Бес санының таңбасымен сан құрамы.

Автор: Өскемен қаласы. №14 негізгі орта мектебі. Мектепалды даярлық сыныбы.

Тәрбиеші-Алимова С.А.

Қарапайым математикалық ұғымдарды түсіндіру

Сабақ тақырыбы: Бес санының таңбасымен сан құрамы.

Программалық мақсаты: 1.Балаларды бес санының таңбасымен және құрамымен таныстыру.

2. Сандардың  оң жақ, сол жақ, көршілерін тауып тұра және кері санау, 5-ке дейін ауызша есеп  санауға ойындар арқылы ойлау қаблеттерін дамыту.

3.Санамақтармен тақпақтар, ойындар арқылы байланыстырып сөйлеуге, сөз қорларын байыта, тілдерін дамытып,  логика есте сақтау қаблеттерін қалыптастыру.

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, ертегі кейіпкерлердің суреттері, ойыншықтар, асықтар, кеспе сандар,түрлі түсті қарандаштар,1-5 сандарының таңбасы

ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ  Біз көнілді баламыз, Біз мектепке барамыз

сабақ оқып, ән салып шаттанып біз қайтамыз.

Сабақ барысы:- Балалар Ботақанмен қонақтарымызбен амандасайық, Сәлеметсіздерме!

-Біз әдепті, тәрбиелі, сауатты болуға  қайда үйренеміз?

-мектепте үйренеміз.

-мектеп сендерге ұнай ма?- ұнайды,

-Несімен ұнайды?-Біз мектепте сурет саламыз, ән айтамыз, би билейміз, тақпақ, санамақ үйренеміз, ойын ойнап, серуендейміз.

-Олай болса балалар бүгін Ботақан бізді «Ертегі әлеміне» саяхатқа шақырады

бармас бұрын ботақан бізге сұрақ қоям деп тур жауап береміз бе? - иә

Біз қай елде турамыз –Біз Қазақстан елінде турамыз.

Отан, елтаңба туралы тақпақ білесіндер ме?- балалар тақпақ мәнерлеп оқиды.

Ал Ботақан жауаптарға разысын ба? Иә балалар кеттік, поезды құрайық  Поездан түсіп орындарына отырады.

Балалар біз қай ертегіге түстік?- «Бауырсақ» ертегісіне

Бауырсақ- балалар мен ападан қаштым атадан қаштым енді орманда аңдарды кезіксем сендер көмектесесіндерме - Иә көмектесеміз.  Онда жол баста . Орманда бірінші қоян кездесті - Бауырсақ мен сені жеймін деді. Сен мені жемеші  деп еді онда шартымды орында орындасан жіберемін 1-ден 5 дейін тура және кері сана. балалар көмектесіп санап береді

Ботақан Бауырсаққа көмек берген үшін қоржынынан сыйлық таратады-  жұлдызшалар.  Келесі орманда  бауырсаққа қасқыр кездесіп жоғалған сандарды тап теп сұрайды. Балаларға жүгінеді (1*3*5) (*2*4*) - жауаптар тыңдалып бота сыйлықтар таратады –жалаушалар. Үшінші бауырсаққа кездескен аюда шарт қояды маған  төртен  кейінгі санының таңбасын үйрет дейді. Балалар  мен ботақан көмектесіп аюдан кұтылу жолдарын қарастырады. Ботақаннын қоржынынан тапсырмалар орындап- ертегі кейіпкерлер қанша, асықтарды санап, гүлдердін санын тапқаннан кейін бірлесе  екі саннын таңбасын бағытнамамен тығылған жерден тауып алады. Неге ұқсайды – қаз,үйрек, аққу мойнына. Ауада карандашпен жазу. Әліппе – дәптермен жұмыс - екі санын жазып, түр түске бояу.

Ботақан балаларды мадақтайды. Балалар бауырсаққа көмектесем деп әбден шаршадым жүріндер билеп денемізді сергітейік

Сергітү сәті: -оң қолымда бес саусақ, сол қолымда бес саусақ

Қоссам болады он саусақ

Оң аяқта бес башпай ,сол аяқта бес башпай

Коссам болады он башпай

Ал санайық санамақ,

Саусақтарға қарап ақ,

Кәне кәне санайық,

Саның біліп алайық,

1.2.3.4.5.

Қолымда саусағым нешеу?

Мынау, мынау бас бармақ,

Санамақ содан басталмақ

Мүйіз қалпақ басында

Төрт серігі қасында.

Бауырсақ енді орманда түлкіні кездестіріп қалды  түлкіден қалай құтыламын  бұл мені жейді ғой деп еді түлкі де оған шарт қойды  сандардын көршісін тапсан жіберем дегені, құанғаннан бауырсақ балалардан тағы көмек сұрады. (1*3*5) (*2*4*) балалар-2,4-1,3,5.

Балалар бүгін сабақта  кімге көмек бердік –Ботақанмен. Бауырсаққа. Есепке байланысты біз нені үйрендік, нені білдік,  несімен ұнады?  - ертегі еліне бардық, бауырсаққа аңдардың шартарын орындап көмек бердік, т.б

Ботақан -Жарайсындар балалар, бауырсақта сендерге разы рахмет айтады. сендерге естелік ретінде сыйлық  береді.  –Рахмет, сау болындар балалар.

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.
  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика