«Математика еліне саяхат»
Авторы: Өскемен қаласы әкімдігінің №18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайы, Джансеитова Құралай Ракымбаевна
Фотоотчет
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 03. 10. 2016ж
Білім беру саласы: Таным
Білім көзі: Қарапайым математика
Тақырыбы: «Математика еліне саяхат»
Мақсаты:
Білімділігі: 5 көлеміндегі санды есептеу дағдысын дамыту,сандарды тура және кері санауға үйрету. Сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.
Дамытушылық: геометрялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Логикалық ойларын дамыту.
Тәрбиелік: балалардың білімге деген құштарлығын арттыру.
Әдіс-тәсілдер: шаттық шеңбер, сұрақ –жауап, көрсету, түсіндіру, дамытушы ойындар, санамақ, сергіту жаттығулары, тақпақ айту.
Көрнекіліктер: геометрялық пішіндер, үйшік.
Қостілдік компонент: один-бір, два-екі, три-үш, четыре-төрт, пять-бес.
Әрекет кезеңдері:
Ұйымдастырушылық-оятушылық
Балалар, бүгінгі сабағымызға келіп отырған қонақтарға сәлемдесейік.
Балалар, шеңберге тұрып бір бірімен, апайлармен амандасады.
Жылулық щеңбері:
Қайырлы таң, көк аспан,
Қайырлы таң, алтын күн.
Қайырлы таң, жер-ана,
Қайырлы таң, достарым,
Сәлеметсіз бе апайлар.
Мен сендерге «бүгінгі күндерін сәтті болсын » деймін.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай: желтоқсан, қаңтар, ақпан
- Бір аптада неше күн бар?
- Бір аптада жеті күн бар.
- Атап берші?
- Апта деген ағайдың жеті бірдей ұлы бар.
Біріншісі – дүйсенбі
Екіншісі – сейсенбі
Үшіншісі – сәрсенбі
Төртіншісі - бейсенбі
Бесіншісі – жұма
Алтыншысы – сенбі
Жетіншісі - жексенбі
Балалар, бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу іс-әрекеті 1-ден 5-ке дейінгі сандарды қайталап, пішіндермен танысамыз.
Мен сендерге жұмбақ жасырайын, мұқият тыңдаңдар.
Туысқан бес кісі.
Бірінен-бірі кіші,
Бәрінің аты бір.
Ең кішісі шеткісі. (бес саусақ)
Сандарға арналған санамақ кім біледі?
Бас-бармақ әкем,
Балан үйрек –шешем
Ортан терек-ағам
Шылдыр шүмек-әпкем
Кәшкентай бөбек –мен
Бір үйде біз нешеуміз
Бір үйде біз бесеуміз
- Жазық дала емес, кіші емес бір үйшік тұрады. Сол жазық дала бойымен 1 сан келе жатады, үйшікті көреді де есікті қағады.
1саны: ешкім дыбыс бермегеннен соң ішке кіреді. «Осында мен тұрайын» деп отырады.
2 саны: жазық далада тұрған үйшікке жақын келіп,есікті қағады.
Бала 2 саны –Кім бар?
1 саны: мен бір саны, өте нәзік жіңішкемін.
Бір дегеніміз- бала,
Санды дұрыс сана.
Сенің қанша атаң бар?
Сенің қанша апаң бар?
Ал сен кімсің?
2 саны: мен екі санымын, қызыға сен қарағын.
Екі дегенім-ешкі,
Таудан келер кешкі.
Лағы оңың қанша?
Ізде келмей қалса.
Мен сенімен тұрайыншы?
1 саны: менің тапсырмамды орындасаң, бірге тұрамыз.
Мен тұрған үйшіктің төбесі неше бұрыштан жасалған?
2 саны: Үш бұрыштан, -деп жауап береді де ішке кіреді.
- 3-саны-келе жатып, жазық далада тұрған үйшікке келіп, есікті қағады.
Бала – Кім бар?
3 саны: Мен үш санымын құралған екі ілмектен.
Үш дегенім-үйім,
Үйде жақсы күйің.
Бақшадан да қалма,
Тап-таза болып киін.
Мен сендермен бірге тұрайыншы?
2 саны: біздің тапсырмамызды орындасаң бірге тұрамыз. Біз тұған үйшіктің қабырғалары неше бұрыш?
3 саны: төрт бұрыштан.
Кім бар?
Мен- бір санымын өте нәзік, жіңішке.
Мен - екі санымын қызыға сен қараған.
Мен –үш санымын құралған екі ілмектен.
Ал сен кімсің?
4-саны -келе жатып жазық далада тұрған үйшікке жақын келіп, есікті қағады.
4 саны: Кім бар?
Мен төрт санымын, иілген үшкір шығанғым.
Төрт дегенім-түлік
Жүргін мұны біліп.
Жылқы сиыр, түйе, қой,
Сана мұны түйіп қой.
Мен сендермен тұрайыншы?
3 саны: Біздің тапсырмамызды орындасаң бізбен бірге тұрасың. Біз тұрған үйшіктің терезесі қандай пішіннен жасалған?
4 саны айналып тұрып, төрт бурыш.
5 саны : Келе жатып жазық далада тұрған үйшікті көріп, жақын келіп есікті қағады.
Кім бар?
Мен- бір санымын өте нәзік, жіңішке.
Мен - екі санымын қызыға сен қараған.
Мен –үш санымын құралған екі ілмектен.
Мен –төрт санымын, иілген үшкір шығанағым.
Ал сен кімсін?
Мен 5 санымын шаршап келем зорығып.
Мен сендермен тұрайыншы?
4 саны: Біздің тапсырмамызды орындасаң бізбен бірге тұрасың. Біз тұрған үйшіктің тұтқасы қандай пішін?
5 саны: Үйшіктің тұтқасы сопақша.
- Сөйтіп сандар бірге тұрады екен.
Балалар сандарды санайықшы.
1ден-5 дейін тура және кері санау. Ойын «қандай сан жоқ?»
Сергіту сәті:
1 дегенде тұрайық
2,3,4- алақанды соғайық.
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір жүгіріп алайық,
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.
Тапсырма: Д/о «сандарды тура және кері сана»
Сандарды орысша және ағылшынша санау.
- Балалар, есікті біреу қағып жатқан сияқты, ол кім екен?
Қасқыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Менің атым Қасқыр. Мен көмек сұрап келдім. Маған апайым тапсырма берді. Сендер көмектесесіңдер ме?
- Көмектесеміз.
Қасқыр: Ендеше тапсырмамды оқиын.
Логикалық жұмбақтар
- Жапалақта қанша көз бар?
- Бүркіттің қанаты нешеу?
- Қазда қанша аяқ бар?
- Қолда қанша саусақ бар?
- Мына пішінде қалай аталады. Қанша бұрыштар бар? түстері қандай?
№7 Фребель сыйын қолдана отырып, балалар пішіндерден үйшік құрастырады.
Пішіндер –төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, сопақша.
Балалар мына теректе не торғай бар екенің санап көрейік
Рефлексивтік-түзетушілік
Бүгін саяхат сендерге ұнадыма? Қандай тапсырманы орындағанда қиналдыңдар? Неге? Сабақта сендерді не қызықтырды? Қонаққа қандай сандар келді?
Күтілетін нәтиже;
Білу керек :1-5 дейін тұра және кері санай білу
Болу керек: Геометриялық пішіндерді ажырату, және олардың түстерін.
Үйрену керек: Геометриялық пішіндерден үй құрастырып жапсыру.
Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи