Денсаулық – зор байлық
Автор: 1- санатты бастауыш сынып мұғалімі: Раханова Арайлы Нурлановна. Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 15 орта мектебі» КММ
Ашық тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық –зор байлық
Сабақтың мақсаты: 1. Денсаулық пен жан саулығының адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
2.Денсаулығын сақтай білу іскерліктерін дамыту;
3. Денсаулығын бағалауға тәрбиелеу;
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Әр түрлі суреттер арқылы топтарға бөлу
1-топ 2-топ 3- топ
2) Тыныштық сәті (а) Музыка ойнап тұрады. Балалар қолдарын тізелеріне қойып, көздерін жұмып 1-2 мин тыныштыққа енеді.
Өмірге адам бір -ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі .
Күте білсең саулығыңды өрелі ,
Табиғаттың бергеннен көп берері .
3) Н.Назарбаевтың денсаулық туралы айтқан сөзін оқып кету.
Салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы. «Дені сау ұрпақ - мемлекет байлығы».
Бүгінгі тәрбие сағатымыз денсаулық, оны сақтау, жекебас гигиенасын сақтау туалы және зиянды, пайдалы тағамдар жайлы ойларын ортаға салып, өлең , мақал-мәтелдер айту.
4) Әр топтарға тапсырма беру:
Байлық деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Әр топ –өз ойларын жазып қорғайды.
-Жақсы онда байлық дегеніміз-(Слайд көрсету)
5) Ой ашу :Блиц-турнир сұрағы.
1) Тіс тазартатын құралдар? (щетка, паста)
2) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
3) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ. ( дене тәрбиесі)
4) Жалқаудың досы. (еріншектік ұйқы)
5) Адам өміріне ең қажет. (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)
6) Тазалықтың кепілі.( денсаулық)
6) Топтық жұмыс: Әр топқа сұрақтар таратылып, беріледі. Әр топқа 2-3 мин уақыт беріледі. Дайындалып жауап береді.
1-топ.
1. Дене шынықтырудың маңызы қандай?
2. Спорттық ойынның қандай түрлерін білесіңдер? (Мысылдар келтір)
2-топ
1. «Өзі тоймастың, көзі тоймас»- дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Жеке бас тазалығы деген не?
3-топ.
1. Таза жүретін баланы қалай атайды? Оны достары не?
2. Тамақтың пайдасы мен зиянын айт?(Мысылдар келтір)
Сонымен дұрыс екен әр топ өздеріне берілген сұрақтарға дұрыс жауап берген екен.
9-слайд оқып беру:
“Бірінші байлық – денсаулық” –деген ата-бабаларымыздан қалған сөзді есімізге салсақ, біздің ең үлкен байлығымыз денсаулық екенін ұғуымызға болады. Олай болса, деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыздар?
7) Сергіту сәті (Видео арқылы қайталату)
8) Топтастыру
1-топқа (достары)
2-топ (қастарын) жазады
3-топ. Экспорт тобы бағалап отырады. ( Смайлик таратып беру соны көрсетеді келісемін, келіспеймін)
Дұрыс енді мына слайдпен салыстырайық (12, 13 слайдтарды көрсету)
9) Енді сөз мәйегі мақал-демекші мақал- мәтелдер сайысына кезек берейік
10) Көрініс көрсету: Жалқаубек пен мұғалім.
( Есікті қағып Жалқаубек келеді)
-Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп, балалармен бірге тамақтану құпиясын білейін деп келдім және балаларға тәтті сусын, сағыз, чипси әкелдім.
Міне сендерге әкелдім деп сөмкесінен шығара бастайды.
Мұғалім: – Жалқаубек асықпа, бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақ –тарың туралы білетін боламыз.
-Газды сусын құрамында консерванттар , бояғыш пен ароматизаттор беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар асқазанға жағымсыз әсер етеді. Газды сусында мөлшерден көп қант тіс құртының пайда болуына себепкер. Сусынның құра –мында дәрумендер мен минералды заттар жоқ.
Мұғалім: – Ал, көп балалар жақсы көретін сағыздардың құрамында да қант көп, соның әсерінен іш ауруы, ішегінің тас болып қатып қалуы, абайсызда жұтып қоюу қауіпі бар. Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар, бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді.
Мұғалім: – Жалқаубектің әкелген тағамын аласындарма?
– Ал қандай тағам пайдалы?
11) 16-слайд « Зиянды тағамдар» көрсету айту.
12) « Пайдалы азықтар» – туралы әр топқа бөлініп берілген тапсырмалар болған әр топтан 1 баладан шығып пайдалы азықтар туралы айтып кетеді.
1-топ. Диана
2-топ. Айым
3- топ. Аяла
13) Ойын: «Иісіне қарап ажырат»
Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин, пияздың иістерін искетемін. Олар соны тауып атын атау қажет.
-Біздің денсулығымызға тағы қажеті нәрсе бұл дәрумендер. Жеміс –жидектер –дің пайдасы жөнінде айтып өту.
14) Күн тәртібін құрыңдар:
Әр топ өзінің күн тәртібін құрады. Әр топтан бір баладан келіп қорғайды.
15) «Дәрігермен кеңес» Мектеп медбикесі « Тіс күтімі», «Тұмау» жайлы пайдалы кеңестер береді.
16) Енді, барлғымыз күнде компюьтер алдында, ұялы телефонда ұзақ уақыт отырады екенбіз. Ол өте зиян екен. Көзіміздің көруін нашарлатады.
-Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай қозғалту;
-Көз қарашығын көкке одан төменге қарату;
-Сағат тілі бойымен көзді айналдыру;
-Тез арада көзді ашып – жұму;
-Екі көзімізбен бірге оң жақ иығымызға қараймызда, 5 секунд тұрамыз
-Дәл 3 жаттығуға сәйкес, бірақ керісінше сол жақ иығымызға қарап, 5 секунд тұрамыз
17) Ой тұжырымы:
Қорытынды сөз:
-Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық? (Денсаулық)
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?( Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек)
- Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?( Дені сау, ақылды, білімді)
-Балалар, олай болса, денсаулықтың достарын атайықшы.
18) Тұжырымды оқып беру :
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін. Тәуелсіз ел тірегі-дені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ.
19) Оқушыларды орындарынан тұрғызып, хормен мына жол өлеңін айтқызамын.
Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан
Денсаулығы мықты жан.