«Ел қорғауға әзірміз»
Авторы: «№14 негізгі орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Алимова Салтанат Айдарбековна
7-Мамыр –Отан қорғаушылар күні туралы білім беру, «Жеңіс күні» мерекесінің маңыздылығын түсіндіру.
Есте сақтау түсіну, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту
Аға ұрпақтың өсиетіне адал болуға, үлкендерді құрметтеуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Безендірілген залға Н.Тлендиевтің «Өз елім» әуенімен балалар кіреді.
Жүргізүші
Сіздерді бүгінгі мерейлі мереке –Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қарулы Күштеріміздің қуаты нығайып, айбыны асқақтап, даңқы арта берсін! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
ҚАЗАҚСТАН ГИМНЫ
Жүргізуші
Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Өзін ер-азаматпын деп санайтын кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы. Біздің елімізде Отан қорғаушы күні 7 мамырда арнайы аталып өтеді.
Мансур С
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімнің жерімнің
Досымжан
Ұланымын туын көкке көтерген,
Ертеңімен Егеменді елімнің.
Менің елім - Қазақстан Отаным!
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.
Аружан О
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел.
Ата берсін, абыройың, атағың:
Алтынай
Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орманы, тауы, өзені көлі бар, ӘН
Жасұлан
Қазағымның жерін, елін қорғайтын.
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
« Біз өмірдің гүліміз»
Амир
Әйнегі-күн, шатыры-аспан,
кең дала...
Төсі толған егін.
Көлдері күміс шашқан,
Қазақстан- республикам менің!
Нуржан
Отаны бар,елі бар жан аманда
Бақытты ғой мына байтақ ғаламда
Нурай
Отан деген оттан ыстық жалғыз сөз.
Жалын берген маған-дағы, саған да.
Бекзат
Отан деген-атамекен.
Отан деген туған жер.
Отан-ана,
Отан-үлкен
Қазақстан туған ел.
Қүндыз
Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз.
Өйткені, оны мекен еткен
Бабамыз мен атамыз.
Ән «Бала бақша бағында»
Інкәр
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз , еріміз.
Зарина
Қазағым менің ұлы елім,
Ғаламның ашқан түнегін.
Кәусар
Жас ұландар, жас қырандар,
Сен деп соққан жүрегіміз
Аделя
Еркін елдің түлегіміз.
Көркейе бер, гүл еліміз!
Диляра
Мен сенің бастау бұлағың,
Өзіңе шашу бұл әнім.
ЖУРГІЗУШІ
Сап түзеп шықты нық басып,
Қырандай берік ұланың.
ӘН-«СОЛДАТ БОЛАМ МЕН ЕРТЕН»-балалар орындаунда
Айбын
Елтаңбасы елімнің
неткен әйбәт,әдемі
Тұнығындай көгілдір
ортада аспан әлемі.
Ақерке
Құт,береке-шаңырақ,
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкөрген
Мансур Т
Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
Наз
Отанды жас, кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені,онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
Айзере
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді, бағалап
Өйткені,
Отан баласындай
Бізді өсірер аялап.
Бәрі- Мен кішкентай балғын жас
Алтын таңмен аралас.
мектепке қадам басамын,
Оқуда алда, істе алда.
Елді,Отанды қорғайтын
Батыр Ұлан мен болам!
Ән «Мен талапты баламын»
Фатих
Алтай – Жайық арасы –
Жарты әлемдей даласы,
Ол-біздің Қазақстан.
Дильназ Н
Кенге толы қойнауы,
Төлге толы жайлауы,
Ол-біздің Қазақстан.
Мансур М
Жастан сүйіп аңсаған,
Тәтті күй мен кәусәр ән
Ол-біздің Қазақстан.
Аружан Б
Анамыздай тілеуі ақ.
Отан бізде біреу-ақ.
Ол-біздің Қазақстан.
Рамина
Отан-жерім,
Отан-суым
Отан-қуат,нәр береді.
Диана
Отан-ұран,
Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
«Достар» әні
Менің атам- майдангер
Отан үшін от кешкен,
Омырауын оқ тескен,
Менің атам- майдангер.
СЛАЙД «ОЛАР ОРАЛҒАН ЖОҚ» Ұлы отан соғысының батырларын еске алу
Би-« Жас сарбаздар»
«Еліннің ұлы болсаң, еліне жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеуі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»
Бәрі
Сен маған жұмақ бағысың,!
Бар әлем сені танысын
Ант берем мәңгі қорғауға,
Ант берем! Ант берем!
ӘН-«ӘР ҚАНАН КҮН СӨНБЕСІН»-балалар орындауында
Біз- балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз- бейбіт күн,
Ашық болсын кең аспан!
Жүргізүші-
Райымбектің батырлығын, Қабанбайдың батылдығын, Қарасайдың өткірлігін, тілеймін.
Еңбектеріңіз жемісті болсын! Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.
Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи