«Қысқы баспана»
Автор: Өскемен қаласы әкімдігінің «А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Мектепалды даярлық тәрбиешісі: Мухаметолдина Назым Суимхановна
Оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет.
Білім беру саласы: «Қатынас».
Тақырыбы: «Қысқы баспана» ертегі.
Мақсаты:
Білімділік:_ Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік бере отырып, балаларды жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету. Қыстың ерекшіліктерімен қызықтыра білу.
Дамытушылық: Балаларға ертегіні оқып, таныстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік : Бір-біріне қамқор болуға, адалдыққа, шыншылдыққа, ормандағы аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: тақтай.
Көрнекі -құралдар:интерактивті тақта, қалам,суреттер, үнтаспа, маскалар.
Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет, айналаны қоршаған орта, музыка.
Көптілділік: Қыс-зима- winter, үй-дом-house.
Іс-әрекет сатылары Тәрбиешінің басқару әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық оятушылық
Қайырлы күн, балалар!Алтын күн, жер анаға өзінің мейірлі шуағын төгіп, біздің жан дүниемізге жарық сәулесін шашып тұр. Бізде бір-бірімізге жүрек жылуымызды сыйлайықшы.
Қане, балалар бәріміз орнымыздан тұрайық.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көріп қуандым.
Үнтаспадан боран, жел ызғар дыбысын естиді.
-Балалар ненің дыбысы?
-Естігенде өздеріңді қалай сезіндіңдер?
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
-Ертегідегі суреттерді көрсетіп балаларға әңгіме құрату.
-Бүгін біз сендермен «Қысқы баспана» атты ертегімен танысамыз.
-Мен сендерге қазір диктофоннан ертегіні қосам, сендер мұқият тыңдап отырамыз.
-Орманда қандай аңдар өмір сүреді?
-Олар не тұрғызды?
-Олардың үйлеріне нелер келді?
-Қасқырлар неден қорықты?
-Балалар, сендер ормандағы аңдарға үй тұрғызуға көмектестіңдерме? Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Денеміз түршігіп,денемізден суық өткендей болды.
Балалар сурет бойынша әңгіме құрайды.
Әліппе дәптердегі суретке қарап, талдау жасау.
Тыңдайды ертегіні диктофоннан.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Ұйымдастырушылық ізденушілік
-Онда әр түрлі тапсырмалар беріледі, орындаған сайын үйді құрастыры аламыз!
-1 тапсырма.Жұмбақ.
1.-Еріксе, құйрығымен ойнайды,
-Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды.
2.-Қызыл бұжыр айдары бар,
-Қоқиланған айбары бар.
2-тапсырма.
Сергіту сәті: «Қар биі»
Балалар, біз үлкен жұмыс жасадық. Енді өлең арқылы демалып, сергіту сәтін жасайық.
Жаттығудың түрлері: (Музыкамен)
1.Басқа малақай киеміз.
2.Қолымызға қолғап киіп.
3.Аққала жасап, бірге ойнаймыз.
4. Бір-бірімізге ұлпа қарды атып.
5. Бетіміз тонды, жылытайық.
3-тапсырма.Дидактикалық ойын: «Қай жануардың дауысы?».
Шарты:Үнтаспадан жануарлардың дауысы шығады, балалар табу. Олардың қалай дыбыстайтынын айтады.
4-тапсырма.Ойын: Қыс мезгілінде киілетін киімдерді реттеу.
5-тапсырма.Көрініс «Қысқы баспана» ертегісін қою.
Жұмбақтың жауабын айтады. (Мысық, әтеш)
Қимыл –қозғалыспен көрсетеді, өлең жолдарын бірге айтып.
Жауаптары тыңдалады.
Қаламсаппен апару қыс мезгілінде киетін киімдерді реттеп.
Балалар рөлдерге бөлініп ойнайды.
Рефелексивтік түзету
-Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнадыма?
-Қай жері көп ұнады сабақтың?
-Кім сабаққа жақсы қатысты деп ойлайсыңдар?
-«Береке түбі - бірлікте» мақал-мәтел бекер айтылмаған.
-Сендерге жануарлар өз рахметтерін айтып, сыйлық беріп жіберіпті.
-Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
1.Білу керек: Балалар рөлдерге бөлініп ойнауды.
2.Игереді:Ормандағы аңдардың баспанасын.
3. Меңгереді:Жануарларға қамқор болуды.
Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.