«Мәңгі жасар өмір»

Фотоотчет

Автор: ШҚО Жарма ауданы Шар қаласы «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Есенгелдинова Айнаш Хамитовна

Әдебиеттік оқу  3 сынып.

Сабақтың тақырыбы: «Мәңгі жасар өмір»

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларды халықтың арман – мұраты үшін күрескен ақын ағамыз Сәкен Сейфуллиннің өмірімен шығармашылығымен таныстыру.

Халықтың өнерге деген сүйіспеншілігімен, шығармаларының өміршеңдігімен Сәкен Сейфуллиннің өмірі мәңгі жасар өмір екендігін оқушыларға түсіндіру.

Оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Оқушылардың ой - өрісін, тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

Халық жүрегінен мәңгі орын алған адамдарды құрметтеуге елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру

Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта бейне таспа

Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сабағыңа жөндеп,

Әзірленсең – еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.

2. Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар үйге қандай тапсырма беріліп еді.

-«Интернат қоймасы»

а. Кім әңгімені қысқаша мазмұндап бергісі келеді?

Әңгіме кім туралы?

-Тұрар Серікті неліктен сұраққа алды?

-Серік неліктен шындықты айтуға мәжбүр болды?

-Тұрар мен Қабылбай қандай шешім қабылдады?

-Сен олардың орында болсаң не істер едің?

-Мәтіндегі соңғы азат жолын қайталап оқу. Өз сөзіңмен түсіндіріп көр.

ә. Әңгімедегі кейіпкерлер балаларды сипатта Іс - әрекетіне баға бер

Әңгімеге басқаша тағы қандай ат қояр едің? Неге солай атағаныңды дәлелдеу.

б. Тұрат Рысқұлов кім?

3. Жаңа сабақ

Сол кездерде көптеген халық зиялы өкілдері репрессия деп халық жауы деп тұтқынға алды. Солардың бірінің өмірі бүгінгі сабағымызда арқау болмақ болады.

1937 - 1938 жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үгіт насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады. 105 мың адам қамауға алынып, оның 22 мыңы атылды.

Репрессия - мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шарасы

- Оқиға қай кездері болған?

Ол кездерде ол кісілік қарым – қатынас жасау түгелі атын айтуға қорқатын болған.

Мәтіннің авторы туралы мәлімет беру.

Тұрсынбек Кәкішев - 1927 жылы 15 тамызда Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Берлі аулында туған. Әдебиет зерттеуші ғылымының докторы 1972 ж профессоры. Қазақ Қеңестік Социалистік республикалар одағының еңбек сіңірген ғылым қайраткері 1944 - 1945 жылдары Ақмола облыстық Қазақ драма театрында актер болған. С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізген.

Оқулықпен жұмыс:

1. Мәтінмен жұмыс.

2. Іштей оқу.

3. Мұғалім оқиды.

4. Тізбектеп оқыту.

«Болжау» стратегиясы.

«Мәңгі жасар өмір» I бөлімін оқып шығу.

Сұрақтар:

Осы бөлімді оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

Мәтінді әңгімелеп айтып отырған кім?

Жұрт басқарманың үйіне неліктен жиналды?

Әнші қандай ән бастады?

Ол неге әнді аяқтамай, кілт тоқтай қалды деп ойлайсыңдар?

Қандай үлкен мәселе тұйықта тұр? Неге олай ойлайсыңдар?

- «Аяқталмаған ән»               І бөлімге

- « Халықтың қорқуы»

II бөлімді оқып шығу.

Басқарма төрағасы екі жігітті не үшін жұмсаған екен?

«Тау ішінде» әні кімдікі? Ол неліктен бірнеше рет шырқалды?

Осы оқиғаны қандай жағымды, қандай жағымсыз жағы болды? Неге олай ойлайсың?

Осыған дейін оқығандарыңды шолып әңгіменің қалай бітуін ойлай аласың ба? Қалай бітуі мүмкін?

- «Ән тыңдау»  -ІІ бөлімге

Тағы қандай қазақ халқының мақтанышы болған ұлдарымен таныстық?

5. Сөздік жұмыс. Оқушыларға мәтінді тізбектеп оқыта отырып талдау (сұраққа жауап беру)

Сөздік жұмыс:

Ақталу – қылмысты емес деп есептелу.

Елгезек – тіл алғыш

Шамалы жер – жақын жер

Біртуар – сирек туатын, ерекше адам

«Топтастыру» стратегиясы.

Мәтіннің 1 - 2 - ші бөлімі бойынша топтау стратегиясы құрылады.

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1894 - жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстауында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер. 1916жылы ұлт азаттық көтеріліске тілектес өлеңдерін жазған. 1918 жылдың 4 маусымында ақтардың көтерілісі болып Ақмола Совдегі тұтқындалған. Атаман Анкенковтың азап вагонында 47 күн ажалмен араласып Сәкен 1919 жылы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шығады. 1939 жылы дүниеден озады. « Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы бар. «Бақыт жолында» пьесасын жазған. 1920 жылы 7 мамырда Ақмолаға қайтып оралып атқару комитеті мүшесі болып сайланады.

Әңгімеде қандай өлең туралы айтылған.

Сергіту сәті.

«Тау ішінде» өлеңін тыңдату.

Мәтін неліктен «Мәңгі жасар өмір» деп атайды.

Суретпен жұмыс:

- Суретті қалай атар едің?

-«Халық жауы» деген жаламен атылып кеткен кімдерді білесің?

- Оларды атқан адамдарға өз көзқарасыңды білдір.

Берілген сурет пен мәтіннің арасында байланыс бар ма? Болса қандай?

- Оларды атқан адамдарға өз көзқарасыңды білдір. Тағы қандай қазақ халқының мақтанышы болған ұлдарымен таныстық?

Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын жазғызу. Тақырыптың аты.

Репрессия - мемлекеттің өз адамдарына қолданылатын қатаң жазалау шарасы.

Ақталу - қылмысты емес деп есептелу.

Елгезек - тіл алғыш.

Шамалы жер - жақын жер.

Біртуар - сирек туатын, ерекше адам.

Поэзия минуты. Шығармашылық жұмыс

Берілген ұйқастармен өлең шығару.

... пірісің,

... сырысың.

... жырысың,

... тірісің.

Рефлексия.

- Балалар, бүгін біз сабақта қандай әңгімемен таныстық?

- Әңгіме сендер ойлағандай аяқталды ма?

- Сендер ертең ержетіп үлкен азамат боласыңдар. Сендер туған  елдеріңе қандай еңбек сіңірер едіңдер? Қандай арман тілектерің бар?

Бағалау.

бағалау парағын толтыру.

Автор туралы не білемін? Мәтінді оқу Бөлімдерді талдау Бөлімдерге ат қою Шығармашылық жұмыс Қорытынды.

Халқымыз көптеген соғыс, ауыр кезеңдерде басынан көп өткізген халық. Олар осы тәуелсіз болу үшін де басынан көптеген ауыртпашылықты өткізуі.

Ел болып өз мерекелерін тойлауда осы аптада 1 – ші президент күні. 16 – желтоқсан.

Тәуелсіздік егеменді ел болуды еңбегі сіңген азаматтарды ұлықтап олардың аттары мәңгі тарихта алтын әріптермен жазылған. Мәңгі тарихта сақтау үшін ескерткіштер ашылуда:   Аштықта қаза тапқан қазақтың зиялы қауым өкілдеріне арналған ескерткіш.

 

 

 

 

 

 

 

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.

 

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика