Таза болса табиғат, аман болар адамзат!
Автор: Ахметова Шынар Айтмұқашевна, Өскемен қаласы әкімдігінің «А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Таза болса табиғат, аман болар адамзат!
Сабақтың білімділік мақсаты:
Адамзаттың өмір сүретін ортасымен таныстыру және оны қастерлей білуге үйрету;
Әлемдік тіршіліктің төрт құдіреті: «Жер ана», «Күн ана», «су» мен «ауа» туралы ойларын тереңдету;
Оқушыларды зиянды әрекеттерден сақтандыра отырып, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: табиғатқа байланысты айтылған нақыл сөздердің, мақал-мәтелдердің мағынасын кең көлемде түсіндіру, анықтау;
Оқушылардың табиғат пен экологияның жағдайы күнделікті әр адамның өміріне, денсаулығына тигізетін әсері, пайдасы немесе зияны туралы ойларын кеңейту, дамыту;
«Экология – қоршаған орта мен тірі табиғат арасындағы байланысты зерттейтін ғылым» түсінігін, яғни экологиялық сананы қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Оқушыларды туған жерінің өлкесінің, ауылының табиғатын сүюге, аялауға тәрбиелеу;
Салауатты өмір салтына сай қағидаларын енгізе отырып ақыл-ойы дұрыс қалыптасқан елін, жерін сүйетін, табиғатын қорғайтын, болашақтың тірегі болатын, дені сау, жан-жақты дамыған адамзат тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Табиғат көріністері бар суреттер, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
Бірінші жүргізуші:
Бүкіл әлемдік тіршіліктің төрт құдіретті негізі бар. Олар қайсылары екенін білеміз бе?
Оқушылар: жер ана, күн ана, ауа мен су.
Екінші жүгізуші: Адамзат жерді анадай ардақтайды. Күн - барлық тіршіліктің құдіретті тірегі. Су - өмір тірегі болып тұрған құдірет. Ауа - өмір тынысы. Кез-келген адам үлкені де, жасы да өзі өсіп өнетін ортасын, қоршаған табиғатты бағалай білуге міндетті.
Бірінші жүргізуші: Табиғатты қорғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, бүліну, ластану сақтау және қорғауды жүзеге асыру.
Табиғат ана құшағын аялайық,
Қорғау үшін күш- жігер аямайық.
Ол болмаса сен жоқсың осыны ұқ,
Адамзат! Табиғатты аялайық.
Екінші жүргізуші:
Табиғат, жанымды алсаң, алшы мені,
Бір түйір жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, қалсын елім.
Бірінші жүгізуші:
Безендіріп, жер жүзін тәңірім шебер,
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.
Адамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіне аспан төнер.
Екінші жүргізуші:
Иә, адам – табиғат перзінті. Дүниеде екі ана бар, бірі тіршіліктің анасы – табиғат ана, екіншісі - адамның анасы. Екеуіде мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды. Бірақ біз адамдар, солай етіп жүрміз бе?
Бірінші жүгізуші: Әрине табиғатты біз адамзат өз қолымызбен аяусыз бүлдірудеміз, бүгінгі біздің дәуіріміз, жасап отырған қоғамымыз, күн сайын дамып келеді. Көптеген зауыттар, машиналар, күнделікті жұмысымыздағы қажеттіліктер барлығыда біздің өз қажеттілігіміз үшін істелініп жатыр. Осының барлығы табиғаттың, жаратылыстың құшағына аяусыз қол сұғуға апарып соғады.
Көрнекіліктермен жұмыс. Табиғаттың ластануы, адамдардың қолымен жасалған заттармен табиғаттың ластануы туралы көрсету және табиғатты қалай сақтауға болатыны туралы мағұлмат беру.
Екінші жүргізуші: Ендеше балалар табиғат туралы мақал-мәтелдер, тақпақтар білесіңдер?
Бірінші оқушы:
Жұпар ауа дертке дауа.
Сулы жер – нулы жер.
Екінші оқушы:
Көкті жұлма, көктей соларсың.
Туған жердің топырағы ыстық.
Үшінші оқушы:
Табиғат – әсемдік көркісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын.
Төртінші оқушы:
Кеше де, бүгін де, ертең де,
Табиғаттың қорғаушысы, тірегі де, көзі де,
Бір өзіңсің – адамдар,
Болсың мәңгі есіңде.
Бесінші оқушы:
Ұлы бұлт торламасын көгімізді,
Сақтайық өзен, тоғай, көлімізді.
Бөлейік жасыл – желек ну егіске,
Сан ұлтқа сая мекен жерімізді.
Алтыншы оқушы: жұмбақтар.
1. Өлшеусіз піштім,
Жіпсіз тіктім. ( Жер )
2. Көлдің көркі сәні екен,
Ұшқанда сазды әні екен. ( Аққу )
Бірінші жүргізуші: Балалар қақаған қыс күндері өтіп, жанға жайлы көктем күндері де бізге таяп қалды. Наурыз айы бізде көктем айы болып саналады, яғни күн жылып, қар еріп, әлемдегі тіршілік иелері жанданып, ұйқыдағылары ұйқыдан оянып, құстар келе бастайды. Әрине бұның барлығы табиғат заңдылықтары. Ендеше балалар сол көктемде табиғатты қорғауға, ортамыздың көркем де сәнді болу үшін сендер табиғат анаға қандай көмек көрсете аласыңдар?
Оқушылар: Айналадағы қоқыстарды тазалау, ағаш отырғызу, гүл егу, құстарға ұя жасау т.б.
Екінші жүргізуші:
Жеріңнің сақта көркін – аң мен құсын,
Халқымның қорғағандай ар-намысын.
Жазғырып болашақта ұрпақтарың,
Жер шұқып, сүйек санап қалмау үшін.
Қорытындылау.
Бірінші жүргізуші:
«Табиғатты қорғау басты борышым» - деп Қазақстан Республикасының ата заңында да белгіленген. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматы табиғатты сақтауға, табиғат байлықтарына ұқыптап қарауға, туған жерін, елін, көркем де құдіретті етіп, әрбір уыс топырағы мен бір тал шөбін қорғауға міндетті.
Екінші жүргізуші:
Рухы мықты азаматтар дүниеге келсін десең, ауамыз ластанбай, көліміз тартылмай, суымыз ластанбасын десек, ең әуелі айналамыздағы кішігірім істерден бастап, әрбіреуіміз тазалыққа көңіл бөліп, әрбар қоғам мүлкін аялап, табиғатты қорғауымыз керек.