«Ана тілі аруы» байқауы
«Ана тілі аруы» байқауы
Автор: Жарма ауданы. Шар қаласы. «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Хамитова Шолпан Хамитовна
Сыныптан тыс жұмыс
9 - 10 сыныптар
Мақсаты: Өскелең ұрпақты ұлтжандылық
- Отансүйгіштік қасиеттеріне тәрбиелеу;
- Ана тілінің мәртебесін асырып, туған тілге деген құрметін арттыру;
- Халықтық педагогикалық ұғымдарын пайдалана отырып, ұлттық дүниетанымын кеңейту;
- Қазақ қыздарының бойындағы ізгі қасиеттерімен қоса сөз саптау мәнері мен шешендік дәстүрін дәріптеу;
Көрнекіліктер: слаид-шоу
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сайыс тәртібі.
1. Таныстыру
2. «Тәуелсіздікке – 25 жыл»
3. Бармағынан бал тамғандар
4. Білімділер сайысы
5. Көркем сөз оқу
1 - жүргізуші:
Армысыздар, ағайын.
Ана тілін ардақтаған, ұлтын ұлықтаған, Ұлы даланың ұлдары мен қыздары!
Бүгінгі мерекемізге хош келдіңдер!
2 - жүргізуші:
Тілдер мерекесіне арналған «Ана тілі аруы» байқауына қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші: - құнды сөздің құдіретіне бас иіп, сөз өнерінде де талғампаздық таныта білген бабаларымыздың бүгінгі ұрпаққа қалдырған басты байлығы, мол мұрасы – Ана тіліміз. Дана тіліміздің қаймағын бұзбай келер ұрпаққа аманат етіп қалдыру мына біз бен сіздің міндетіміз.
Бүгінгі ерекше сай
2 - жүргізуші:
Қазақ осы айтатұғын елге сыр:
О, ағайын, халық емес, ол кесір.
Қазақ осы аңғал - саңғал жабусыз
Қазақ осы ағыл - тегіл, көл - көсір
Қазақ осы «өнер алды - тіл»- дейтін,
Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,- деп ақын ағамыз Қадыр Мырза Әли, қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақ астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім.
Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет. Осы мақсатпен мектебімізде «ана тілі аруы» атты байқау ұйымдастырылып отыр
1 - жүргізуші:
Байқауға сөзге шебер, он саусағынан бал тамған өнерлі қыздар қатысқалы тұр. Байқау 5 кезеңнен тұрады. 1 - кезеңде байқауға қатысушылар өздерін таныстырады, 2 - кезеңде «Қазақстан Тәуелсіздігіне - 25 жыл» тақырыбында өз ойларын көркем сөзбен жеткізеді, 3 – кезең «бармағынан бал тамған» қыздардың қолымен даярланған тағамдар көрмесі, 4 - кезең «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Мұнда әртүрлі сұраққа тапқыр жауап аламыз, 5 - кезеңде аруларымыздың әртістік қабілетін, мәнерлеп оқу шеберлігін танып білеміз. Яғни, көркем шығармадан үзінді жатқа оқу. Әр бөлім 1 - 5 аралығындағы ұпаймен бағаланады.
2 - жүргізуші:
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін – деген ұранмен ортамызға 8 «А» сынып Баян сұлуын ортамызға шақырамыз.
№1 ару: Көрген жан тал бойымнан мін таба алман,
Нұр шашып айналама гүл жайнағам.
Сайрайын сандуғаштай туған тілде,
Сан ғасыр сары алтындай жарқылдаған.
Бағымды бақталаста сынатайын,
Жиылған екен бүгін күн мен айың.
Келсең де тау тіреген толағай боп,
1 - жүргізуші:
Қазақ қызы – намысым, сыңғырлаған сезімдей,
Айша бибі, Домалақ аналардың көзіндей.
Баян сұлу, Қыз Жібек, Еңліктердің өзіндей,
Намысыңды ерлерім қорғаса екен, көз ілмей, - дей келіп, сахна төріне 9 сыныптың Еңлік сұлуын шақырайық
№2 ару: Шыңға біткен шынардай биікпін мен,
Ойымменен өзгелерден озып келем.
Қазақ боп туғанымды мақтан етіп,
Өз тілімде емін-еркін сөйлеп келем.
Ана тілім жарқылдайсың алмастайын,
Өмірді асыл сөзбен өрнектеген.
Қасиетіңнен, бабам тілі, айналайын,
Өткен мен бүгіндерді жалғап келген.
Жауына қылыш болып қадалатын,
Керегінде от болып жана алатын.
Мерекең құтты болсын, айбар – тілім,
Кеудесінде жаны бар қазақ үшін,
Құны жоқ қазынаға саналатын.
2 - жүргізуші:
Мәншүгіммен, Әлиям жаудың бетін қайтарған,
Ләззатыммен, Сәбирам гүлім еді жайқалғанған.
Фаризаммен, Марфуғам елдің сөзін айта алған,
Қазақ қызы ешкімнен кем түспейтін майталман, - ортамызда 11 сыныптың Әлиядай қайсар аруы Диананы қарсы алайық.
№3 ару: Ана тілім - бағалысы халқымның,
Тәңірімнің берген сыйы жалпыңның.
Өзім жайлы тілге тиек етейін,
Өмір жайлы туған тілде жыр шертейін.
Қызымын ер Уақтың Орта жүзден,
Мақтанған атқа қонған қызыменен.
Айныман ақ жолдан бабалардың,
Ежелден еркіндікті көксеп келген.
Туған тілде таныдым табиғатты,
Туған тілде айта алдым ақиқатты
Туған тілде аялап анашымды,
Туған тілде сезіндім махаббатты
1- жүргізуші:
«Қыз өссе елдің көркі» демекші сахна сәнін келтіретін 8 сыныптың Қыз Жібегін қарсы алайық!(Мөлдір)
№4 ару:Жібектейін есілген қос бұрымым,
Еске салар сұлуларын бұрынғының.
Жүзім бар, күндей нұрлы күлімдеген,
Мінезім бар еркесіндей еліктің елеңдеген.
Көздерім ботадай жәудіреген,мөлдіреген,
Шашым бар он тарап, бес күн өрген.
Дей көрме шашы ұзын ақылы қысқа,
Сөз айтамын әрі көркем, әрі нұсқа.
Қолқа салсам - орта жолда қалып қойма,
Би билеп, ән айтайын, шық жарысқа.
2 – жүргізуші:
Айтсаңшы ару қызды ақ жүністей,
Кең маңдайлы қақталған ақ күмістей.
Қауырсыны майысса қымсынатын,
Аққудай жүзген ізі көрінбестей,- дей келіп, Ақжүніс ару Аңсағанды ортаға шақырайық.
№5 ару:Аңсаған қызы едім ата- анамның,
Тамсанам келбетіне кең даламның.
Тарихтағы текті арулар жалғасымын,
Үзілмеген өршілдік арнасымын.
Ана тілін арма бек балағам,
Қызыл тілім қызыл шоқтай қарыған.
Мың құбылтып өз тілімде сөйлеймін,
Қара сөзде ешкімге дес бермеймін.
1 - жүргізуші:
2 - жүргізуші:
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын арулар өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық.
Өзін таныстыруға 1 - нөмірлі 9 «А»сынып оқушысы шығады.
(Барлық арулар таныстырып болған соң)
1 - жүргізуші:
- Алдарыңызда 9 «А» сынып аруларының қолдау тобын ортаға шақырамыз.
2 - жүргізуші:
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады - 2 - кезеңде арулар «Қазақстан Тәуелсіздігіне - 25 жыл» тақырыбында көркем сөзбен өз ойларын жеткізеді.
1 – нөмірлі......
(Барлық арулар болған соң)
1 - жүргізуші:
- Алдарыңызда 9 «Б» сынып аруларының қолдау тобын ортаға шақырамыз.
2 - жүргізуші:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы -
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар - деп қазақ тілін құрметтеңдер дегіміз келеді
1 - жүргізуші:
3 - кезең «Он саусағынан бал тамған» тақырыбында аруларымыздың аспаздық шеберлігін тамашалауға шақырамыз
1 – нөмірлі......
(Барлық арулар аспаздық шеберлігін көрсетіп болған соң)
2 - жүргізуші:
- Алдарыңызда 10 «А» сынып аруларының қолдау тобын ортаға шақырамыз.
1 - жүргізуші:
Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауабын таба ма екен арулар
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
Келесі кезең «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Бұл бөлімде арулар 1 минут ішінде қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап беруі тиіс.
Аруларды Ортаға шақырамыз. Мына жәшіктің ішінен сұрақтарды өздеріңіз таңдап аласыздар. Біртіндеп алып, дауыстап оқып беріңіздер. Егер жауаптарыңыз дайын болса, бірден жауап берулеріңізге болады.
(сұрақ - жауаптан болған соң)
1 - жүргізуші:
Өнерлінің өнерін
Тағы да байқап көрейік.
Жүйрік аттай желейік
Ән мен жырға кезек берейік.
- Алдарыңызда 10 «Б» сынып аруының қолдау тобын ортаға шақырамыз.
2 - жүргізуші:
Соңғы шешуші 5 - кезеңде аруларымыздың әртістік қабілетін, мәнерлеп оқу шеберлігін танып білеміз. Яғни, көркем шығармадан үзіндіні жатқа оқу керек.
1 – нөмірлі......
(Мәнерлеп оқып болған соң)
1 - жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
Әділ - қазылар жеңімпазды белгілегенше, ендігі кезек көрермендерге сұрақ қойылады. Белсенділік танытып, сұраққа дұрыс жауап берген оқушы марапатталады. Бірінші сұрақ......
2 - жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.- дегендей байқауды қорытындылап, жеңімпазды анықтау үшін әділ қазыларға сөз береміз. Және бүгінгі «Ана тілі аруына» өз тәжін кигізуге мектебіміздің 2015 жылы «Ана тілі аруы» атанған 10 «А» сынып оқушысы Төлеухан Мөлдірді ортаға шақырамыз.
1 - жүргізуші:
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар, Тіл мерекесіне орайластырылған «Ана тілі аруы» атты байқауымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы да көз жеткіздік. Отанымыз, еліміз, тіліміз көркейе берсін! Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.