«Ас атасы–нан»

Автор туралы ақпарат: Кенесбаева Жанар Қабдығалымқызы. Қазақ тілі мұғалімі Өскемен қаласы әкімдігінің  «Тілінің мүкістігі бар балаларға арналған №62 балабақша»КММ

Мектепке даярлық тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы: «Қатынас»

Оқу іс-әрекеті: «Қазақ тілі»

Тақырыбы:«Ас атасы–нан»

Мақсаты:

Білімділік:Нан тағамдарының атауларын айтуға меңгерту, күнделікті өмірде қолдануға үйрету

Дамытушылық: Дидактикалық ойындар арқылы алдыңғы және жаңа оқу-іс әрекеттерінде алған білімдерін пысықтау арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: нан–хлеб , тоқаш– булочка, шелпек - лепешка, қара нан – черный хлеб, ақ нан – белый хлеб, бауырсақ – бауырсаки.

Көрнекілік: суреттер,ойыншықтар, пісірілген бауырсақ, шелпек, тоқаш, нан

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік , АТҚ

Ұйымдастырушылық – қозғаушылық кезең

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлемдеседі

Мұғалім: Фонетикалық жаттығу:

Ә-Ә

Ө-Ө

Ү-Ү

Балалар: Фонетикалық жаттығуды қайталай отырып, балалар тілдерін жаттықтырады

Мұғалім:Әнұран

Балалар: қосылып әнұран айтады

Мұғалім:Өткен ойын-сабақтағы лексиканы қайталау

Қуырмаш (санамақ)

Қуыр, қуыр қуырмаш

Тауықтарға бидай шаш

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек

Кішкентай бөбек. (өткен сабақты қайталау)

Балалар санамақты айтады

Сен тұр    әкел (суретті көрсетемін)

Балалар:  алма деп айтады

Сен тұр әкел

Балалар: қияр деп айтады

Сен тұр            әкел

Балалар: алмұрт деп айтады

Сен тұр             әкел

Балалар: Жүзім деп айтады

Сен тұр               әкел

Балалар: Сәбіз деп айтады

Ойын «Не жоқ» (жасырылған жемісті немесе көкөністі атау керек)

Балалар: Сәбіз жоқ дейді

Ұйымдастырушылық- ізденістік кезең

Есік қағып пошташы келеді. Қолындағы хатын мұғалімге береді.

Балалар: таңырқай қарап, қызығушылық танытады.

Мұғалім: хаттың мәтінің оқиды «Сендерді қонаққа шақырамын. Айжан»

Мұғалім: Балалар Айжан бізді қонаққа шақырыпты, қонаққа барғыларын келеді ма?

Балалар:Иә, барғымыз келеді.

Мұғалім: біз көңілді жету үшін өлең айтайық сонда тез жетеміз. (балаларға қазақ тіліне тән дыбыстарды дағдыландыру)

Балалар білетін қазақша өлеңдерін айтады.

Алдарынан Айжан(қуаршақ) қарсы алады. (Дастархан дайын )

Айжан: Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Балалар:Сәлем Айжан

Мұғалім: Ой, балалар қарандаршы Айжан сендерге көп тағамдар дайындап қойыпты, (қолдан пісірілген шелпек, бауырса, тоқаш, қара нан, ақ нан үстелде тұр)бірақ қалай аталатының білесіңдер ме?

Балалар: жоқ

Мұғалім: Балалар мынау шелпек                 ауыз тиіңдер және «Шелпек» деп қайталандар.

Балалар:  шелпекті жейді де, сөзді жеке және топпен қайталайды "шелпек"

Мұғалім: Балалар шелпек дәмді ме?

Балалар:Иә, дәмді

Мұғалім: Мынау тоқаш                      ауыз тиіңдер және қайталандар

Балалар: Тоқаш

Мұғалім: Балалар тоқаш дәмді ме?

Балалар: Иә

Мұғалім: Балалар  мынау бауырсақ                   ауыз тиіңдер және қайталандар

Балалар: Бауырсақ

Мұғалім: Балалар бауырсақ дәмді ме?

Балалар:Иә, бауырсақ дәмді

Мұғалім: Балалар сендерге Айжанның  дайындаған тағамдары ұнады ма?

Балалар: Иә, ұнады

Мұғалім:  Айжанға, рахмет айтайық .

Балалар:Рахмет, дәмді болды

Мұғалім: Балалар Айжан сендерге қоржынға сарқыт салып берді, қазір топқа барғанда ашамыз. Енді балабақшаға қайтайық.

Мұғалім: Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Айнаға қарайық

Шашымызды тарайық

Бір отырып

Бір тұрып

Біз жылдам топқа барайық.

Балалар: Бойларын қимыл-қозғалыс арқылы сергітеді.

Мұғалім: Балалар Айжан қоржынға не салып беріпті көрейік пе? (енгізілген лексиканы бекіту)

Балалар: Иә көрейік

Мұғалім:Мынау не?

Балалар:Мынау шелпек

Мұғалім:Мынау не?

Балалар:Мынау бауырсақ

Мұғалім:Мынау не?

Балалар:Мынау Тоқаш

Мұғалім: Балалар тағамдардың  дәмі қандай?

Балалар:Дәмді

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар!

Рефлексиялық – түзетушілік кезең:

Мұғалім: Балалар, бүгін біз қайда бардық?

Балалар: қонаққа

Мұғалім:.Бізді қонаққа кім шақырды?

Балалар: Айжан

Мұғалім: Не жедіңдер?

Балалар: Тоқаш, бауырсақ бәтер шелпек

Мұғалім: Сендерге қиын болды ма? Не қиын болды?

Балалар: Жоқ, иә деп жауап береді.

Мұғалім: Балалар, бүгін көңілдерің тамаша болса- қызыл дорбаны алыңдар, көңілдерің орташа болса- жасылды, егер сендерге Айжанға барған ұнамаса – сары түсті дорбаны алыңдар.

Балалар: рефлексия жасайды. Сау болыңыз!

Мұғалім:Сау болыңдар!

Күтілетін нәтиже:

Білу: нан тағамдарының қазақша атауларын

Болу: «Мынау не?» -сұрағын түсініп, жауап береді.

Жаңғырту: Сын есіммен сөз тіркесін құрау (шелпек дәмді, нан дәмді)

 

 

 

 

 

 

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.

 

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика