір смайлик алады, сабақтың соңында санаймыз,бағалаймыз!

 

Ауа райы

Тоңды

Жел соқты

Ұшты

Аяз

Қар жауады

Мұз қатады

Ертең

Қыста

Қандай

Салқын

Бұлтты

(БАҒАЛАУ)

Жылы

2-тапсырма: Кубизм

Қалаларды қайталау. Аймақтық компонент - Өскемен.

- Біз қай қалада тұрамыз?

- Өскемен.

- Өскемен қандай қала?

- Әдемі,үлкен,таза.

- Өскеменде нелер бар?

- Мектептер,үйлер бар.

Тыңдалым.Айтылым.Тілдесім. Оқушылар сұхбатқа түседі. Ауызша жауап береді, белсенді қатысады. Ойынға қатысады, смайлик алады.  (БАҒАЛАУ)

3-тапсырма: Сандық.

Оқушылар суреттерді сандықтан алып, аудармасын айтып,  тақтаға жазып,  көптік жалғауын жалғаулары керек (қар,торғай,үй,бала,күн,бұлт, шырша,ағаш). (БАҒАЛАУ)

4 – тапсырма: Мәтінмен жұмыс.

166 – бет. Оқулықтағы 1-тапсырманы мұғалім өзі мәнерлеп оқиды, сонан соң оқушылар тізбекпен оқып, аударады. (Бағалау)

5-тапсырма: Фишбоун  әдісі.

Екі топтан 3 оқушыдан шағып сұрақтарға жауап берулері керек. (БАҒАЛАУ)

6. Сергіту сәті. Видео ролик көрсету.

IV. Ойтолғаныс   7-тапсырма: Сұхбат . 5 мин

V. Бекіту. 178 бет, 3 – тапсырма. 10мин

VI. Бағалау. Формативтібағалау. Смайликтарды санайды,                        дискрипторлармен  салыстырады. 2мин

VII. Үйге тапсырма. Қыс мезгіліне 5 сөйлем жазып келу. 2 мин

VIII. Рефлексия. Сұқ саусақ әдісі. 1мин

 

 

 

 

 

 

 

 

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика